Жа?а жыл жасыл шырша мерекесі
Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күйін тудыру; шыршаның қандай әдемі де, сәнді безендірілгеніне; балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату; бөлмеге мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Аю, Қоян
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аяз ата шақырғанның бәрідағы қалмайды,
Басталады, басталады жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар.
Музыка әуенімен балалар қол ұстасып бөлмеге кіреді. Ән айтып, шыршаны айналып би билейді.
Тақпақ:
Ержан: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Береке: Той мереке салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне Жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Есбол: Әкелсін жыр ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық.
Ән саламыз жаңаша
Жаңа жылмен тамаша.
Осы кезде бөлмеге Аю мен Маша және Даша кіреді.
Аю: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен осында Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр деп естідім. Сол рас па?
Балалар хормен: Ия.
Аю: Мен Маша мен Дашаны алып сендермен тойлағалы келіп едім. Қосасыңдар ма?
Балалар хормен: Ия.
Жүргізуші: Аю мырза, біз мерекемізді ән айтып, би билеп өткіземіз. Сіздердің қандай өнерлеріңіз бар? Ортаға салып тамашалайық.
Аю: Мен қыздарыммен би билеп беремін. Мына жерде қонжықтар да отыр екен ғой, мүмкін бізбен бірге би билер.
Қонжықтар: Ия.
Жасұлан: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап
Өлең де әзір, ән әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел, Жаңа жыл біздерге
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Би: «Қыздар мен қонжықтар»
Тақпақ:
Жомарт: Ақ шанамыз зырлайды,
Ақ қар оны шыңдайды.
Біреу шаңғы тебеді,
Құйындатып келеді.
Жүргізуші: Жарайсың, Жомарт. Сенің айтқан тақпағың маған бір ойынды есіме түсірді. Аяз ата мен Ақшақар келгенше «Шаңғылар» ойынын ойнай тұрайық. Бұл ойынды бірнеше бала топқа бөлініп ойнайды. Мына ойыншықтарды шырша түбіне қай топ бірінші жинап бітірсе солар жеңімпаз. Бірақ бір топқа бір ғана шаңғы беріледі. Кезегімен сырғанап жинаулары керек. Ендеша бастайық.
Тақпақ:
Нұрлыбек: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны ,
Сағындым Аяз атаны.
Гүлдана: Оралар ма ол енді,
Айтар едім өлеңді.
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Айбек: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
Жүргізуші: Қане, балалар, мына әсем шыршамыздың шамын жағып, жарық қылып қояйық. Барлығымыз «Шырша, шамдарыңды жарқырыт!» деп айтайық.
Шыршаның шамдары жанады.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар кешігіп жатыр.Мүмкін аппақ қардың қалың жауғанынан біздің балабақшаны табалмай жүрген шығар. Барлығымыз дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата! Ақшақар!
Аю: Балалар қаттырақ айқайлаңдар, Аяз ата алыста жүрген шығар.
Балалар: Аяз ата! Ақшақар!
Бөлмеге Ақшақар мен Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан ,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Тақпақ:
Шыңғыс: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Шолпан:Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар.
Көптен күткен сағынып.
Науша: Кел билейін сенімен
Дедім-тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демімен.
Ақшақар: Қандай әдемі балалар. Қыздарының көйлектері көздің жауын алады. Жаңа жауған ақ ұлпа қардай шыр айналып сендермен әдемі би билегім келіп тұр.
Жүргізуші: Бақшамыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Би: «Ақшақар»
Тақпақ:
Дулат: Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Жансая: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға қосып жаңа жылдық әнімізді шырқайық.
Хор: «Жаңа жыл жыры»
Ортаға қоян секіріп келеді.
Қоян:Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Сәлеметсіз бе, Ақша қар! Қалайсыңдар, балалар! Мен, мен мына тойды сонша асығып күтіп едім. Алайда жолда қасқырды кезіктіріп қалып, содан қашамын деп кешігіп қалдым.
Жүргізуші: Ештеңе етпейді. Ерте келген қояндарымыз да сені күтіп отыр еді. Қанекей, өнерлеріңді тамашалайық ортаға шыға қойыңдар.
Тақпақ:
Әлишер: Мен қоянмын, қоянмын
Аппақ тонға орандым
Достар ерте келер деп
Ерте тұрып ояндым.
А.Жасұлан: Асыр салып ойнаймыз,
Ақша қарда жалықпай,
Сырғанайды шанамыз
Судағы жел қайықтай.
Нұрахмет: Жайнатып жасыл шыршаны
Сыйлыққа толтыр ортаны
Ойнаймыз,күлеміз,билейміз
Қуантып Аяз атаны.
Би: « Көжектер»
Дастан: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады-қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Индира: Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын ақша қар!
Аяулым: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Міне, қыстың сәні қар деген. Бүгінгі мерекемізге арнап бір ойын ұйымдастырып едім. Сол ойынды ата-аналар мен ойнағым келіп тұр. Екі ата-ананы ортаға шақырайық. Ойын: «Кім көп қар түйіршіктерін жинайды»?
Шарты: бір жерден екінші жерге қол тигізбей, мына құралдар арқылы қар түйіршіктерін тасу.
Жүргізуші: Ата-аналарымызға көп рахмет. Келесі кезекті Аружан қызымызға берейік. Жаңа жылға арнап әдемі ән жаттап келген екен, соны тамашалаңыздар.
Ән: «Жаңа жыл»
Тақпақ:
Алмат: Аяз ата күлімдеп,
Кірді есіктен жайланып.
Берді сыйлық біртіндеп,
Билеп жүрміз айналып.
Аяз ата: Ау, мұнда менің көмекшілерім де жүр екен ғой. Тақпағыңды айтпағанда мүлде байқамайды екенмін.
Алмат: Мен жалғыз келген жоқпын. Қане достар ортаға шығыңдар, Аяз атаға өз өнерлерімізді көрсетейік.
Би: «Кішкентай Аяз аталар»
Аяз ата: Балалар өте тамаша! Енді Ақшақар екеуміздің әлі барар жеріміз көп. Бізді басқа балалар да күтіп отырған болар. Соған барайық.
Ақшақар: Аяз ата, балалардың сыйлықтарын берген жоқпыз ғой.
Аяз ата: Ой, кәрі басым-ай. Сен айтпасаң ұмытып барады екенмін.
/Сыйлықтарын таратып, қош айтысып кетіп қалады./
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
Аю: Жаңа жыл әрбіріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.
Қоян: Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын келесі жаңа жылда кездескенше аман сау болайық.
Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күйін тудыру; шыршаның қандай әдемі де, сәнді безендірілгеніне; балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату; бөлмеге марекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Аю, Қоян, Шырша
Музыка әуенімен балалар қол ұстасып топқа кіреді.
Жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Жылқы жылды
Шығарып сап Жыланды.
Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан Аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансың ба, Аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Би: «Ақ қояндар»
Тақпақтар:
Инабат: Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Нұрай: Жылдың әнін бастайық,
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Ия.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді.
Қыздары мен ұлдарына
Сыйлық алып келеді. /Аяз ата/
Тақпақ:
Мейіржан: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Мына даланың боранынан адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! – деп айғайлап шақырады.
Ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан ,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Тақпақтар:
Бейбарыс: Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай..
Кесіп алсам шіркін-ай!
Тәңірберген: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі.
Шыршада әсем безендірілген екен.
Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық.
Жаңа жыл тойын ашайық.
«Шырша, шамдарыңды жарқырат!» деп айтайық.
Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.
Ақшақар: Қане, балалар енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата шаршағанын бассын.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар бізбен ойын ойнаймыз деп ыстықтап, шаршап кетті. Олай болса Аяз ата мен Ақшақар еріп кетпес үшін қарша қыздарымыз биін билеп берсін.
«Ақшақар» биі
Тақпақтар:
Аяна: Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Жанерке: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Жүргізуші: Балаларымыздың Жаңа жыл шыршасын қалай безендіргендерін көрсетсін. Ортада би «Шырша ойыншықтары»
Тақпақтар:
Ернұр: Жауды міне қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті ойларды.
Индира: Жаңа жылды қарсы алдық,
Мініп алып күймеге.
Менде бүгін ән салдым
Араластыр биге де.
Дархан: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жансая: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл
Ата-апа, әке-шеше
Құтты болсын Жаңа жыл!
Аяз ата: Балалар өте тамаша! Енді Ақшақар екеуміздің әлі барар жеріміз көп. Бізді басқа балалар да күтіп отырған болар. Соған барайық.
Ақшақар: Аяз ата, балалардың сыйлықтарын берген жоқпыз ғой.
Аяз ата: Ой, кәрі басым-ай. Сен айтпасаң ұмытып барады екенмін.
/Сыйлықтарын таратып, қош айтысып кетіп қалады./
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
Аю: Жаңа жыл әрбіріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.
Қоян: Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын келесі жаңа жылда кездескенше аман сау болайық.