Сы?ып шы?ару, б?лімшелер (Subdivide) 3D max программасы


№19 сабақ
Сыныбы: 10 ә,в (ЖМБ) _______ Күні: ___26.01.2017ж__________
Мұғалімі: ___
Сабақтың тақырыбы: Сығып шығару, бөлімшелер (Subdivide) 3D max программасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Extrude (сығып шығару) құралымен таныстыра отырып,
программадағы бульдік операция туралы түсіндіру.
Тәрбиелілік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, оқулық, жұмыс дәптері, слайдтар
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Blender программасы не үшін қолданылады?
Рендеринг қандай қызмет атқарады?
Программадағы жұмыс қандай режимде атқарылады?
Программада қандай нысандар орналасқан?
Бірнеше нысанды қалай біріктіруге болады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кез-келген 3D модельдеу ортасы дайын шаблон нысандарымен шектеулі қамтылады. Мысалы, Blender-ден текше, шар, конус, маймылдың басы сияқты нысандар табылса да, пианино, үстел сияқты нысандар жоқ. Яғни, бұл программадат толып жатқан примитивтер ғана бар деген сөз. Сонда мультфильмдерден көретін мультипликация кейіпкерлері, үйлер, қояндар, т.б. нысандар қалай жасалады? Оларды mesh-нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жасаймыз. Сол құралдардың бірі – Extrude (сығып шығару) құралы. Extrude құралымен mesh-нысандарды редакторлау режимінде, нысан қырының, қабырғасының, биіктігінің көшірмесін жасап, олардың орнын ауыстыру арқылы және өлшемі (егер қыры мен қабырғасы болса) арқылы өзгерте аламыз.
Төмендегі мысалда бұл іске асатынын қарастырамыз.
Сонымен бізде текше нысаны бар. Tab батырмасын басып, редакторлау режиміне көшеміз.
Жоғарыда айтылғандай биіктігін, қабырғасын, қырын бөліп ала аламыз. Мұндағы биіктік – ол нүкте, қабырға – тік қабырғасы, ал қыры – жазықтық. Текшенің 8 биіктігі, 12 қабырғасы және 6 қыры бар.
Бөліну (Subdivide). Mesh-нысандардан күрделі нысандаржасау кезінде оларда керекті қосымша бөліктері жоқ болып келеді. Мысалы, тақтайдан Extrude құралын пайдаланып үстел жасау керек болса, онда үстелдің аяқтарын жасау үшін қырлардың жетіспейтіндігін көреміз.
Бірақ Blender-де қырларды немесе қабырғаларды бөліктерге бөлетін арнайы Subdivide құралы бар. Оны пернетақтадан W батырмасын басу арқылы шақырамыз. Нәтижесінде бір бөліктен бірнеше ұсақ бөлік жасалады.
Енді бөліктерге бөлінген нысаннан үстелдің моделін алу жеңіл болады. Extrude құралының көмегімен тақтайдың төменгі бөлігінен үстел аяқтарының бұрыш қырларын шығарамыз.
3D max программасы кез келген керекті нысанның үлгісін модель және сплайндік үлгісін құруды, натюрмонрттдауды визуалдау арқылы түс беруді, берілген нысанды -хромадауды және олардың көлеңкесін шығаруды, ларзерлік сәуле түсіруді, фрагменттер мен кадрларды қозғалту арқылы анимациялауды, динамикалық әсерлер көмегімен судың толқыны мен желдің бағыттарын жасауды, Hair and Fur әсерімен адам келбеті мен шаштарын жасауды, және тағы да басқа да көптеген мысалдарды құруға мүмкіндік береді.
Терезе бөліктерінің нөмірленген атаулары:
Бас мәзір.
Қосымша құралдар тақтасы.
Бұйрықтық тақта.
Анимация таймерінің жүгірткісі.
Қалып – күй жолы.
Жариялау жолы.
Құралдың анимация басқарулары.
Терезе проекцияларының басқару батырмалары.
Координаттық үштік векторы.
Терезе аты.
Терезе проекцясы.
Тректер.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Extrude құралы қандай қызмет атқарады?
3D программасы көмегімен не істеуге болады?
Extrude және Subdivide құралдарының қызметтерін атаңдар.
Қосымша құралдар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
Үйге тапсырма: Сығып шығару, бөлімшелер (Subdivide).
25-тақырып (184-бет).
Оқушыларды бағалау, күнделікпен жұмыс.