Тіл дамыту ?йгерімні? ойыншы?тары ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекеті


«АЗАМАТ» балабақша бөбекжайы
«Қарлығаш» екінші кіші тобы
Тіл дамытудан ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «Әйгерімнің ойыншықтары.»
Мақсаты: Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын байыту. Үлгі және тәрбиешінің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру.
Тәрбиешілер: Қожбанова Г.Ш.

Өскемен, 2015ж.
«Қарлығаш» екінші кіші тобы
Технологиялық карта
Күні: 24.04.2015
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әйгерімнің ойыншықтары. (Ойын сахналау, сөздік жұмыс)
Мақсаты: Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын байыту. Үлгі және тәрбиешінің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру (текше, кішкентай, үлкен, әдемі, көк, қызыл, М$М –денс, чупа -чупс).
Көрнекіліктер:Спанч Боб, М$М –денс суреттері, топтағы ойыншықтар.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: ойыншық, текше, кәмпит, ойыншық дүкені.
Үштілділік компонент: -. ойыншық-игрушка-тоу, текше-куб-cube, кәмпит-конфета-candy, дүкен-магазин -shop.
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің
іс-әрекетіБалалардың
іс-әрекетіМотивациялық-қозғаушылықБалалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Біз ұқыпты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ойыншықтарды шашпаймыз
Үлкендерді сыйлаймыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Қимылдарды жасап, балалар бір-бірімен амандасады.
Біз ұқыпты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ойыншықтарды шашпаймыз
Үлкендерді сыйлаймыз.
Жайғасып отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Тәрбиеші:
-Балалар бізге қонаққа Әйгерім келді. Әйгерімге өтен оқу іс-әрекетімізде шай беріп едік қой.
-Енді Әйгерімді біз суретті ойыншықтар дүкеніне апарамыз.
-Қандай әдемі дүкен!
-Әйгерім ойыншықтар дүкенінде не істерін білмейді, көмектесеміз бе?
Олай болса балалар Әйгеріммен бірге жаңа создерді айтып үйренейік.
Сөздік жұмыс: ойыншық, текше, кәмпит, ойыншық дүкені.
-Балалар сендер ойыншықты жақсы көресіндер ме?
-Қандай ойыншық түрлерін білесіңдер?
Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады.
-Ойыншықты қалай ұстау керек?
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық.
-Мына ойыншық неге ұқсайды? (Спанч Боб)
-Ол өзі қандай?
-Түсі қандай?
-Спанч Бобты қайдан білесіңдер?
-Ал мынау не? (М$М –денс)
- М$М –денстің түсі қандай?
-Оны кім жеп көрді?
-Тағы кім нені көріп тұр?
-Ол не?
-Түсі қандай?
-Дәмі қандай?
-Сендер оны жеп көрдіңдер ме?
-М$М –денс пен Чупа-чупс –ойыншық па?
-Мынау не? (Текше)
-Пішіні қандай?
Үштілді компонент: ойыншық-игрушка-тоу, текше-куб-cube, кәмпит-конфета-candy, дүкен- магазин-shop.
-Сонымен Әйгерім дүкеннен тек қана «Спанч Боб» ойыншығын таңдады.
Дид.ойын:«Дүкендегі кезек»
Мақсаты: балалар дүкеннен өздеріне ұнаған ойыншықтарын кезекке тұрып таңдайды. Қуанады.
Қуыршақпен амандасады.
-Алақай, ойыншық дүкеніне барамыз деп қуанады
Ия, көмектесеміз.
Ия, жақсы көреміз.
Бірге қайталайды
Машина, қуыршақ, ыдыс аяқ т.б.
Балалар мұқият тыңдайды.
-Күтіп ұстау керек.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
-Спанч Боб
-Төртбұрышты
-Сары, аяғы бар, қолы бар.
-Мультфильмнен
- М$М –денс
-Қызыл, сары.
-Бәрі
-Чупа-Чупс
-Кәмпит.
-Әртүрлі
-Тәтті
-Ия.
-Жоқ, олар жейтін кәмпиттер
-Текше
-Төртбұрышты
Қайталайды .
Балалар дүкеннен өздеріне ұнаған ойыншықтарын таңдап алады.
Рефлексивті-түзетушілік Сабақты қорытындылау:
- Балалар , бүгін біз кімге көмектестік?
-Әйгерім ойыншықтар дүкенінде не істеді?
-Ойыншықтар дүкенінде қандай ойыншықтар бар екен?
Оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
-Әйгерімге көмектестік.
-Ойыншық алды.
Ойыншықтарды атайды.
-Өздерінің таңдаған ойыншықтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын;
Түсінеді: ойыншықтардың түсін, пішінін қалай сипаттапайту керектігін;
Қолданады:әртүрлі материалдардан жасалған ойыншық түрлерін таңдауды іс жүзінде.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзіндік талдау
Күні: 24.04.2015
Білім беру саласы: «Қатынас. Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әйгерімнің ойыншықтары. (Ойын сахналау, сөздік жұмыс)
Мақсаты: Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын байыту. Үлгі және тәрбиешінің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру (текше, кішкентай, үлкен, әдемі, көк, қызыл, М$М –денс, чупа –чупс, Спанч Боб).
Көрнекіліктер:Спанч Боб, М$М –денс, мұзкәмпит суреттері, топтағы ойыншықтар.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: ойыншық, текше, кәмпит, ойыншық дүкені.
Үштілділік компонент: -. ойыншық-игрушка-тоу, текше-куб-cube, кәмпит-конфета-candy, дүкен-магазин -shop.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан екінші кіші топ «Қарлығаш» тобы, 12 бала қатысты. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша «Әйгерімнің ойыншықтары» тақырыбы алынды.
Бірінші ұйымдастырушылық немесе мотивациялық қозғаушы кезеңінде балалардың оқу іс- әрекетіне назарын аудару үшін яғни, зейінін жинақтау үшін шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Балалардың үш тілді меңгеруіне байланысты үш тілде сәлемдесті. Шаттық шеңбері тақырыпқа сай ұйымдастырылды. Күнделікті ауа-райын бақылау әдісі бойынша балалар аптаның қай күні екенің айтып, ауа-райын бақылап белгіледік. Ал балалардың қызығушылығын тудыру үшін қуыршақ Әйгерім келді. Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау кезеңі бойынша Қуыршақ Әйгеріммен бірге суретті ойыншықтар дүкеніне бардық. Балалардың сөздік қорын байыту мақсатында жаңа сөздерді сөздік жұмыс арқылы айтып үйрендік. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы жетектеу сұрақтар қойылып тақырыпқа кіріспе жасалынып балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейттім, қызығушылықтарын арттыра түстім. Балаларды шаршатпау үшін сергіту сәтін уақтылы ұйымдастырдым. Оқу іс-әрекеті ары қарай жалғастырылды. Заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру мақсатында көрнекіліктермен жұмыс жасадым. Үш тілді компонентпен жұмыс жасап балаларға қайталаттым. Балалардың тілін дамыту және ойыншықтардың түр түсін ажырату мақсатында «Дүкендегі кезек» рөлдік ойыны ойнатылды.
Ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша бекіту сұрақтарын қоя отырып, балалардың тақырыпты меңгергенін анықтап, балаларды ынталандыру негізінде балаларға кәмпит таратылды. Ұйымдастырылған іс-әрекет ойдағыдай өтіп, алдыма қойған мақсатыма жеттім деп есептеймін.