Саба? жоспары: ?аза?станны? ?сімдіктері мен жануарлары


Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары туралы мағұлмат беру; балаларды қызығушылығын арттыру, өз отандарын сүйуге,қастерлеуге, өз тілін құрметтеуге дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, оқулық.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы
I.Психологиялық ахуал
Жақсымын деп мақтанба, Халық айтпай, Батырмын деп мақтанба, Жеңіп қайтпай.II.Үй тапсырмасын сұрау
а) «Ауаны тазарту және қорғау» тақырыбын сұрау
ә) ауа тарауын бекіту
III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
а)Жаңа материалмен жұмыс

-Балалар біз осы уақытқа дейін табиғат құбылыстарымен таныстық. Ауа, климат,су және оның құрам бөліктері жайлы білдік . Ал енді бүгін біз балалар «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» туралы танысамыз.
–Балалар біздің елімізде қандай жануар және өсімдік түрлері бар?
А) Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.
Екіншіден Қзақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі.
Қазақстанда өсімдіктердін 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар,5 мыңдайы –саңырауқұлақтар,600-ге жуығы –қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер.
Еліміз табиғатының баға жетпес қазынасы, халқымыздың материалдық және рухани байлығы өсімдіктері мен жанурлары әлемімен мынадай ретпен танысамыз:
-шалғын өсімдіктер мен жануарлары;
-дала өсімдіктері мен жануарлары;
-шөл өсімдіктері мен жануарлары;
-дала мен шөлді аймақтағы егіншілік, мал шаруашылығы;
-орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары;
-су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары;
- таулы жер өсімдіктері мен жануарлары;
ә) Оқулықпен жұмыс
оқушыларға тізбектей оқыту.
Анықтамамен жұмыс
Қандай жерде, қандай үлескіде таралса да тірі ағзалар өзара және өлі табиғатпен бірлесіп қана тіршілік ете алуын Табиғи бірлестік деп атаймыз.
Жаңа сабақты қорытындылау:
-Балалар сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Қазақстанда өсімдіктің неше түрі бар екен сонымен?
-Жазықтар дегеніміз не сонымен?
Үй тапсырмасы: Балалар үйге қазақстан жануарлары мен өсімдіктері туралы оқу.