Ерте?гілік Жасыл шырша жанында


Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Әсем безендірілген залға балалар көңілді әуен ырғағымен залға кіреді
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,балалар, қонақтар, балабақша ұжымы! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жылда жаңа табысқа,бақытқа жете беріңіздер,зор денсаулық тілейміз! «Ботақан»тобының жаңа жылдық ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы ,айнала неткен керемет,әсем,сұлу шыршамыз,шыршамыз қандай әдемі, ойыншықтары да көп екен.Бәрімізде әп әдемі киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз.Бірақ шыршамыз көңілсіз болып тұр сияқты,ал енді мына шыршанын шамын қалай жағамыз? кім бізге көмектеседі екен?
Музыка қосылғанда сиқыршы шыр айналып кіреді
Сиқыршы:Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер мында неге жиналып қалдындар?
Тәрбиеші:Біз мұнда Жаңа жылды тойлап жатырмыз.
Сиқыршы Жаңа жыл келді!
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сиқыршы :Қане шыршаны мен жағып көрейін,менің сиқырлы таяғымның көмегімен шыршамызды жағайық,жаңа жыл тойын ашайық.Шырша жағылады.
Тәрбиеші: Рахмет сізге сиқыршы,сіз біздің балаларымыздың көңілдерін көтеріп,шыршаның шамын жақтыңыз,енді біздің балаларымыздың өнерін тамашаланыз.
Ән: «Шырша әні»
Тәрбиеші:Ал кім бізге Жаңа жылға арналған тақпақтарын айтып береді.
Тақпақтар:Аиша,А.Інжу,И.Нурсая,Адель,Артем,Диана,Ерсайын.
Сиқыршы :Жарайсыңдар балалар өнерлерін өрге өссін,тақпақты жақсы айтады екенсіңдер ,мен енді басқа балаларға баруым керек,қош сау болындар!
Осы кезде музыка әуенімен шыршаның артынаң қоян секіріп шығады
Қоян: Ау,жарандар,ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды,жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
(Секіріп билеп жұрген қоянның алдынан аю шығады)
Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:Амансыз ба, аю паң!
Аю:Сәлем қоян сен мұнда қайдан жұрсін?Мен өзім күн суытқан соң біраз үйықтап кетіппім,қөзімді ашшам менің кішкентай аңдар достарым жоқ,сендер қөрген жоқсындар ма ? Сәлеметсіңдер ме балалар,сендер мұнда не тойлап жатырсындар?
Қоян: біз мұнда Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Құрметті қонақтар! Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Қоян: Қане балалар сендер қорген жоқсындар ма,кішкентай аңдарды?
Тәрбиеші балалармен бірге көрдік,көрдік біз оларды тауып алдық.
Аю: Қандай керемет,менің достарым табылды,өздері тонып қалыпты,қане ортаға шығып біраз денемізді қыздырайық,көңілімізді көтерейік.Мен сендерге арнап бір би ала келдім.
Би: «Аңдар биі»
Жүргізуші: Рахмет сізге аю пан,біздің аңдарымыз біраз бойларын сергітіп алды.
Жүргізуші:Ал қонақ болып келіпсіздер,енді біздің балаларымыздың өнерің тамашалаңыздар.
Ән: «Қандай суық қыс деген»
Жүргізуші:Балалар қарандаршы бір дыбыс естіледі ,бәреу келе жатқан сияқты.Музыка әуенімен ортаға қутындап түлкі келеді.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем! Аюғада бір сәлем! Бәріңізге мың сәлем! Сәлеметсіздер ме Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Ой-буй,мында балаларда,қонақтарда бәрі де жиналып қалыптығой, менғана қалып қойыппын,менде сендермен жаңа жылды тойлайыншы?
Аю,қоян,:Аман ба,түлкіжан,кел мұнда,тойласақ тойлайық.
