Конспект по физики на тему К??ілді тап?ырлар сайысы(8 класс)


Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Сыныптан тыс шара:
«Көңілді тапқырлар сайысы»
Пән мұғалімі: А.Е.Габдешова
2016 – 2017 оқу жылы
Көңілді тапқырлар сайысы.
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін кез – келген ортада қолдана алуға, пәнді жетік меңгеруге, белсенділікке, шығармашылыққа баулу.
Сайыстың барысы:
І – бөлім. «Өткел» таныстыру
ІІ – бөлім. «Белес»
ІІІ – бөлім. «Бекет»
ІҮ – бөлім. «Асу»
Ү – бөлім. «Жерұйық»
ҮІ – бөлім. «Серпілу».
Мұғалім: қайырлы кеш, қадірменді оқушылар және ұстазда. Баршаңызды «Көңілді тапқырлар» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайсымыздың әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырайын.
Мектеп директоры: А.У.Ахметкалиева
«Зерде» бірлестік жетекшісі: Ж.Қ.Султашова
«Зерде» бірлестік мүшесі, математика пәнінің мұғалімі А.С.Сахипкереева
Қанатты сөздер. «Физика – табиғат туралы ғылым» (Э.Роджер)
«Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі» М.В.Ломоносов
Жарыс шартымен таныстыру.
Жарыс заңы ежелден.
Жеңіспазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол.
Еңбектену, жалықпау
Сәт сапар тілеп бәріңе.
Сайысты енді бастайық!
І.бөлім . «Өткел» таныстыру.
Топқа бөлу. «1,2 » санымен бөліну.
Енді екі топқа жұмбақ жасырамын, соның шешімін тапқан топ сол атқа ие болады.
Құрметтейік ғалымды
Ғылымды алға жылжытқан
Инерция құбылысын
Айтшы достар кім ашқан? (Галилео Галилей)
Қасына емес басына
Балма түсіп қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (Иссак Ньютон)
ІІ – бөлім. «Белес»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай
«Галилей» тобына
Малекулалары бей – берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі. (газ)
«Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (табиғат)
Астрономияда ең негізгі зерттеу құралы (Телескоп)
Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)
Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілетін физикалық шаманы ата ? (Күш)
Денелерде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал. Бұл қай заң? (Ньютонның ІІ заңы)
Температурасы тұрақты, ал көлем мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесс қалай аталады?(изотермалық )
Ғылыми деректер мен негізделген жорамал (Гипотеза, болжам)
Уақыт қандай прибормен өлшенеді? (Сағат)
Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал қалай аталады? (трансформатор)
«Ньютон» тобына
Дене молекулалары бір – біріне жанасқан кезде өз – өзінен бір – біріне ену құбылысы қалай аталады? (Диффузия)
Жол қандай шама? (Скаляр), орын ауыстыру (векторлық)
Физиканың І ұстазы (Аристотель)
Жылдамдықтың өлшем бірлігі (м/с)
Атом қандай бөлшектерден тұрады (электрон, протон, нейтрон)
Қысымы тұрақты, ал көлем мен температурасы өзгеретін термодинамикалық процесс қалай аталады?(изобаралық )
Денелердің бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тен,бағыттары бойынша қарама – қарсы. Бұл қай заң?
Астрономия грекше «астро- жұлдыз, номос – заң»
Жылдамдықты өлшейтін құрал (спидометр)
Денелердің жылулық күйін сипаттайтын шама (Температура)
ІІІ – бөлім. «Бекет»
«Бекет» кезеңінде балаларға физикалық құбылыстар барысында сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер топ жауап бере алмаса келесі жауап беру құқығын екінші топқа беріледі. «Шерлок Холмс» жайлы сұрақ. Ол кім?
Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, осы сайыс кезеңінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.
1 – сұрақ . Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шеті ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен» - деп ойлапты. Неліктен олай ойлаған?
Жауап. Ол үйдің терезесі қырау басып тұр. Онда терезе жауқтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалды. Бұдан шығатын қорытынды терезе дұрыс жылыланбаған.
2 – сұрақ. Бір үйге келген Шерлок Холмс үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін : «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады., оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді. Қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып,іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі. Сол кезде дыбыс шығады. Процесс осылай жалғаса береді.
3 – сұрақ. «Құймақ ыстық кезінде тәтті» - дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы- «Олар көпке дейін ыстық болу тұруы үшін , мен құймақты металл подносқа салып қоямын» деген екен .Ал Шерлок Холмс «Ол құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар еді» деп кеңес берген. Бұл кеңестің астарында не жатыр.
Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металлға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста тамақ баяу суиды.
4 – сұрақ. Шерлок Холмс түскен үйдің иесі есікке барып, ішке мысықты кіргізді. Мысықты көрген
Шерлок Холмс «Сыртта ауа райы суық екен» - деді? Ол мұны сыртта отырып қалай білді?
Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күндері мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының арасында ауа болады. Ал ауа жылуды нашар өткізеді.
