Си?ырлы музыка аспаптары Саба?ты? та?ырыбы: Си?ырлы музыка аспаптар Саба?ты? ма?саты: Білімділік:О?ушыларды? ?н-?уенге ?ызы?ушылы?ын арттыру.?лтты? музыканы с?юге,?йренуге,ты?дай білуге баулу. Дамытушылы?:Шы?армашылы?ын да


Сиқырлы музыка аспаптары
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы музыка аспаптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың ән-әуенге қызығушылығын арттыру.Ұлттық музыканы сүюге,үйренуге,тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық:Шығармашылығын дамыту.Музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Аспаптық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Әсемдікке,әдемілікке,ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,түсіндірмелі иллюстративті.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,баян,үнтаспа,жетіген аспабының суреті.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушының ынтасын сабаққа бейімдеу.Оқу құралдарын түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.
Үнтаспада халық күйі «Келіншек»орындалып тұрады/
1.Қандай күй?
2.Қандай аспапта орындалып тұр?
3.Домбыра аспабының құрлысы қандай? 4.Құрлысы жағынан домбыраның неше түрі бар ?
Жаңа сабақ: «Жетіген»аспабы
Асықтары шашылады бетіне,
Түзетеміз асықтарды шетінен.
Білсең егер айта қойшы ,балақай,
Бұл қай аспап?
Бұл-әрине,жетіген.

Жетіген аспабының құрлысы:
Жетіген –жеті шекті көне аспап.Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады.
Беті жұқа тақшайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады.
Көне түрінде жеті ішегі болған және оларға тиек ретінде жеті асық тағылған.
Ішектері аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар
қойылған.Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны
25 –тен асады.
Жетіген аспабы туралы аңыз:
Енді осы жетіген аспабының шығуы жайлы аңыз әңгіме тыңдайық.
Баяғы заманда бір қарияның 7- і ұлы болған екен.Ел ішінде бір жылдары
ашаршылық болып қарияның жеті ұлы қайтыс болады.Қария әр баласы қайтыс
болған кезде кепкен ағаштан ойып аспап жасап,7- ішек, 7-і асық тағып жеті
баласына арнап күй шығарған.Бұл күйінің атын “Жетігеннің жетеуі “деп атаған.
Бізге “жетіген”деген атау осылай жеткен .
Халық күйі-«Алқоңыр»жетіген аспабында тыңдау.
Сергіту сәті: «Қандай аспап?»
Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай аспап тембрі
Ажыратып алайық.
Кел,ойнайық!
Е Е І Ж Н Т Г
6 2 4 1 7 3 5-әр әріптің астына жазылған сандарды ретімен қойса,шертпелі аспаптың аты шығады.Жауабы: Жетіген
Қорытындылау:1.Жетіген аспабы неден жасалған?
2.Жетігеннің көне түрінде неше асық тағылған?
3.Жетіген аспабында қандай күй тыңдадық?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру:тақырыпты оқып ,жетіген аспабының суретін салу.