конспект Есептегіш техника кабинетіндегі ?ауіпсіздік техника ережесін са?тау.


Сыныбы: 11 қазақ Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: проетор, тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеруЖаңа сабақ
Бекіту
Үйге тапсырма
Қорытынды
І. Оқушыларды ұйымдастыру
a) - Сәлеметсіздерме оқушылар!
- Сәлеметсізбе! (Оқушылармен амандасу)
б) Кезекшімен әңгіме:
- сабақта кім жоқ? (Сабақта кім жок екенін түгендеп алу)
- Бүгінгі күннің жадысы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
9-сыныпта өткенді қысқаша шолу
ІІІ. Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастырып болып жаңа сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.
ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоямын. Тапсырма: техника қауіпсіздігі тақырыбына слайд жасатамын.
V. Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
VI. Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.