ІҮ – бөлім. «Асу»
Ғалымдар туралы. Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай, жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай көтерілген. Сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаныннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан аз болған. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым табысқа ие болды. Бұл қай ғалым ?
Қосымша көмек: өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол «маған тіркеу нүктесін беріңдер, жер шарын да орнынан қозғалта аламын» деп айтқан.
Жауабы: Архимед. (б.з.б 287 – 212)
2. негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап, бөлшектерін пайдаланды. Бұл бөлшектер бей – берекет қозғалыста болды. Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды. Температура артқан сайын молекуланың қозғалтқыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада., қалықтаған тозаңнан немесе түтңнңғ бөлшектерінде байқалған болады. Бұл құбылысты неміс физигі Поль бақылаушының қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірбие ,оны ашқан ғалымның есімі кім?
Қосымша көмек: Бұл суда немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Жауабы: Бұл құбылысты 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Браун ашқан. Браундық қозғалыс деп атаймыз.
3.негізгі сұрақ . ауа райын сипаттайтын шама, атмосфералық қысым , қорап ішіндегі қысым тұрақты.. сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мембрана көп немесе аз майысады. Ал мембранаға стрелка бекітілген. Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды. Бұл қандай физикалық құрал?
Қосымша көмек: бұл құралда итальян ғалымы тәжірибе жүзінде Торричелли ойлап тапты.
Жауабы: барометр
Негізгі сұрақ. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы бар шардан поршенді цилиндрден тұрады.егер шарға су немесе түтңн толтырылып, поршенді бассақ , шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып , будақтап шығаратынын байқаймыз. Бұл қандай физикалық құрал?
Қосымша көмек. Бұл құралмен жасалған тәжірибеге сүйене отырып «сұйыққа немесе газге түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесінне өзгеріссіз беріледі» деген қағиданы алдық.
Жауабы. Паскаль шары.
Негізгі сұрақ. Бұл аспап жылу мөлшерінің дәлірек мәні қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға арналған. Ол үлкенірек ыдыстың ішіне арасында ауа қабаты болатындай етіп жылу өткізбейтін кеуек материалдың үстіне қойылған үлкен жұқа қабырғалы екінші бір ыдыстан тұрады. Қабырғалардың арасында ауа қабаты қалады. Жоғары жағынан ыдыстар жылу оқшауландырғыш қақпақпен жабылды. Бұл қандай физикалық құрал ?
Жауабы. Калориметр
Ү – бөлім. «Жерұйық»
Бұл кезеңде оқушылар есептер шығарады. Әр топқа 3 есеп беріледі. Дұрыс шыққан есепке 15 ұпай берілді.
«Галилей» тобына
№1. Трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен 5 с уақытта қозғалады. Трамвай жолын анықтаңдар.
№2. Массасы 5 кг қыздырылған тас суда 10С – қа салқындай отырып, оған 2,1 кДж энергия берген. Осы тастың меншікті жылу сыйымдылы неге тең?
№3.Үдеу 5 м/с2 қозғалып келе жатқан жүк көлігі 4 с жүрген жолы.
«Ньютон» тобына.
№1.Трамвай 72 км/сағ жылдамдықпен 5 с уақытта қозғалады. Трамвай жолын анықтаңдар
№2. Массасы 10 кг қыздырылған тас суда 10С – қа салқындай отырып, оған 3,3 кДж энергия берген. Осы тастың меншікті жылу сыйымдылы неге тең?
№3.Үдеу 10 м/с2 қозғалып келе жатқан жүк көлігі 2 с жүрген жолы.
ҮІ – бөлім. «Серпілу».
Физикалық шамалар туралы жұмбақтарды шеше отырып, үш тілде аудару.
Жердің жүзін шарлайсың.
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяуда
Саралайсың таңдайсың. (жол – дорога - road)
Көп болса асықпайсың.
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады.
Табасың мұны қайысың? (уақыт – время – time)
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты.
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды.
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (жылдамдық – скорость - speed)
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді (үдеу – ускорение - acceleration)
Қозғалысқа келтіріп.
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді. (Күш – сила - power)
Бірдей көлемдегі масса кейде көп.
Аз болса да, кейде дөп.
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек. (тығыздық – плотность – density)
Барлық денелерге тән.
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі.
Өлшеуге болады дәл. (масса –вес - weight)
Күш көбейсе артады.
Аудан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат.
Одан, бірақ қорқады. (қысым – давление - pressure)
Ендігі кезекті әділқазыларға береміз. Қай топ жеңімпаз атанды екен?
«Бір физиктің махаббаты» өлең жолдарына кезек берейік.
І– бөлім. «Өткел»
ІІ – бөлім. «Белес»
ІІІ – бөлім. «Бекет»
ІҮ – бөлім. «Асу»
Ү – бөлім. «Жерұйық»
ҮІ – бөлім. «Серпілу»