«О?ушыларды ?з елін, жерін с?юге, адамгершілікке т?рбиелеудегі ізденістерім.»
Атырау қаласы,Дамбы селосы
Амангелді атындағы орта мектебі
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ескалиева Бахытжамал Бактияровна
Баяндама Тақырыбы
«Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеудегі ізденістерім.»
Республика білім және ғылым қызмететрінің II съезінде Елбасы
Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелердішешудің төте жолдарын ұсынып тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды.
Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең
алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби біліммен шеберлігімен қатар, жастарға
өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет салаларымен көрінуі керек.
Әрбір мектептің болашағы мектебінде шыңдалады Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен айқындалуда.Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын әдістер алынған. Атап айтатын болсақ, оларға: байқау, әңгімелесу, сұрақ – жауап, тест жүргізу, анкета алу, т.б. әдістер жатады.
Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын
проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуына
байланысты.Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы
мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне назар аударуда.
Әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа
әлеуметтік, мәдени жағдайына орай адамгершілік тәрбиенің мақсатына,
мазмұнына, түрлеріне, әдіс – тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыппен
қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи философиялық
педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн. Халық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты
біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын жалпы азаматтық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқыныңмәдениетін, әдебиетін, тілін, салт – дәстүрін, тарихын өнерін сүю арқылыбасқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт – дәстүріне құрметпенқарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастырылуы тиіc
Отан – адамның түп – түқияны, ата – бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп- өніпкеле жатқан жері.Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегіең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды.Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайды.
Туған жердей жат жердің болмайтыны ақиқат
Оған көңілің ешқашан толмайтыны ақиқат.
Алтын төрде алтын құс өсірсең де бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат –деп
әзірбайжан ақыны Физулли жырлағандай оқушылардың бойынан Отанға, туған жерге, атамекенге дегенсүйіспеншіліктерін
кеңейте түсуді өзіме үлкен мақсат деп санаймын.
Адамгершілік тәрбесіне қарапайымдылыққа тәрбиелеу жатады. Балаларды жөнсіз көп артық мақтау, артық бағалау зиянды ықпал етеді.
Бұл кейде мақтаншақтық ,өркөкірек, жалқаулыққа әкеп тірейді,әсіресе қабілетті балалардың іс-әрекетін әділ мақтай отырып, оларға талаппен тапсырманы күшейте түскен жөн. Адамгешілік тәрбиесінің мазмұнына баланың мінез-құлқын тәрбиелеу жатады.
Осы айтылғандардың нәтижесі ретінде өзімнің өткізген тәрбие сағаттарыма тоқталамын.
1.Әдептілік тәрбие бастауы атты тәрбиелік сағатымды өткіздім.
1-ші оқушылардан адамгершілік туралы сұрақ- жауап яғни коммуникативтік әдіс арқылы 5 сұраққа жауап алдым.
Одан кейін оқушылар осы бағыттағы өлеңмен нақыл сөздермен көркем сөз оқытып, әрбір нақылдың, өлеңнің мәнін аштым.
Нәтижесінде: 1. Не істеуге болмайды? Рубрикасына оқушыларға 6 түрлі пікір айтқызып, көрнекілік ст-ясы арқылы көз алдарына жауап қойдым.
2. Не істеу керек бойынша мынандай пікірлер айтты.
Қорытынды: Адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді Венн диаг-сы арқылы оқушылардың өзіне шығарттым.
Нәтижесінде балалар 7 жақсылық пен төрт жамандықты өздері айтты, сөйлеу тілі дамыды, 7 жақсыны бойға сіңірді 4жаманан безінді.
Адам болам десеңіз тәрбие сағатында 170ж Абайдың даналығын аша отырып, Абайдың Ғылым таппай мақтанба тәрбие сағатының сценариін құрып оқушыларға Абайдың 5 асылын бойға сіңіріп, 5жаманнан жиренуді ұғындырдым.
Нәтижесінде:Оқушылардың мәнерлі сөйлеуі оқуы дамыды: өсек, өтірік, мақтаншақтық қанағатсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болып , ерінбей білім жолында еңбектенуді үйренді. М ,Ө , деген нашар оқушыларым еңбектеніп екпінді қатарына қосылды.
Ал патриотттық тәрбие беру, туған елін жерін сүюге тәрбиелеуде Өз Отаным-туған жерің тәрбие сағатын өткіздім.
Алдымен өткізбес бұрын Сарайшық мұражайына,саяхат жасадық .Сол әсерлерімен төмендегідей тәрбие сағатын өткіздім .
Нәтижесінде :Оқушылар туған жердің тарихымен танысып ,мол әсер алды .Ол әсерін шағын шығарма мақалаларында .өлең шумақтарында өрнектеді.Мысалы: С деген оқушым: баласын,қаласын,аласың деген ұйқас берілгенде Отан-Ана аялаған анасын
Көргенімде үлкен ойға қаласың
Араласаң туған жерді әрдайым
Мұражайдан мол өнеге аласың
Деп өлең шумағын құрса,Ғ.Т деген оқушым төмендегі шығарма мақалаларын жазды. Яғни,оқушылардық шығармашылығы артты, эстетикалық патриоттық тәрбие алды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.З.Қабдолов. «Атырау энциклопедиясы» Атамұра -2000ж
2.Ү.Асылов. Ж.Нұсқабайұлы «Әдеп инабаттылық дәрістері.»
2Е.Өтеуіліұлы .М.Тубская «Әдептілік әдемілік.» Алматы -2003ж
4.М.Бердімұратов. «Хан ордалы Сарайшық мұражай қорығы»
5.Дауыс пен көрініс (оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау)2002ж