Та?ырыбы: 9-мамыр Же?іс к?ні! Ма?саты:Жас ?рпа?ты елін,жерін,Отанын с?юге баулу. К?рнекіліктер:?лы Отан со?ысы туралы кітаптар,батырлар суреттер. ?н: ?н?ран. Шатты? ше?бері. ?уан,шаттан ала?ай, ?уанатын к?н келді. К?лі
Тақырыбы: 9-мамыр Жеңіс күні!
Мақсаты:Жас ұрпақты елін,жерін,Отанын сүюге баулу.
Көрнекіліктер:Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,батырлар суреттер.
Ән: Әнұран.
Шаттық шеңбері.
Қуан,шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы күн,балалар!
Тәрбиеші:Жер жүзіне нұр шашып, Жеңіс күні 9-мамыр бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе,бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп,Отан үшін от кешіп,соғыстың қаңға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен,ҰЛЫ Отан соғысының ардагерлер үшін ерекше мейрам.
1941жылы 22маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын –қыстау кезеңге душар болды.Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Ұлы Отан соғысы басталды.Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп ,батырлықпен қаза тапты.Бауыржан Момышұлы екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері,халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
71 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
71жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 71 рет,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары,
Талай құс сонан бері қайта оралды,
Соғыстан қаза болғандар тек оралмады.
Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігімен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп,1минут үнсіз тұрып еске алайық.Енді гүл шоқтарын қоюға рұқсат етіңіздер.
Балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.
1.Асанәлі.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гул жүрсін.
2.Жібек.
Жеңілмейді астана,
Берілуге болмайды.
Артымызда Масква,
Шегінуге болмайды.
3.Имран.
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
4.Арафат.
Жеңіс келді, ән болып,
Келді ауылға,сән көрік.
Жеңіс келді алақай,
Тоя жейтін нан болып.
Тәрбиеші :Иә ,содан бері 71 бейбіт жыл артта қалды.1945жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап,қол қойды.Ал 9-шы мамыр бұрын соңды болмаған 1000 зеңбіректен ,30 дүркін салют атылады.Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
5. Абылай.
Бұл шақта,бұл шақта,
Кішкентаймыз қазір біз.
Кішкентай болсақта,
Ел қорғауға әзірміз.
6.Мейрамбек.
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Жеңіс келді алақай,
Алақанды соғып қой.
7.Рамазан.
Енді соғыс болмасын.
Қабаққа қайғы қонбасын,
Жер бетін өрт шалмасын.
8.Мөлдір
Бауыржан батыр қол бастап,
Маскваның түбінен.
Ерліктер жасап алдасқан,
Жаумен талай арбасқан.
9.Абдуллам.
Қосылған соң қатарға,
Еңбек етем Отанға.
1О.Шоқан.
Атам Отан қорғаған,
Онда қорқақ болмаған.
Алтын жұлдыз кеудеде,
Нағыз батыр ол маған.
11.Ерсұлтан.
Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк Невльдің.
Бермеді қолдан намысты,
Жүректі қызы ер елдің.
12.Анель.
Жыр етіп айтып атын біз,
Шынары дейміз жерімнің .
Мәңгі есімде қалды батыр қыз,
Мақтаны болды елінің.
13.Еңлік.
Жер мен көктің арасын,
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын,
Азат етіп болды мерт.
14.Әлібек.
Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ,
Батыр қызы қазақтың.
15.Айжамал.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия,Мәншүк жүрегі болып жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
16.Сая .
Әр күн бейбіт таң атып,
Әлпештеп жұртты оятып.
Әр күн көкке күн шықсын,
17.Наргиза
Батыр ата- анамда,
Батыр -үлкен ағамда.
Ал үйдегі әжеміз,
Алғыс айтар заманға.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен.
Ытқып,ытқып секірді.
Ән хор «Бейбіт болсын қашанда»
Қорытынды.
Тәрбиеші:
Ағалар саптан шықпасын.
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам.
Сәбилер тыныш ұйықтасын,-дей отырып.Жылда осы Жеңіс күнін біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспін.
.