Саба? жоспары Та?ырыбы: К? жомарт ерте?гілігі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.
Рахметуллина Розагүл Ғаділбекқызы
№1 «Айгөлек» бала-бақшасы
«Аяулым» тобы.
«Айналайын» ортаңғы тобының «Жомарт күз» атты мерекелік шарасы.
(Мерекеге сай безендірілген,әдемі зал сазды әуен ойналып тұрады.Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындарына жайғасады.)
Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар,балалар,қонақтар!Бүгін «Айналайын»тобының балалары дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
-Балалар,тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әуенмен Күз ханшайымы келеді.)
Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:Уа, халайық,дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысынМен-Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші:Қош келдің,Күз ханшайымы!Төрлет!
Көз ханшайымы:Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл,
Түссе-сары.Бұл не?
Балалар:Жапырақ.
Күз ханшайымы:Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар бар.Егер де тапсырмамды орындасаңдар,менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші:Әрине,қымбатты күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең,тақпақ,жұмбақтар шеше алады.Сіз біздің,балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Би билегім келеді.»
Күз ханшайымы:1-сұрақ:Күз мезгілі нешеге бөлінеді?
Балалар: Ерте күз,алтын күз,қара күз.
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар.2-сұрақ:Күз айларын атаңдарБалалар: Қыркүйек,қазан,қараша.
Тәрбиеші:Ендеше ортаға күз айларын шақырайық:
Қыркүйек: Алдияр Бірінші қыркүйек Білімге бастады,
Мал мен аң жүр билеп Құс шарлап аспанды.
Қазан:Дария Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды,
Орнатқан қазан ай.
Қараша:Мейірлан Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық,
Қарашы өрледі.
Тәрбиеші:Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар.Бізге қырманнан бидай мен күріште келіпті,және күз мезгіліне арнаған, енді солардың тақпақтарын тыңдайық.
Бидай:Аслан Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Күріш:Жангүл Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Арпа: Макси
Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Тары:Даяна Ақ,қарамын,сарымын.
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойғы,
Қайтарамын қарымын.
Анжелла:Осень тонкой кистью,
Перекрашивает листья
Красный,желтый,золотой.
Облетел весь шар земной.
Нариман:Аутн,аутн,аутн Елоу енд рэд.
Аут,аутн,аутн.
Ай ем вери сад
Арина:Ит из зэ сайзен.
Вен схул фриндс меетТемірлан:Аутн из зэ сейзон Вен эрлес е свеет
Тәрбиеші:Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп Әсем биді көріңдер Тамашалап береді....деп ортаға әдемі бишілерімізді шақырайық.
Би: «Күзгі жапырақтар»
Тәрбиеші:Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса,
Сәбіз,пияз,қияр,қызылша,қызанақ Көкөністер де жиналып қалыпты.
Қызылша:Назерке Мен де сөз айтайын Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде.
Қияр:Ахмедияр Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне.
Сәбіз:Бақдәулет.
Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшкеде Қызанақ:Азамат Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпегенПияз.Дария Нариманқызы Боламын мен демдеуіш
Барлық-барлық тағамға Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Орамжапырақ:Аділ Мақтанғаннан не пайда,
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға Жейді бәрі тамсана.
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй... деп келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Уражай собирай»
Тәрбиеші:Көкөністерде бәріде,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жақсы білеміз.
Оларды жақсы көреміз.
Жемістерді шақырайық...(осы кезде әуен ойналады.Ортаға жемістер шығады)
Алма:РинатМен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар.
Алмұрт:Дінәлі Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім:Абілмансур.
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Шие:Арнұр Мен шиемін,шиемін.
Күннің көзін сүйемін,
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
Би: «Саңырау құлақтар»
Күз ханшайымы:Өте тамаша,балалар!Балалар менімен ойын ойнағаларың келеме?
Ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат ойыны»
Ойын шарты:екі себетке көкөніс пен жемісті ажыратып жинап беру.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы сіздің тапсырмаларыңызды орындадық енді бізбен бірге ән айтып би билеңіз.
Ән: «Көңілді жаңбыр»
Тәрбиеші:Күз ханшайымы,балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы:Ия, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші:Ал енді балалар,
Енді маған қараңдар.
Алтын күзді тойлайық Қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Жапырақ жинау»
Ойын шарты:Ортаға екі баланы шығарып тез-тез жапырақ жинап беру.
Тәрбиеші:Әнімде саған әнімде Құт қонақ өзің үйімде,
Қуаныш сыйлап еліме.
Күлімде Алтын күз,күлімде.
Ән: «Жапырақтар жалтылдайды»
Күз ханшайымы:Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік.Кім тез жұмбақтың шешуін табады соған сыйымда бар.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?(Сәбіз )
2.Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін.Бұл не?(орамжапырақ )
3.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсе жылатады.Бұл не?( Пияз)
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар,жұмбақтарды тез шешіп сыйлыққа да ие болдыңдар.
Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Би: «Полька»
Күз ханшайымы: Рахмет,балалар!Өнершіл-өрендерім!Менде бір шаттанып қалдым.Күз мерекесі сендерге шаттық-байлық әкелсін.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы: сізгеде мың алғыс.Бізге тағы кел,біз сізді сағына күтеміз.
( Осы кезде әуен ойналып,күз ханшайымы қоштасып кетеді.)
Тәрбиеші:Күздің кереметі,байлығы, өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Міне балалар осымен «Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыңызға бақыт,береке тілеймін.