I то?саннын ?орытынды ба?ылау ж?мысы
Тақырыбы: I тоқсан бойынша қорытынды бақылау жұмысы .
Мақсаты:Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және жинақтау.
І нұсқа
Дене еркін құлағаннан кейін 3 с өткеннен соң қандай жылдамдықпен қозғалады? Бастапқы жылдамдығы нольге тең?
Доп жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Оның 2 с ішінде Жер бетінен қашықтығын табыңдар.
Инерция моменті 63,6 кгּм2 маховик 31,4 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Маховикті секундтан кейін тоқтатаын тежеуші моментті табыңдар.
Дене белгілі биіктіктен еркін құлайды. Жерге түсер алдындағы дененің жылдамдығы 30 м/с. Дене қандай биіктіктен құлаған?
Кеплер заңдарын ата?
Жылтыр горизонталь бетте табанындағы бұрышы α=45°- қа тең сына жатыр.Оның бір шеті қозғалмайтын бір қабырғаға тіреліп тұр.Сынаның жоғарғы бетімен массасы 0,2 кг дене үйкеліссіз сырғанап түседі.Сынаның қабырғаға түсіретін N нормаль қысым күшін табыңдар.
ІІ нұсқа
Қозғалғаннан кейінгі автомобильдің үдеуі 1 м/с2. Осы үдеумен қозғала отырып, автомобиль 3 секундта қанша жол жүреді?
Тұтқыр және идеал сұйық дегеніміз не?
Қатаңдығы 200 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомобильді 0,5 м/с2 сүйреген кезде оның қаншаға ұзаратынын табыңдар? Үйкелісті ескермеңдер.
Массасы 65 кг спортшы 10 метрлік мұнарадан секіргенде 13 м/с жылдамдықпен суға енеді. Ауаның орташа күшін табыңдар?
Спортшы массасы 0,5 кг допты тепкенде 0,2 секунтта 10 м/с жылдамдыққа ие болады? Спортшының орташа күшін табыңдар?
6.Массасы m1=10 г оқтың автомат ұңғысынан ұшып шығу жылдамдығы v= 300 м/с болса, иыққа түсірілетін орташа F қысым күші қандай? Автомат секундына 50 оқ шығарады.