Түлкі:Достарым,Жаңа жыл келеді
Өнерің жұрт көреді
Қане мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, ал сендер оны шешіндер
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді,бұл кім?(Аяз-Ата)
Жүргізуші:Жарайсіңдер жұмбақты дұрыс шештіңдер.Балалар бүгінгі біздің мерекеге кім жетіспейді?
Балалар: Аяз-Ата,Ақшақар.
Жүргізуші: Олай болса қане бәріміз бірге қосылып шақырайық.Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:Аяз-Ата!Ақшақар! Аяз-Ата!Ақшақар! –деп айғайлап шақырады.(3рет)
Музыка әуенімен ортаға тауық кіріп келеді.
Тауық:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен мұнда не дыбыс десем, сендер той тойлап жатыр екенсіндерғой.Келе жатқан Жаңа жылдарын құтты болсын балалар! Ал мен болсам,мына қу түлкіге алданып қулығына,ол мені өзінің қабына қамап кетті ,содан әзер дегенде құтылып шықтымғой .Балалар сендер білесіңдер ме,биыл тауық жылығой.Бір жыл бойы сендермен дос болайық шаттанып, мен де сендермен той тойлайыншы?
Жүргізуші:Иә,әрине сенің келгенің жақсы болды,енді біздің тойымызда көңілінді көтеріп сиылы қонағы бол.
Тауық: Балалар мен жай келген жоқпын,мен жоғалған өз балапандарымды іздеп шығып едім,олар осы тойда жұр екенғой. Қане мен өз балапандарымен бір би билейікші
Би: «Шөжелерім»
Аю мен қоян:Ал балалар сендердің билерің де, өлендерін де ұнады, шеттерінен өнерлі екенсіңдер, ал бізді басқа тойға шақырған,тосыпқалған-
шығар,қош сау болындар.
Жүргізуші:Балалар қарандаршы Аяз-Атамызбен Ақшақар келмей жатырғой,кане бәріміз қосылып шақырайықшы.
Балалар:Аяз-Ата!Ақшақар! Аяз-Ата!Ақшақар! –деп айғайлап шақырады.3рет
Музыка әуенімен ортаға Аяз-Атамен Ақшақар келеді.
Аяз-Ата:Сәлеметсіңдер ме балалар!Құрметті қонақтар! Кележатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мерекелерін көңілді өтсің,денсаулықтарың мықты болсын!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар!Құрметті қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер,ашық аспан, ден
Жүргізуші:Қош келдіңіздер,алыс жолдан шаршған боласыздар ,отырып дем алып алыңыз,біздің балаларымыздың өнерің тамашалаңыздар.
Ән: «Тонса біздің қолымыз»
Аяз-Ата:Жарайсыңдар балалардарым! Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде қөңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де,өнерлі екенсіңдер.
Ақшақар:ал балалар мен сендерге жай келгенім жоқ,сендердің орталарында менің сіңілілерім бар екен,қане кім менімен би билейді?
Би: «Ақшақар биі»
Жүргізуші: Ақшақар сізге көптен-көп рахмет биінізге,енді біздің балалар
Аяз-атамен бір ойын ойнағысы келіп тұр.
Ойын: «Балмұздақты толықтыру» қар ұлпаларынмен балмұздақты толықтыру.
Түлкі:Аяз-Ата,Ақшақар!Сіздер біздің балаларымызға арналған сыйлықтары-
ңызды қашан бересіздер? Әлде мен өзім сіздерге көмектесейін бе?
Аяз-Ата:Ой-буй,ұмытшақ басым ай,әрине қазір сыйлықтарынды беремін. Жарайсыңдар балаларым киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болындар, қане көмектесіп жіберші
қызым.
Ақшақар:.Жарайсыңдар балалар мерекелерің өте көңілді болды.Ал енді біз жолға шығайық,басқа да балалар тосып қалғаншығар,балалардың өнерін тамашалайық.Қош сау болыңдар! Рахмет сендерге!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар! «Жасыл шырша жанында»атты
ертеңгілі отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілейміз!