Алгоритмні? т?рлері (6 сынып?а арнал?ан)
1 4 6 2 3 5 Ақпарат дегеніміз не? Жауабы: Латын тіліне шыққан түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді Ақпараттық үдерістер дегеніміз не және оның неше түрі бар? Жауабы: Ақпараттық үдеріс – қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс – әрекет. Оның 3 түрі бар: 1.сақтау2. Өңдеу3. Қабылдау (беру) Аналитикалық машинаны кім және қай жылы шығарды? Жауабы: Чарльз Бэббидж 1833 жылы шығарды. Ең бірінші програмист әйел адам? Жауабы: Ада Августа Лавлейс 1843 жылы Бэббидж машинасына программа құрды. ЭЕМ –нің неше буыны бар және біз қай буынға жатамыз? Жауабы: ЭЕМ-нің 5 буыны бар. Біз 4-ші буынға жатамыз. ENIAC қай буынға жатады және салмағы қандай болған? Жауабы: 1- ші буынға жатады. 1946 жылы АҚШ – та жасалды. Салмағы 50 тонна болған Бұл қай машина және кім шығарды? Бұл қай машина сипаттама бер СС Алгоритм және оның түрлері Мақсаты: «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру және оның түрлерімен таныса отырып, оларға мысал келтіре білу.
Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын іс – әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.Дәл сипатталған тапсырманы алгоритм деп атаймыз.Алгоритмде кез – келген бұйрық алгоритм деп аталады.Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.Алгоритмде кез келген іс – әрекет бұйрық деп аталады. Мысалы: шай демдеу алгоритмі БасыЫстық сумен шәйнекті шаюШәйнекке шай салуҚайнаған су құю3-5 минут күтуШайды шыныаяққа құюСоңы Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:Сөздік формада2. Графикалық3. Алгоритмдік тілде4. Программалау тілінде Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады.Оны блок – сызба деп атайды. Алгоритмнің басы және соңы сопақша (эллипс) шеңбермен сипатталады. Іс әрекет тік төртбұрышқа жазылады.↓ Барлық элементтер бір бірімен стрелка арқылы байланысады. Енгізу шығару мәліметтері паралелограмға жазылады. Сызықтық алгоритм Егер N қадамы болса және олардың барлығы басынана аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритм сызықтық алгоритм болады. Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады. Басы А, в енгіз С= a+в С ның нәтижесін есепте Соңы СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМГЕ ЕКІ САНДЫ ҚОСУ АЛГОРИТМІН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ С= A+В Тармақталған алгоритм Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретән болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.Шартты тексеру блогын блок – сызбада ромбымен таңбалаймыз.Егер шарт дұрыс болса, “ия” тармағы пайдаланылады, ал оған кері жағдайда “жоқ” тармағы пайдаланылады. Тармақталған алгоритмнің толық формасы және толық емес формасы болады.Мысалы: Тамақталған алгоритмнің толық емес формасына алгоритм құрайық Басы Жаңбыр жауып тұрма? Қолшатыр ал Соңы Терезеге қара ия Жоқ Мысалы: Тамақталған алгоритмнің толық формасына алгоритм құрайық Басы Анаңнан киноға бару үшін рұқсат сұра Рұқсат бердіме Киноға барасың Бөлмені тазалайсың Соңы ия жоқ Циклдік алгоритмАлгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм дейміз. Блок –сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигураға жазылады. Шарт циклдік алгоритмнің басында немесе соңында келуі мүмкін. Мысалы: Циклдік алгоритмге қызыл асықты іздеу алгоритмін құрайық. Басы Қоржынға қолды салып, қызыл асықты табу Табылды ма? Соңы ия жоқ Сабақты бекіту сұрақтарыАлгоритм дегеніміз не?Алгоритмнің неше түрі бар және қандай?Сызықтық алгоритм дегеніміз не?Тармақталған алгоритм дегеніміз не?Циклдік алгоритм дегеніміз не?