Баяндама «Бастауыш сыныптарда бейнелеу ?нері мен е?бекке баулу п?нін о?ытуда?ы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
№83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері мен еңбекке баулу пәнін оқытудағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Орындаған: Бейнелеу өнері,
еңбекке баулу, технология
пән мұғалімі: Жамалбекова Ф.
Қарасу 2015
Жоспары
І. Кіріспе
1. Еңбек тәрбиесінің адам өміріндегі алатын орны
ІІ. Негізгі бөлімі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда әртүрлі материалдардың рөлі мен орны
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе:
1. Еңбек тәрбиесі дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.Еңбек- тәрбиесінін мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек…
Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды. Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына әкеледі. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.
Бірінші—адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы—ол баланың өзін-өзі қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Сабақ мақсаты:А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру. Сабақ мақсаты:А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу
Сабақтағы іс-әрекет түріА) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау. Сабақтағы іс-әрекет түріА) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда әртүрлі материалдардың рөлі мен орны
Балаларға қолжетімді материалдармен (тұрған аймағына байланысты) жұмыс істеудің жаңа тәсілдері ұсынылады: ағаш қабығы, кепкен өсімдіктер, ағаш жапырақтары мен бұтақтары, дәнді дақылдар. Материалдарды дайындауға байланысты тақырыптар жыл мезгіліне тікелей байланысты. Ұсынылған жұмыстар шығармашылық ізденісті, қиялды дамыту негізінде өз бетінше орындалады. Әр жаңа тақырып сайын материал күрделене түседі.
Қағаз бен қатырма қағаздан көптеген бейнелерді жасау арқылы белсенді шығармашалақ процеске айналады. Балалардың бірнеше рет бүктелген қағаздан бейнелер қию, симметриялық қию, қалып үлгі бойынша белгілеу, көшірме қағаз арқылы белгілеу, көзбен белгілеу, сызба құрал-жабдықтары арқылы белгілеудің артықшылықтарына көздері жетіп, олар зерттеушіге айналады.
Шығармашылық қиялын бағалау
3-деңгей - оқушы оқулықтағыға ұқсамайтын өз суретін ойлап табуы.
2-деңгей – оқушы оқулықтағы суретті пайдаланып, оған өзгерістер енгізуі.
1-деңгей – бала оқулықтағы суретті толығымен қайталауы.
Қол шеберлігін бағалау
3-деңгей – жұмыс сапасы жоғары мұқият орындалған.
2-деңгей – жұмыста аздаған қателіктер бар
1-деңгей – жұмыс сапасы төмен.
Қорытынды:
Бастауыш сынып оқушылар арасында еңбекке баулу ,бейнелеу өнері пәнінен,былтыр ауданда өткен «Жасыл әлем- балалар көзімен»атты байқауға 3 «В» сынып оқушысы Андасбек Қасиетті қатыстырып «Табиғат кереметі» номинациясы бойынша I орын алып,облыстан II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Жұмахан «Қолөнер материалын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері» Алматы, 2008ж, 16-18бет
Т.Оралбекова «Еңбекке баулу. Оқыту әдістемесі» Алматы, Атамұра, 2010, 150-157 бет
Ф.Әбиева «Мектептегі технология» журналы, №8,9,11 2011ж, №2 2012ж, Алматы
www.google.kz сайты