Шамдар ж?не бекіту, орнату б?йымдарын монтаждау технологиясы.
Баяндама
Еліміздің ауыл шаруашылығында бүгінгі күні жаңа жұмысшы мамандар даярлана бастады. Мұның өзі бүгінгі күнгі нарық экономикасының талабына сай жаңа мамандар десек қателеспейміз. Себебі, жаңа пайда болған шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарына білікті де білімді мамандар қажет бола бастады. Егер кеңес дәуіріндегі совхоздар мен колхоздарға тракторшы, комбайн жүргізуші, автокөлік жүргізуші, темір ұстасы, дәнекерлеуші, электрик мамандары қажет болса, бүгінгі күні осы мамандықтың бәрін де меңгере алатын бесаспап жұмысшы қажет болып отыр. Осындай жұмысшы мамандығының бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері. Мұндай шебер әрі тракторшы, әрі автокөлік жүргізуші, әрі дәнекерлеуші, әрі слесарлық жұмысты қатар ала жүретін маман болуы қажет. Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны көбеюде. Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгере алатын білгір жұмысшы мамандарын даярлау жолдарын қарастыруды қолға алу қажет. Техниканың сан салалы тетігмен жөн-жосығын шебер, әрі білімді, әрі тәжірибелі мамандар меңгергенде ғана егістіктер мен фермалар ісі жанданып, жұмысы алға ілгерлемек. Осы себепті де үкіметіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды даярлауды жақсарту, әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық бірлігінде халық игілігіне, ауылдық жерлерде өндірістіің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне оң қабақпен қарау, тәрбиелеу ісін жолға қойып отыр.
Республикамыздың нарықтық экономика бағдарламасында белгіленген ауқымды шаралар кешенін іске асырудың түпкі нәтижесі – еңбек құралдарын, өндіріс экономикасы мен технологиясын ұйымдастыруды жаңа қағидаттарына байланысты жүйелі түрде қайта құру. Ал бұл ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұны түбегейлі өзгертеді, яғни ол барған сайын индустриялы еңбектің бір түріне айналады. Ауыл шаруашылығы дамуының жаңа жағдайында тек кәсіби даярлығы жоғары, көп бағытты жұмысшы ғана табысты еңбек ете алады. Қазіргі тракторшы-машинисттер өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетін білімге, іскерлік пен дағдыға икемдей білуі керек. Ол өзінің әр қимылын шығармашылық тұрғыда ойластыру, қабілетін нақтылы жағдайға бағдарлау, бірнеше мамандықты игеру, зерттеуші әрі шыншыл болуы қажет. Сондықтан болашақ механизаторлардың кәсіби шеберліктері бүгінгі күн талабына, ғылыми-техникалық ілгерлеудің жетістіктеріне сай болуы өте қажет. Демек, орта кәсіптік-техникалық мектептердің инженер-педагогтарының кәсіптік-әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру – өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі.
Осыған орай жанашыл өндірістік оқыту шеберлерін оқыту-әдістемелік тәсілдерін сабақ үдерісінде кең пайдалануда, жеке пәндерді оқыту әдістерін дамыту жұмысында әлі де болса кемшіліктер бар. Ұсынылып отырған оқу құралында ауылшаруашылық колледждердің оқу-тәрбие үдерісінде өтілетін арнайы пәндердің өндірістік және зертханалық-практикалық сабақтарын жүргізудің тиімді жолдары қарастырылып атыр.
Жалпы, трактор мен автомобиль тарихы ежелден бастау алады. Оның жалпы мағынасы «Өздігінен жүреді» деген сөз тіркесінен туындаған. Яғни, адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар, өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде трактор мен автомобильді ойлап тапқан. Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде-бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтан да олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Тракторлар халық шаруашылығында сан түрлі жұмыстарды атқарады. Осыған байланысты олардың да әр алуан түрлері болады. Солай бола тұрса да, олардың жұмысын, құрылысын ортақ бір жүйеге келтіруге болады. Біздің республикада көбінесе бұрынғы одақ кезінде шығарылған тракторлар көп таралған. Оның үстіне тракторларды пайдалану кезінде көптеген өзгерістер болып тұрады. Себебі жұмыс кезінде механизмдері мен тораптары эксплуатациялық тозуға ұшырайды да, зауытта шығарылған кездегі техникалық көрсеткіштерінен алшақтап кетеді. Ауыл шаруашылық тракторларының сан түрлі механизмдер мен тораптары бар. Әр түрлі тракторлардың механизмдері барлығында бірдей қызмет атқарғанмен, құрылыстары өзгеше жасалғандықтан, техникалық көрсеткіштері де әр түрлі болады. Негізінен, бүгінгі таңда біздің республикамыздың ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып жүрген негізгі тракторлар мен шағын тракторлар қамтылды. Себебі өз елімізде осы уақытқа дейін тркатор шығаратын өндіріс орындары мүлде болған жоқ деуге болады, тек ДТ-75М «Қазақстан» тракторын шығаратын Павлодар трактор зауыты ғана болды. Ал жалғыз осы шынжыр табанды трактормен бүкіл еліміздің ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан біздің республикада бұрынғы КСРО кезіндегі, кейінгі ТМД елдерінде шығарылатын тракторлар көп таралған. Олар Минскіде, Харьковте, Волгаградта, Рубцовскіде, Санк-Петрбургте, Владимировскіде шығарылып, біздің елде көп таралған, кластары 6 кН нан 50 кН ға дейінгі тракторлар келтіріледі.