Ашы? саба?. Та?ырыбы «Рационал сандар?а амалдар ?олдану».
Пәні: математика.
Сыныбы 6 «Д»
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Түйінді идеясы:
Әдіс - тәсілдер:
Ресурстар:
Бағалау: «Рационал сандарға амалдар қолдану».
«Рационал сандарға амалдар қолдануды білу;
Таңбаларды ажыратып, ережелерді есеп шығаруда қолдану.»
1.«Рационал сандарға амалдар қолдануды біледі;
2.Таңбаларды ажыратып, ережелерді есеп шығарудақолдана алады;
3. Топта жұмыс жасап, өзара қарым – қатынас құзіреті дамиды, бірлесе отырып оқу арқылы жаңа білім меңгеріледі.
Оқушыларды жүйелі білім алуға дағдыландыру
Миға шабуыл, ой қозғау, түрлі – түсті парақ арқылы топтастыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, топ ережесін жасау, сергіту сәті, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс;
Үлестірме материалдар, плакат А2, маркерлер,
ИТ,слайд, кері байланыс жасауға стикерлер.
Бағалау парағы арқылы ұпай беру арқылы қалыптастырушы бағалау. Бағалау парағы арқылы жинақты баға қою.
Уақыты Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 мин
5 мин
І. Кіріспе бөлім
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сынып ахуалын бақылау.
2.Үй тапсырмасын пысықтау.
Мұғалім амандасады, оқушыларды түгелдеп, түрлі – түсті парақтар бойынша топқа бөледі және сол парақтардағы тапсырмалар бойынша өткен сабаққа талдау ұсынылады.
«Жалғасын тап» ережелерге байланысты сұрақ – жауап арқылы үй жұмысын пысықтайды. Оқушылар мұғаліммен амандасып, топқа бөлініп, үй жұмысы бойынша талдау жасайды.
10 мин
ІІ. Таныстырылым кезеңі
Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы тақтадан көрсетіледі «Ой қозғау» тақтадан рационал сандар көрсетіледі. Мұғалім са-бақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
Енді оқулықтағы
І топқа №638 (1,4), №644 (1)
ІІ топқа №638 (2,5), №644(2)
ІІІ топқа №638 (3,6), №644 (3)
ІV топқа №638 (7,8), №644 (4) дәптерге жеке шығарады. Топта талқылап қорытынды жауаптарын дәптерлеріне жазып түсіреді.
8 мин
3 мин
12 мин ІІІ. Негізгі бөлім
1.Топпен жұмыс жасайды
2.Сергіту сәті
«Бастаушыны тап» ойыны
Бұл ойын топ оқу-шыларын ынтымақ-тастыққа, сыйлас-тыққа, бірін-бірі тыңдай, түсіне білуіне көмектеседі
3.Бекіту
«Қайталау білім бастауы» әдісі бойынша жасаған флипчарттарын қорғайды.
Топтағы оқушыларға шығарма-шылық есептер таратылады.
Оқушылардың ортақ пікірге ке-ліп, есепті шығарып, есептің шы-ғару жолын постерге жазып түсі-руін талап етеді.
Сергіту сәті
Ойынның шартымен танысты-рады. Сыныпты ортаға шеңбер құруға шақырады. Бір оқушыны сыртқа шығарып жібереміз. Қалған оқушыларды бір оқушы бастап әр - түрлі қимылдар жасай-ды. Сырттағы оқушы қимылды кім бастап тұрғанын табу керек.
Бекіту, жобаны қорғау
«Қайталау білім бастауы» әдісі бойынша тақтаға жазған жұмыстарын қорғайды. Бір – біріне қосымша сұрақтар арқылы жұмыстарын нақтылайды.
Осылайша барлық топтың жұмысы талқыланады.
Әр тапсырмаға мұғалім тиесілі ұпайларын гүлдер арқылы беріп отырады.
Бағыт-бағдар береді, бақылап, тексереді Топтағы оқушылар ортақ пікірге келіп оны тақтаға кезекпен жазады.
Мұғалім сырттағы оқушы-ны ішке кіргізеді де ойын-ның шартын айтады.
Оқушылар ойынды ойнап, орындарына отырады.
Тақтаға постерді іліп есептің шығарылу жолын бір оқушы түсіндіреді. Екінші оқушы ережесін айтады. Тағы бір оқушы осы жұмысқа байланысты сұрақ қояды. Топтағы оқушылар жауап береді. Осылайша барлық топтың жұмысы талқыланады. Барлық балалар есептің шығару жолдарымен толық танысады. Топ басшылары мұғалімнің берген жетон-дарына (гүлдеріне) байла-нысты ұпайларын бағалау парағына түсіреді.
6 мин
ІV. Қорытынды бөлім
1. «Тез ойла» ойыны бойынша жаңа тақы-рыпты қорытынды-лау
2. Үй тапсырмасын
беру
№ 638 (9) , 642 (1,2,3) дәптерге түсіру.
Жекелеген тапсырма
3. Бағалау.
4 . Рефлексия:
1. «Тез ойла» әдісі бойынша жаңа тақырыпты қорытындылауға бай-ланысты ауызша есептер беріледі.
Жекелеген тапсырма;
Ізденімпаз оқушыларға «Рационал сандарға» байланысты сөзжұмбақ дайындап келуді тапсырады.
Топ басшылардағы бағалау парағын алып жинақтау бағасын қояды.
кері байланыс сұрайды;
-бүгінгі сабақтан нені білдім,осы гүлді қалай жинадым?
Оқушылар жауап береді.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Сұрақтары болса қою, бағалау критерийімен танысу
Бүгінгі сабақ жайлы кері байланыстарын өз жинаған гүлдеріне жазып қалдырады.