Презентация по технологии на тему: Соленое тесто


Тұзды қамырмен жұмыс Білімділік: Оқушылардың сәндік-қолданбалы өнердің бір саласы – тұзды қамыр туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушыларды іскерлікке, икемділікке, шеберлікке және жаңаша мазмұн табуға үйреті. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Қол еңбегін меңгеруге, әсемдікке, төзімділікке тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, ежелгі гректер мен мысырлықтар өз құдайларына табыну үшін тұзды ұннан дайындалған мүсіндерді қолданған. Германия мен Скандинавияда ертеден тұзды ұннан жасалған сувенирлер Пасха мерекесінде сыйлыққа таратылған. Түрлі алқа сақина, жүзіктер мен тағалар есіктер мен терезелерге ілінген. Бұл безендіруге арналған әшекейлер үй иелеріне ырыс, несібе, береке, бақ-даулет әкеледі деп есептелген. Шығыс европа қамырдан жасалған суреттерімен әйгілі. Славян халықтарында мұндай суреттер боялмаған, нанның өз түсі тартымды болады деп есептеген. Грекия мен Испанияда Құдай-анаға табыну кезінде мойындарына веноктар мен әдемі өрнектері бар әшекейлер таққан. Тіпті алыс Эквадорда қамырдан әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды екен. Үнділіктерге мұндай мүсіндер рәміздік мағынаны береді. Шығу тарихы Рождествоның басты символы шырша болған кезде, адамдар рождестволық әшекейлерді наннан жасаған. Жасалған нан мүсіндерін жәндіктерден, тышқан, қоңыздардан сақтау үшін қамырға тұзды молдау салған. Тұзды қамыр осылай пайда болған. Рецепті: Шағын композиция құрастыру үшін: ұн – 400 гр, тұз – 200 гр, су – 1 стакан.Дайын қамыр қолға ұстағанда ермексаз сияқты жылтыр болуы керек. Қамыр иленгеннен кейін 30 минут тұруы керек. Иленген қамыр бабына жеткеннен кейін ғана бұйым жасауға кірісеміз. Жасалған әр бөлікті біріктіру арқылы өз ойымыздағы композицияны құрастырамыз. Жасалған  бұйымды кептіруге қоямыз. Композиция рамада (жиектемеде) немесе себетте болса түбіне желім жағу арқылы отырғызамыз. Қамырмен жұмыс- саусақ бұлшық еттерінің дамуына, сипап сезу көмектесетін жаттығу. Тазалыққа, төзімділікке, көзбен мөлшерлеуге, саусақ ептілігіне, технологиялық операцияларды иемденуге, ең алдымен кез-келген жұмысқа шығармашылықпен қарауға, тұздалған қамырдан бұйым жасау арқылы өз ойын білдіруге тәрбиелейді.   Бұл өнер түріне аз шығын жұмсалады, өте үлкен мүмкіндікке ие, өйткені барлық қажетті материалдар қолда бар, ал нәтижелері күткеніңнен озып кетеді. Тұздалған қамырдан әр түрлі бұйымдар: адамдардың, жануарлардың фигураларын, магнитті кәдесый, қамырдан картиналар, жаңа жылдық ойыншықтар жасауға болады.