«?арым-?атынаста?ы тиімді ?зара байланысу т?сілдері»


«Қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу тәсілдері»Оқытушы: Р.М.Ғалымова ХХ  ғасырдың   ортасында  дүниенің  әр түпкірінде  қарым-қатынас  мәселесіне арналған   зерттеулер  бір уақытта  пайда  болып,  тарала  бастады. Мұндай  зерттеулер  ішінде  балалардың   қарым-қатынас  сферасына  қатысты  еңбектер  ерекше  орын алады. Қарым-қатынас  адамдардың  өзара әрекеттестік   және  өзара  қатынас жасауының  ерекше  формасы болып табылады. С.И. Ожегов /2/ сөздігінде  қарым-қатынас  ұғымы   өзара  келісім,  іскерлік  және  достық  байланыс  арқылы анықталады.  Нақты  әлеуметтанулық, психологиялық,  педагогикалық  зерттеулерде қарым-қатынас   ұғымы өзара   әрекеттестік, байланыс  ұғымдарымен  жақын  мағынада  қолданылады. Сонымен қарым-қатынас  деп — екі  (немесе одан да  көп)  адамның қатынастарын  жасап, реттеуі мен ортақ  нәтиже алуды  мақсат етіп, келісім мен  бірлестікке  бағытталған  өзара әрекеттерін  атаймыз.  Олай  болса, баяндамада  қарым-қатынастың  мазмұнды  жағына,  іс-әрекет  жүйесіндегі  қарым-қатынастың   орнына, қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын анықтауға  баса  назар аударсақ. Адамдардың  қарым-қатынасты  жүзеге  асыруын  қажетсіну,  басқа  адамды  танып-білуге ұмтылу, ниет  білдіру  ерекшеліктерін тағайындаған. Қарым-қатынас  құралдарын  қолданып, жалпы  нәтиже  алу  тәсіліне  де  талдау  жасау арқылы қарым-қатынас  тәсілі  оның  бірлігі  деп танылды. Практикалық психолог сөздігінде қарым-қатынасқа оның адамдар арасында контакт орнатудың және дамытудың  күрделі, көп қырлы үдерісі екені айтылған. Ол өз бойына адамдардың бір -бірін қабылдауын және түсінуін, ақпарат алмасуын және өзара әрекетін жинақтайды.Алайда мұндай күрделі анықтаманың жәй адамға түсініксіздеу болуы да ықтимал. Дегенмен, қарым-қатынастың қызықты, қажетті дүние екені баршаға белгілі. Ол су мен тамақ сияқты адами қажеттілігі. Саналы адамға қарым-қатынас ауадай қажет.Адамдар өзара тілдік және тілсіз құралдармен қарым-қатынас жасайды. Тілдік қарым-қатынас – бұл бір адамның басқа адамға сөз көмегімен ақпарат беруі және оны зерделеуі. Тілсіз қарым-қатынасқа: ым-ишараттар, мимика, пантомимика, дауыс тембрі, дауыстылығы, сөздің тездігі, үзіліс, күлкі, көз арқылы контакт, жанасу жатады. Адамдардың бір-бірімен араласуында ең кемі екі тұлға қажет. Олардың бірі ақпаратты бағыттайды, оны коммуникатор десе, екіншісі қабылдайды, ол – реципиент. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, елдің жартысынан көбісі «қарым-қатынас жасаудан» қиналады. Бұл психологиялық проблема еркектерде де, әйелдерде де бірдей жиілікте кездеседі. Әрине, сізге әңгімелесуде бөгелу, сенімсіздік, толқу, мазасыздану, қызарудан немесе ақылсыздау көрінуден қорқу сезімі таныс. Мұның бәрі бейтаныс адаммен тілдесуде, бірдеме сұрауда, көпшілік алдында сөз бастауда, басқа жыныстағы адаммен танысу кезінде болады. Мұндай кездері сіз өзіңізді теріс бағалайды, сынай бастайды немесе күлкілі жағдайға тап боламын-ау деген сезімді жеңу қиындықтарын бастан өткересіз. Сондықтан ең оңай жолы – қарым-қатынасты шектей бастаймыз. Алайда бұл алғашында көмектескенімен, дұрыс амал емес.Мұны өзгертуге бола ма? Әрине, болады. Өкінішке орай, адамдар өздерінде қандай мүмкіндіктердің жасырынып жатқанын білмейді. Ықпалды қарым-қатынасқа үйренуге болады және ол сіздің қолыңыздан келеді. Мұны арнайы коммуникативтік тренингтерге қатысып, игеру қиын емес. Сізден талап етілетіні – осы өнерге деген ынта және қызығушылық.Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді. Адам баласының қоршаған кең дүниемен, әсіресе табиғатпен қарым-қатынас жасау барысында өз бойына ештеңе дарытпауы мүмкін емес. Адам өзінің тұлғалық сапасын жетілдіру үшін алдына қойған мақсатына орай өз мұратын іске асырады. Адам өмірінің алғашқы мақсаты - өзін-өзі тану, өзінің тұлғалық қасиетін жетілдіру. Адамның өмірлік мақсатының екінші қыры – бақытты отбасын құру. Адам өмірінің үшінші мақсаты – айналамен, табиғатпен шығармашылық қарым-қатынас орнатып, оны өмірде қолдана білу. Адам өзін танудан бастап, бүкіл жаратылыс сырын түсінуге талпынады. Адамның шығармашылығында үш түрлі қарым-қатынас орын алады: адамның өзіне деген қатынасы; тұлғаның басқалармен қарым-қатынасы; тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасы. Осы қарым-қатынастар арқылы адам тәжірибесі жетіледі. Адамдар арасындағы ең маңызды нәрсе ол - өзара және айналамен қарым-қатынас орнату. Адамның бақыты мен аман-саулығы түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Олар: адам ағзасындағы байланыстар, оның ақыл-ой, ерік-жігер, сезім және жан мен тән арасындағы қарым-қатынасы; өзінің ата-ана, аға-қарындас, достарымен қарым-қатынасы; өзі тұрған ортамен қарым-қатынасы. Сондықтан да ешкім өмір бойы жалғыздықта, жақын адамдардың қолдап-қоршауынсыз өмір сүруді қаламайды. Даму барысында осы қарым-қатынастың құрамы жетіліп, үйлесіп, екі үрдістің біртұтастығы арта түседі. Демек, кез-келген тіршілік иесі бірін-бірі толықтыратын екі мақсат атқарады: жеке - өз тіршілігін; ал жалпы – күрделі деңгейдегі тіршілікті қамтамасыз ету. Қалыпты экологиялық жүйеде осы екі мақсат тепе-теңдікте болады. Осы қағида адамзат қоғамына да тән. Жеке бастың және жалпы дамудың мақсаты бір-біріне байланысты әрі тәуелді. Оның өз мәнінде дамуы тұтастай алғанда әлемді үйлесімді етеді. Егер де біз әлемнің үйлесімді қарым-қатынасының бөлігін құрайтын болсақ, онда осы қағидаларды ұстануға тиіспіз. Өз көзқарасыңа иілдірудің 12 ережесі1. Ұрыста жеңудің ең басты жолы одан бас тарту. Адамдарға олардың көзқарасының, не әрекетінің дұрыс еместігін айтып, ұрысып қажеті жоқ. Одан гөрі маңызды жағдайға көңіл бөліңіз, ешқашан мен сіздің көзқарасыңызды жоққа шығарамын деудің қажеті жоқ.Бұл сізге деген іштей қарсылықты туғызады. Сократ Афинадағы өз шәкіртіне былай деген екен: «Мен өзімнің ешнәрсе білмейтінімді ғана білемін.» Адамдарға мен одан ақылдырақпын деп айту ақымақтық.2. Әңгімелесушінің көзқарасына сыйластықпен қараңыз. Сыйласыңызға сіздікі дұрыс емес деп айтудан бас тартыңыз, тікелей бас салғанан гөрі, қателігін өзі тауып, тануына жол беріңіз. 3.Қателігіңізді мойындай біліңіз! Өз қателігін мойындау, адамды жалпының ішінде жоғары көрсетеді. Әрдайым мынаны еске сақтаңыз! Өзгемен қарсыласудан еш нәрсеге жетпейсіз.Ал жол беру арқылы күткеніңненде көп нәрсе ұтасыз.4. Әуел бастан достық атмосфера қалыптастыра біліңіз. Адамдармен рақымшылық достық қатынаспен түсінісу. Адамның көқарасын тезірек өзгерте алады.5. Сыбайласыңызды бірден «иә» деп жауап беруге итермелеңіз. Әңгімені сенімді фактіге сүйене отырып, тыңдаушыны шырмап алатындай етіп, нақты ұстаныммен айтыңыз.6. Уақыттың көп бөлігін әңгімелесушінің сөйлеуіне беріңіз. Француз философы, Лорошуко егер, дұшпан тапқыңыз келсе, достарыңыздан асып түсіңіз, ал дос тапқыңыз келсе, достарыңыз сізден асып түссін. Әр уақыттада қарапайым бола білу керек. 7.Кешірімді болыңыз! Қателіктерін бетіне басып айтқаннан гөрі, оларды демеп, қателіктерін кешіре біліңіз.8.Қай кезде болмасын адамдардың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сізбен ол адам толығымен келіспеуі мүмкін. Сонда да кінәлаудың қажеті жоқ.Түсінуге тырысып, өзіңізді оның орнына қоя біліңіз.9.Өзгелердің көзқарасына сыйластықпен қараңыз. Адамдарға сыйластық, түсінушілік, аяушылық сезімдерін білдіре біліңіз.10.Бұйрық берудің орнына, сұрақ қойыңыз. Бұл әдіс адамның қателігін жолын жеңілдетеді.11.Өз идеяларыңызды әсерлі түрде жүргізе біліңіз. Ойды, шындықты жалаң айту жеткіліксіз. Оларды шынайы, қызықты, драмалық ету керек.12.Әңгіменің қатесін тура емес, жанама көрсетіңіз.