Д?ниетану п?нінен саба? жоспары: :«Жаз?ы директор. Денсаулы? ж?не о?ан ?сер ететін факторлар.?діскер: С?лейменова С?ния Ырзы?бек?ызы


Пән:Дүниетану
Сынып:4«А»
Әдіскер: Сүлейменова С.Ы.
Тәлімгер:Сатбекова М.М.
Тақырыбы:«Жазғы директор. Денсаулық және оған әсер ететін
факторлар.»
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты:Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.Дамытушылық:Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. Тәрбиелік:Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.Өткізу әдісі: көрсету,сұрақ-жауап өз бетімен жұмыс істеу, түсіндіру.Сабақ көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер, , үйлестірме қағаздар, сызба.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу,танысу
-Сәлеметсіздерме, құрметті, оқушылар. Менің аты-жөнім Сатбекова Мадина Мерекеқызы.Бүгінгі дүниетану сабағын мен өткіземін. Бәріміз бір кісідей белсене жұмыс істейік.
2.Психологиялық дайындық:- Балалар сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтерейік, бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін менімен бірге қайталаймыз.Дүниетану жер шары,
Дүниетану ел шары.
Айналаны бағдарлап
Табиғатты зерттейік.
Жер байлығын бағалап
Қашанда еңбек етейік
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
Тағы мен сендерге қосымша сұрақтар, тест және сурет салуға берген болатынмын. Ал кім айтам дейді?
III Жаңа сабақ
Денсаулық


Тамақ күш тазалық
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызды денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың денсаулығын өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше денсаулықты сақтау өз қолымызды. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.
Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді үш топ боп сайысып, ортаға саламыз.
топ «Денсаулық»,
Ұраны: «Денсаулық – зор байлық»
топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір – денсаулықтың кепілі
топ «Тазалық»
Ұраны: «Мәдениеттің белгісі - тазалық»
Ой қозғау.- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
1-тапсырма
Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
2-тапсырма
Кластер құру (денсаулыққа не жатады?)
3-тапсырма «Түсіп қалған әріптер»
Берілген сөздерге әріптерді қою.
1-топ
Д....і (дәрі)
К..н ...р...іб (күн тәртібі)
...ны.....у (шынығу)
С...ау..т (салауат)
2-топ
Д....не шын.....у (дене шынықтыру)
Ту...ку....з (туберкулез)
Тұ....у (тұмау)
Д.... ау... қ (денсаулық)
3- топ
Г...и...на (гигиена)
З..ян.. з...т...р (зиянды заттар)
Д...р..ер.. (дәрігер)
В...та....н (витамин)
4- тапсырма «Тәрбие көзі - халықта»
- Қазір 3 топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды
1. Денсалықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2. Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боласың
3. Дені саудың жаны сау. Т.б Қосымша материалдармен таныстыру:
- Балалар қазір біз бізге жасауға болмайтын 10 нәрсе атты видео тамашалаймыз.
5-тапсырма
Өлең жолдарын толықтыру
........................ күлеміз
........................жүреміз,
......................................
........................сүреміз
IV. Сабақты бекіту
- Енді бір оқушы ортаға шығып «Денің сау болсын десең.....» деп айтады ал, қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
V. Қорытынды
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Не үйрендік?
Денсаулықты сақтау үшін не істеуіміз керек?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
Үйге «Денім сау болсын десең» атты шығарма жазып келу
Мұғалім:
Әдіскер:
Баға: