Саба? жоспары Санды те?діктер ж?не оларды? ?асиеттері.


Математика сабағы 6Б –сынып математика пәні мұғалімі Касымбаева А.А.
15.01.2016 102-сабақСабақтың тақырыбыСанды теңдіктер және олардың қасиеттері.
Жалпы мақсатыБілімділік. Өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді еске түсіре отырып, санды теңдіктер және олардың қасиеттерін білу, түрін ажырата алу.Теңдік орындалу үшін айнымалының мәнін анықтай алу
Дамытушылық. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау,логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу Жұмыс кезінде бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Негізгі идеялар Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.бағдарламаның әр модулін ұштастыра отырып ,сабақтың тиімді өтуіне жағдай жасау.
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесіОқушылар топта жұмыс істеуге, бір-біріне деген көзқарасын өзгертуге , бірін-бірі тыңдай отырып ой түюге дағдыланады. Оқушының жауапкершілігі артады,ізденімпаздығы артады,топпен жұмыс істей отырып өзгенің пікірімен санасады,өздігінен ой қорытуға үйренеді.
Ақпарат көздері6 сынып математика оқулығы
Іс –әрекер түрлеріТоппен жұмыс Өзіндік жұмысПостермен жұмысЖұптық жұмысБірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалауМұғалім іс-әрекетіОқушы іс-әрекеті1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
(2-минут)
Бір-біріне жақсы, жағымды, қошемет сөздерін айту
Топқа бөлу
  Оқушылар бір-біріне айтады.
3 топқа бөліну. Қатар бойынша .
2.Білу
(4-минут)
Өткенді қайталау
Тепе-тең түрлендірутақырыбы жайлы не білетіндіктерін ортаға салу.
«Миға шабуыл»
Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылады.
Теңдік пен тепе-тең түрлендірудің ұқсастығы бар ма?
Қасиеттерін тұжырымда.
Үй тапсырмасы
№805 есепті тексеру Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын айтады.
3.Түсіну
(7-минут) Жаңа тақырып бойынша есептер шығару үшін бағыт бағдар береді Оқушылар тақырыпты пысықтау мақсатында өз
бетінше оқулықтағы тапсырмаларды
орындайды.
Санды теңдіктердің қасиетін ашады, түрін ажыратады.
 
 
 
                                                 
4.Қолдану
(12-минут) Жұппен жұмыс оларға деңгейлік тапсырмалар беріледі ,соны орындап бірін-бірі бағалайды. Оқулықпен жұмыс кітаптағы жаттығуларды өз бетінше орындап топта тексеріп, бағалайды.Бірінші болып аяқтаған топ тақтаға жазады, қалған топтар тексереді, түзету енгізеді.
№806-№809
№794-№796 есептерді орындайды,
5. Шығармашылық тапсырма
(5-минут ) Сандар жайлы ертегі . Үш топ құрады.

6.сергіту сәті (3 минут)
Интерактивті тақтада музыка ойнайды, жаттығуларын қайталау. «Қызыл өрік» Көрсетілген жаттығуларды қайталайды.
7.Жинақтау
(5-минут )қайта қалпына келтіру арқылы теңдік қасиетін жинақтайды. Интерактивті тақтада санды теңдік қасиеттері шатастырылып беріледі, оқушылар қайта қалпына келтіреді.
8.Бағалау жұмыстарын жүргізу(3-минут)
9. рефлексия
( 3-минут)
Мұғалім оқиды.
Қарт жол жүріп келе жатып, үш адамға жолығады. Олар күннің ыстығына қарамастан шаһар салуға арбамен ауыр тас тасып жатады. Қарт оларды тоқтатып, сұрақ қояды: «Сендер күні бойы не істедіңдер?». Сонда үш адамның жауабы:
Біріншісі: «Күні бойы мына түбі түскір тастарды тастадым».
Екіншісі: «Мен адал жұмысымды атқардым».
Үшіншісі: «Мен шаһар салуға көмектестім» -дейді.
Балалар! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді осы әңгіме желісіне негіздей отырып, жазыңдар.
-Кім бірінші адам сияқты жұмыс жасады?
-Кім өз жұмысын адал атқарды?
-Кім шаһар салуға көмектесті?
-Сабақта не ұнады?
-Не ұнамады? Әр жауапқа берілген смайлик арқылы және топтарда
және жұптарды оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Топ спикері топ мүшелерінің бағасын айтады.
   
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып
тақтаға жапсырады.                                                        
Пайдаланылған құралдар:оқулық, смайлик.                                             
Үй тапсырмасы
(1 минут) 1.№797, №798 есепті шығарып келу.
2. Теңдік, сандар туралы ребус, сөзжұмбақ жасау, өлең құрау.