«Павлодар облысты? мамандандырыл?ан с?билер ?йі» ММ Та?ырыбы: ?ажайып ?алта


«Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ
Тақырыбы: Ғажайып қалта
Тәрбиеші: Ералинова Н.К.
Павлодар – 2017 ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: Ғажайып қалта
Мақсаты: көкөністер, жемістер туралы түсінік беру. Оларды сипаттап айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін үйрету. Ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің мүсіндері.
Сөздік жұмыс: Тәтті
 
Оқу іс-әрекет түрі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекетіМ.Қ. Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Айгөлек – ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп! Балалар шеңберге тұрады, балалар көңілдене қимыл – қозғалыс жасайды.
Ұ.І.  Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта».
Тәрбиеші балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнауды ұсынады. Ойынның шартың түсіндіреді. Қалтада көкөністер мен жемістер бір бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып, көкөніс не жеміс екенің ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенің, түстерің және қайда өсетінің айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.
Сергіту сәті:
Орнымыздаң түрамыз,
Қолымызды көтеріп,
Алма ағашындай жайқалып,
Әдемі болып өсеміз.
«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.
Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды.
Шапшандыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол женеді.
«Дұрыс сал!» дидактикалық ойыны.
   
 
  
 Балалар сиқырлы сәтке таң қалады. Ойын ойнауды қуана қабылдайды.
Көкөністер мен жемістерді ажыратады.
Көк, қызыл деп жауап береді.
Балалар қимыл – қозғалыс пен өлең сөздерін бірге қайталайды.
Балалар қуана жинайды.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Жемістердің суреттерін тәрелкеге, көкөністердікін себетке жапсырады.
 
 
 
Р.Т. Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.  Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.
 
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көкөністер мен жемістердің атауларын;
Игереді: көкөніс, жемістер туралы түсінікті;
Меңгереді: сөз тіркестерін дұрыс айтуды.