Открытый урок по спецтехнологий Оптикалы?-талшы?ты байланыс желісі


Сабақтың тақырыбы: Оптикалық -талшықты байланыс желісі тарауы бойынша қайталау сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және қорытындылау.                                            
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.
 Тәрбиелік: Мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру,еңбекке, жауапкершілікке балу топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқу материалын жалпылау және қайталау сабағы.
Сабақтың көрнектілігі: Компьютер, интерактивті тақта,оқулық, дидактикалық материал, оптикалық талшықты пісіру аппараты.
Пәнаралық байланыс: Өндірістік оқытумен байланыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттерді түгендеу.
Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу,студенттердің назарын сабаққа аудару.
II. Негізгі бөлім
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Талшықты-оптикалық кабельмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі
Тапсырмаларды орындау.
Тапсырма № 1
Слайдта кабель суреті берілді,суретке қарап кабель құрылысын жазу.
Тапсырма № 2
Оптикалық кабельдер мақсаты бойынша 5 топқа бөлінеді: кесте ішіне анықтамасын оқып кабель түрін табу.
Тапсырма № 3
Дәнекерлеу аппараты және кескіш туралы ақпарат беру слайд қолдана отырып.
Оптикалық талшықты пісіру аппаратымен жұмыс істеу кезінде қажетті құрал- саймандар туралы анықтама беру.
Тапсырма № 4
Оптикалық кабелдің талшықтарын біріктіру әдісі(зертханалық жұмыс)
ІІI. Тақырыпты қортындылау
«Лото» карточкасы.
Бағалау.
Талшықты-оптикалық байланыс желісі – 20 жылдан бұрын кең қолданыс тапқан. Оптикалық-талшықты дайындайтын технологиясы дамығанда ОК-ді өшуі аз, ұзақ сақталып, үлкен ұзындықта алу мүмкіндігі туды, ал конструкциясына келетін болсақ, эксплуатация, төсеу, монтаждау сияқты талаптарды орындайды.
Байланыс техникасында (телевидения, видеотелефондау, мәліметтерді тарату, телефондау) оптикалық жүйенің кең таралуы оптикалық кабельдердің үлкен ақпараттық мүмкіншілігі мен бөгетке тұрақтылығына шартталған. Оптикалық жүйенің кабельді теледидарда перспективті қолданылуы, көрсету сапасын жоғарылатуын және жеке абоненттерге ақпараттық қызмет көрсету мүмкіншілігін кеңейтеді. Бұл жағдайда қабылдануға тапсырыс беру жүйесі, абоненттерге өз теледидар экрандарында кітапхананың анықтамалық мәліметтерін, журнал беттерін көру мүмкіншіліктері қарастырылған. Әрі қарай даму видеотелефондық байланысқа өтеді, ол арқылы адамдар тек бір-бірін естіп қана қоймай, сонымен қатар бір – бірін көре алады. Әртүрлі халық шаруашылығы саласында оптикалық кабельді қолдануға кең тараптар ашылды мысалы, радиоэлектроникада, байланыста, медицинада, машина құрастыруда.
Кабель дегеніміз не? Анықтамасын айту.
Оптикалық кабель дегеніміз жалпы қабықпен жабылған құрамында оптикалық талшықтардың қатары бар кабельді бұйымдар.
Талшықты-оптикалық кабельмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Талшықты-оптикалық кабельмен жұмыс істеу барысында қажетті:
1. Ешбір жағдайда да талшықты жарықтандырғыштың ұшына немесе оптикалық жөнелткіштің ажыратқышына қарамау. Жарықтандырғыш бойымен жөнелтілетін сәуле толқын ұзындығының көзге көрінбейтін диапазонында болады, алайда көз торының мән бермейтін зақымдалуына әкелуі мүмкін.
2. Коннекторларды монтаждау мен талшықтарды ұластыру кезінде пайда болатын оптикалық талшық кесінділерінің киім мен теріге түсуінен сақтанған жөн. Бұл кесінділерді тығыз жабылатын контейнерлер мен желімді таспаға жинау қажет.
3. Оптикалық талшықпен жұмыс істеу барысында тамақ ішуге қатаң түрде тыйым салынады, ал жұмыстан кейін қолды сабынмен мұқият жуу керек.
4. Қорғаныш қабаттарын жою барысында қолданылатын спирт пен еріткіш өртке қауіпті екенін және түссіз алаумен жанатынын, әрі улы және аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екендігін есте сақтаған дұрыс.
5. Дәнерлеу аппаратын өмірге қауіпті болып саналатын жоғары кернеудегі электрлік доғаны қалыптастыру үшін пайдаланады, ал электродтар арасындағы доғал разрядтар өртенгіш газдардың жануына және жылдам ерігіш сұйықтықтардың булануына соқтыруы мүмкін.
Тапсырма №1
Слайдта кабель суреті берілді,суретке қарап кабель құрылысын жазу.
Орталық қуатты элемент
Оптикалық талшықтар
Талшықтарды қорғайтын түтікше
Қорғаушы экран
Оқшаулағыш қабықша
Армидты жіптер қабаты
Қорғағыш қабат
Тапсырма №2
Оптикалық кабельдер мақсаты бойынша 5 топқа бөлінеді: кесте ішіне анықтамасын оқып кабель түрін табу.
Қалааралық кабельдер Қашықтықта ақпараттың үлкен ағымын беру үшін белгіленген. Елдің аймақтық орталықтары арасында байланысты қастамасыз ететін магистральды және аймақтық орталықтарды аудандармен байланыстыратын зоналық кабелдер.
Қалалық кабельдер Байланыс тораптары мен қалалық АТС арасында байланыстыратын желі негізінде қолданылады. Олар қысқа қашықтыққа колданылады (5...10 км) .
Объектілік кабельдер Объекті ішіндегі байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Оларға мекемелік байланыс, локальді есептеу желісі, кабельді теледидардың ішкі желісі және қозғаушы объектілердің борттық ақпараттық жүйесінде қолданылатын кабель.
Су астындағы кабельдер Үлкен сулы кедергілер арқылы байланысты ұйымдастыру үшін арналған. Оларда жоғарғы механикалық төзімділік және сенімді ылғалға төзімді болуы керек
Тапсырма № 3
Дәнекерлеу аппараты және кескіш туралы ақпарат беру (слайд )
Оптикалық талшықты пісіру аппаратымен жұмыс істеу кезінде қажетті құрал- саймандар (слайд )
Тапсырма № 4
Оптикалық кабелдің талшықтарын біріктіру әдісі(зертханалық жұмыс).
Әр студентке жеке дара берілетін тапсырма теориялық материалды қайталау мақсатында.
«Лото» карточкасы
Сұрақ
Ия Жоқ
Жер асты кабельдері келесідей болып бөлінеді: грунт астына немесе кабельдік канализацияға төсеуге арналған талшықты – оптикалық кабельдер туннельдерде, шахталарда төсеуге арналған талшықты – оптикалық кабельдер; -өздері тасымалдайтын; таратқыш (оптикалық жүйе қол жетімді); қорғаныштық пластикалық тұрбаларда жүргізуге арналған, құрылысы қарапайым талшықты – оптикалық кабельдер; Аспа кабельдер келесідей болады: найзағайдан қорғайтын арқанға кигізілген талшықты оптикалық кабельдер; ішке төсеуге арналған кабельдер шнурларға арналған кабельдер. фазалық сымға кигізілген талшықты – оптикалық кабельдер; өздері тасымалдайтын талшықты – оптикалық кабельдер ;