Разработка открытого урока по самопознанию на тему ?ам?ор болып ?семін


Ақмола облысы Ерейментау қаласы
«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану
пәнінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сыныбы: 1 «А»
Сынып жетекшісі: Карсибаева Айман Нургаликызы
2014-2015оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қамқорлық ұғымы жайлы түсінік қалыптастырып, ізгі істерге құштар болуға, әрқашан қамқорлық жасай білуге дайын болуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер жайлы насихаттау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау міндетті екенін, оның мағыздылығын түсіндіру.
Біреуге қамқорлық жасасаң, жақсылығың әрқашан қайтарылатыны жайлы айту, дүниетанымы кеңейту.
Оқушылар бойларына тек жақсы қасиеттерді жинау керектігін ұғындыру, адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:ребус шешу , сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, видеороликпен жұмыс, ситуациялық сұрақтар шешу, слайдпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: қамқорлық жайлы қанатты сөздер, гүл макеті т.б.
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: интерактивті тақта т.б.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жақсы көңіл-күй, белсенділік және сәттілік тілеу.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілікпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
Өткен тақырыпқа шолу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Тапсырма: Тақырыпқа сай мақал-мәтел, қанатты сөздер жаттау.
Оқушылар жаттап келген мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерінің мағынасын ашу.
Интерактивті тақтада жазылып тұрған қанатты сөзді хормен оқу:
Жақсылықтан үйреніп, боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп, үлгі аламыз жақсыдан.
Жаңа сабақ
-2603503600452677960383911659130383540Ребус шешу
549211568580451802568580159702533020 , ,,,,,,,,,,,,, ,, ,,,,, ,,, ,,,,
Шыққан сөз «Қамқорлық»
Сұрақ-жауап:
-Қамқорлық деген не?
-Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қамқорлықты кімдерге немесе нелерге жасайды?
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқу, талдау.
«Әжей мен балалар»
Біздің үйдің бесінші пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады.Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күнде мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді.Олар әжейдің қызық әңгімелерін ынтыға тыңдайды.
Талдау сұрақтары:
-Балалар кімге және қалай қамқорлық жасайды?
-Қыз балалар не істейді? Ұл балалар не істейді?
-Өз өмірлеріңде осылай қамқорлық көрсеткен кездерің болды ма?
Суретпен жұмыс
Суреттерді қарап, қамқорлық туралы ауызша әңгіме құрастыру.
2925581327689-309921290302
29076652777490-3930652741930
Ситуациялық сұрақтар
Интерактивті тақтадан видеороликке жазылған мұғалімдер қойған әртүрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беру, шешу.
1.Айша мектептен келе жатып жолдан өте алмай жатқан қарт кісіні көрді. Бірақ ол қарт кісіге көңіл аудармай жолдан жүгіріп өтіп кетті. Ал әжей болса жолдан өте алмай, жолдың арғы жағында қала берді.
Сұрақ: Айша қандай қателік жасады?
Сендер Айшаның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2.Күзгі жаңбырлы суық күндердің бірінде Марат көшеде келе жатып, үсті-басы маңмаңдай су болып, қатты тоңып, дірілдеп тұрған күшікті көрді. Ал Марат сен менің күшігім емессің деп әрі қарай жүріп кетті. Кіп-кішкентай күшік болса маған көмектесші деген сияқты жәудіреген көздерімен жаңбыр астында қалып қойды.
Сұрақ: Мараттың істегені дұрыс па?
3.Сұрақтар:
Қыста құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?
4.Ата-аналарың сендерге қандай қамқорлық көрсетеді?
Сергіту сәті
Интерактивті тақтада көрсетілген қимылдарды, сергіту жаттығуларын қайталау
Сахналық көрініс
Бөлме гүлдеріне қамқорлық жасау
Бірде әкесі мен анасы қыздары Аруана мен Аянағы бөлме гүлдерін сыйлады. –Қыздарым менің бұл гүлдер де сендер сияқты жаңадан өсіп келе жатыр... Оларды күтіп, баптап өсіріңдер. Уақытында су құйып, топырағын ауыстырып отырыңдар, гүлдерді ренжітпеңдер....сонда олар жайқалып өседі-дейді әкесі қыздарына. Аруана гүлін алып терезе жақтауына қойды, Аянаға да сол жерге қоюын өтінді. –Мында қойсаң гүлің күннің шуағынан нәр алып тез өседі-деді сіңлісіне. Ал Аяна болса жоқ, ол менің үстелімнің қасында тұрады, менің гүліме күннің көзінің қажеті жоқ-дейді. Бірнеше күн өткен соң Аруана гүлінің топырағын қопсытып оған су құйды.Ал Аяна менің гүлім сусыз-ақ өмір сүре алады, сен оған тиіспе деді де далаға ойнауғы шығып кетті. Арада біраз уақыт өтті Аруанының гүлі жайқалып, жапырағы желпілдеген үлкен әдемі гүлге айналды. Ал Аянаның гүлі солып, қурап қалды. Анасы Қыздарына келіп: - қыздарым менің гүлдерге әрқашан қамқорлық жасап, суарып, оларды баптамасаңдар олар ренжіп, солып қалады. Сосын оларды қалпына келтіру мүмкін емес-дейді. Аянаның беті қызарып, басын төмен салбыратып, әкесінен де, анасынан да, әпкесінен де кешірім сұрап, енді түсінгенін, әрқашан қамқор болатынын айтты.
Дәптермен жұмыс
Тапсырманы орындап, суретті бояу.
Видеоролик тамашалау
Сабақ өтерден бірнеше күн бұрын сынып оқушылары кітапханаға барып, жыртылған кітаптарды жамап, желімдеп оларға қамқорлық жасады. Оқушылардың сол іс әрекетінен үзінді.
Қорытынды Слайдпен жұмыс
Слайдта көрсетілген өлең жолдарын хормен оқу.
Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын
Автор жайлы мәліметтер:
Аты-жөні: Карсибаева Айман Нургаликызы
Туған күні, айы, жылы: 14.08.1991
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс орны: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ
Телефон нөмірі: 8 (716) 33 2-24-72 ұялы телефон: 87013457068