Урок. К?п кестелік деректер ?орында кестелермен практикалы? ж?мыс.


Сабақ жоспары
Сабақ: №14 Пәні: информатика Мектеп: №19
Оқытушының аты-жөні: Махаева А.К
Күні Сынып Қатысушылар саны Қатыспағандар саны
11 «А» Көп кестелік деректер қорында кестелермен практикалық жұмыс.
Тақырыбы: Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру. Практикалақ жұмыс.
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Оқушыларды деректер қоры ұғымымен, оның түрлерімен таныстырып, деректер қорын құру тәсілдерін қолдана отырып, компьютермен жұмыс жасауға машықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: деректер қорымен жұмыс жасауды және оның түрлерін, кесте қалай құру керектігін, сұраныс жасауды.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: кесте құруды, сұраныс жасауды.
Кейбір оқушылар істей алады:кестеге форма құруды.
Терминдер Кесте, сұраныс, деректер типі, деректер қоры.
Алдыңғы бөлім Деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі. Жазулар, жиектер, деректер типі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекеттер Ресурстар
Басы
2 минут
1минут
10 минут
Білу
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Техникалық қауіпсіздік ережесін қысқаша еске түсіру, қол қою.
Бағалау парақтары:
Оқушылар өз-өзін бағалайды. Критерийге сай бағалануы тиіс

ІІ.Үй жұмысы.
1.« Кубик лақтыру» әдісі бойынша. Кубикте сұрақтар жазылған, сол кубикті оқушылар бір-біріне лақтыра отырып, сұрақтарға жауап береді. Кубиктегі сұрақтар:
1-сурак Деректер қоры- қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы. 2-суракДеректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар 3-сурак Сақталатын ақпараттың сипатына қарай Факто-графиялық , Құжаттық 4-сурак Ақпаратты сақтау әдісі бойынша Орталықтандырылған, Бөліктелінген 5-сурак Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша Реляциялық, Иерархиялық, Желілік
6-сұрақ Қанша деректер типі бар және оларды ата:8, мәтіндік, сандық, логикалық, ақшалық, счетчик, Memo өрісі, Дата/уақыт, OLE объектісі.

2. « Сөздік диктант » көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап.
Оқушыларға жеке карточкалар таратылады, ол карточкада көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу керек.
Кестелер – деректер қорының негізгі объектілері. Онда  деректер сақталады.
Сұраныстар –  бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылымдар. Олардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүхгілеуге, өзгертуге, біріктіруге, яғни өңдеуге болады.
Формалар (Қалыптар)  – объектісінің көмегімен қорға жаңадан деректерді қосуға немесе бар деректерді көруге болады.
Макростар –  бұл қайталанатын операцияларды орындайтын ең қарапайым автоматтандыру құралдары.     

парақ
Бағалау парақтары
Интерактивті тақта
музыка
карточкалар
Ортасы
Түсіну
25 минут
Қолдану
Практикалық жұмыс
1.Оқушыларға әртүрлі тақырыпта деректер қорында кесте құру тапсырмасы беріледі.
№1. «Мұғалім» деректер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні, Әр өрістің типін анықтай отырып 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.
  №2. «Пациент» деректер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, туған күні, мекен-жайы, дәрігерге көрінген күні. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр.
№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы,, желдің жылдамдығы. Әр өрістің типін анықтай отырып, 5 жазбадан тұратын деректер қорын құр. 
№4. «Оқушы» ДҚ кестесінің құрылымын жаса. Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, сыныбы, туған күні. «Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.
  №5. «Кітапхана» ДҚ кестесінің құрылымын жаса.Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, баспахана аты, бет саны. «баспахана аты" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.
 №6. «Сабақ кестесі» ДҚ құр. Мынадай өрістерден тұрады: сабақтың реттік нөмірі, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні. «Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.

2.Шығармашылық тапсырма:
Құрған кестелеріне форма арқылы түрлі-түсті түстерге безендіреді, ерекшелейді.
3. Құрылған кестелерге сұраныс жасау.
Компьютер,
Электронды оқулық
Кеспе қағаздар
Жұмыс дәптері
Интерактивті тақта
Мәліметтер қоры бағдарламасы
Соңы
5 минут
Талдау
Жинақтау
3минут «Глоссарий» бүгінгі сабақ бойынша:
Оқушыларға тақырыпқа байланысты сөздер беріледі, сол сөздердің орысша және ағылшынша сөздерін тауып жазу керек.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Деректер қоры База данных Database
Мәтіндік Текстовый text
Сұраныс Запрос inquiry
Сандық Числовой numerical
Рефлексия.
Үйге: Қала бойынша жүретін автобустардың кестесін құрып келу. Мынадай өрістерден тұру керек. Автобус номері, жүретін уақыты, әр аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты. Кеспе қағаздар
Стикер