3 сынып математика п?ні: Жазбаша к?бейту ж?не б?лу
Бекітемін:_______________
Пәні Математика Сыныбы: 3 Сабақ № Күні
Сабақтың тақырыбы Жазбаша көбейту және бөлу 242*4, 968:4
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, оқулық, Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х, Қайыңбаев Ж.Т
Мақсаты 242*4 және 968:4 түріндегі көбейту мен бөлуді ауызша және жазбаша орындай алу дағдысына қалыптасады және ауызша көбейту мен бөлу тәсілдерін игереді
Оқушылардың басым бөлігі:
Сыни ойлай отырып есеп шығару, шамалармен жұмыс жасау қабілеттерін дамытады
Кейбір оқушылар:
Қосымша берілген тапсырмаларды орындай алуы және барлық тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындап үлгермеуші жолдасына көмек беруге машықтануы
Ресурстары Оқулық, стикер, маркерлер, деңгейлік тапсырмаларСабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Балалар, ғалымдардың есептеуі бойынша жануарлардың неше миллиондай түрі бар?
- 2 миллиондай(слайд)
-Жануарлар тобын кім айтады?
- Сүтқоректілер, балықтар, құстар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер, т.б.
-Ендеше, бүгінгі математика сабағында жануарлар әлеміне саяхаттап көрелік.
-«Ақсүйек» ойынын білеміз бе? (Ойын шартымен таныстыру)
Ақсүйек(слайд)
Ақсүйек – жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол сүйекті алысқа лақтырады. Қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң олар ақ сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан адам «Ак сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгеруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақсүйекті бір-біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ кажетті ұпайды алады да, лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі.
Үй тапсырмасын сұрау
№7
Ауызша талдау. «Ақсүйек» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.
5*9=4545:9=5
15*9=135135:9=15
25*9=225225:9=25
35*9=315315:9=35
45*9=405405:9=45
55*9=495495:9=55
65*9=585585:9=65
75*9=675675:9=75
85*9=765765:9=85
95*9=855855:9=95
Жаңа сабақ
-Балалар, бізге кездескен жануарлардың атын, тобын атаймыз. Пайдасы мен зиянына да айта кетеміз.
«Жапалақ» тапсырмасы. Ауызша есепте.
- 50 мен 22 сандарының қосындысын 9 есе кеміт. 72/9=8
- 78-ді 8-ге кеміт. 70
- бір орамда 5 м мата бар. Осындай 4 орамда неше метр мата бар? 20
-100-бен 100-дің қосындысына 40-ты және 2-ні қос. 242
-9 жүзд. 6 онд. 8 бірл. тұратын сан. 968
Өрнекті оқы: 242*4. Жазуды пайдаланып, көбейтуді қалай орындалғанын түсіндір.
242 242
4 x 4
8 968 (слайд)
+160
+800
968
968 4
8 242
16
16
8
8
0
Жапалақ көбінесе орманды мекендейді, басы үлкен, көздері бадырайған, көз бұршағы қимылсыз, бет тегерішті, қауырсындары өте жұмсақ, ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Негізінде кемірушілермен қоректенеді, жемін түнде аулайды. Ағаштың қуысына, кейбіреуі жерге ұя салады. Ұядағы жұмыртқалардың саны дене мөлшеріне байланысты 2-ден 12-ге дейін жетеді. Жапалақ тәрізділердің ең ірісі және өте әдемісі - үкі. Қазақстанның кез келген жерінде кездескенмен, саны көп емес.
Үкіні орманнан, таудан, шөл мен даладан кездестіруге болады, ол ұясын жасыруға болатын жыра, жартасты қапсағайларды паналайды. Үкілер қоянды, кеміруші тышқандарды аулайды. Ауыл шаруашылығына кемірушілерді жою арқылы пайда әкеледі.
№1 б) Шығар және тексер.(слайд)
І нұсқа
362*2=724489:3=163
688:4=172546:2=273
ІІ нұсқа
192*4=768549:3=183
183*3=549262*3=786
№2. «Шортан» тапсырмасы.
А) Ш: 172*3:4=129
Ж: Қазақстанда бауырымен жорғалаушылардың 129 түрі кездеседі.
Ә) Топтық жұмыс. Көршілерінмен бірлесе отырып ақылдас.
Ш: 129*4:3= 172
Ж: Қазақстанда cүтқоректілердің 129 түрі кездеседі.
Шортан — албырттар отрядының өзі аттас тұқымдасына жататын балық; ірі жыртқыш, шортан тәрізділер отрядының бір тұқымы. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, ұсақ қабыршақтар жапқан, ұзындығы 1,1 м-ге, салмағы 16 кг-ға жетеді. Шортан – жыртқыш балық, қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Шабақтары майда омыртқасыздармен қоректенеді, ұзындығы 5 см-ге жеткенде жыртқыштыққа көшеді. Бұлар кәсіптік маңызы бар балықтар, дәмді еті үшін көп ауланады.
Сергіту сәті
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді№3
1 қатар 2 қатар 3 қатар
Х*6=912 42:х=63:3 848+х=90875-х=14+8273:х=75*4*3:2*х=45*2
X=912:642:х=21х=908-84875-х=22х=273:730х=90
Х=152х=42:21х=60х=53х=39х=90:30 х=2х=3
Жәндіктер тапсырмасы.
Логикалық есептер
Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр
Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
№4. Өзіндік жұмыс
b*208-208, b=1;2;3;4.
1*208-208=0 3*208-208=624-208=416
2*208-208=416-208=2084*208-208=832-208=624
Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы – трихограмма – 0,2 мм) – 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар,
дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген.
Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды. Жәндіктердің биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша маңызы бар. Олардың ішінде көптеген ауыл шаруашығы мен орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ ширатқыштар, мүр көбелектер, өсімдік биттері,жапырақ жегілер, т.б. – зиянкестер; бит, бүрге маса, шіркей, сона, т.б. – қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара шыбыны, цеце шыбыны, т.б. – аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын жәндіктер; бал арасы, тұт жібек көбелегі – пайдалы жәндіктер кездеседі. Сонымен қатар ара, көбелек, т.б. жәндіктер өсімдікті тозаңдандырады; құмырсқа, қоңыздернәсілдері топырақты қопсытады.
«Қоянға көмектес» ойын. №6 Танымдық тапсырма.
726:3=243 543:3=161
№7 (ауызша орындау.)
7*7=49
17*7=119
27*7=189
37*7=259
47*7=329
57*7=399
67*7=469
77*7=539
87*7=609
97*7=679
Сабақты қорытындылау.
2011 жылы қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Жас барыс Ирби олимпиадалық барлық негізгі қасиеттерін: күш, батылдық, төзімдік пен тектілікті білдіреді.
- Жер бетінде табиғатты аялаймыз!- Ормандарды, суларды ластамаймыз!- құстарды қорғаймыз, атпаймыз, ұяларды сындырмаймыз!- орманда тыныштық сақтаймыз, от жақпаймыз, ағаш кеспейміз!- саны азайған жануарларды, өсімдіктерді қамқорлыққа аламыз!- Біз табиғатты қорғаймыз,- Жан - жануарларға қамқорлық жасаймыз!
Рефлексия – бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?
Жасыл- үйретері мол, сабақ қызықты
Сары-ұнады, бірақ бәрі емес, қызықты.
Қызыл-сабақ ұнамады, қызықсыз.
Бағалау. Жұлдызшалар арқылы бағалау.
Үй тапсырмасы.№5