Ежелгі Ассирия.Ассирия мемлекетіні? ??рылуы мен дамуы. Урарту мемлекеті. Ежелгі Ассирия м?дениеті


Сабақ жоспары
Пән: Ежелгі дүние тарихы
Сынып: 6 А
Күні: ________
Сабақтың тақырыбы: § 7.Ежелгі Ассирия.Ассирия мемлекетінің құрылуы мен дамуы. Урарту мемлекеті. Ежелгі Ассирия мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны таралы баяндау.
Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңіщінің шығыс жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын баяндау.
Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия жылнамасының ерекшеліктеріне тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: «б.з.б.XVI-Viғасырлардағы Алдыңғы Азия» оқу картасы. Суреттер: «Ассирия жауынгерлері», «Қос дөңгелекті арбадағы урарту жауынгері», «Адам басты, қанатты арыстан» (мүсін) т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест сұрақтары
1.Египетте шағын мемлекеттер пайда болған уақыт:
а)б.з.б. IV мыңжылдықта ә)б.з.б. III мыңжылдықта б) б.з.б. II мыңжылдықта
2.Египеттің ең алғашқы билеушісі: а)Тутмос ә) Менес б)Хеопс
3.Египетте неше дыбысты алфавиттік жүйе болды? а) 20 ә)22 б)24
4.Ең биік пирамида Хеопс салынды: а) б.з.б.2300 ж ә) б.з.б.2600 ж б) б.з.б.2800ж
5.Египеттіктерде неше иероглиф болды? а)650 ә)550 б)750
6.Фивы храмында қанша мүсін болды? а)100 аса ә)150 аса б) 200 аса
7.Оңтүстік патшалық солтүстік патшалықты қашан бағындырды?
а)2000 ж ә)3000 ж б)4000 ж
8. III Тутмос Сирияға неше рет жорық жүргізді? а)15 рет ә)16 рет б) 17 рет
II тапсырма
Египет перғауындарының кейінгі беделді адамдар болып табылды
Пирамидалар бұл-
Папирус дегеніміз-
Египет мемлекетінің алғашқы астанасы болып табылады-
Ежелгі Египетте ірі храмдар салынған қалалар-
IIІ тапсырма Дұрыс жауабын сәйкестендіру
№ Шығарма Не туралы
1 Синухет әңгімесі а) кедейлердің өмірі
2 Астық тасушы ә) египет құдайлары туралы
3 Осирис пен Исида б)саяхат,шытырман оқиға
IV тапсырма.
№ Аталуы Ненің құдайы
1 Амон-Ра а)ақыл құдайы
2 Тот ә)Ніл құдайы
3 Бен-Бен б)Күн құдайы
4 Хапи в) Тас құдайы
IIІ. Жаңа сабақ.
Табиғат жағдайлары
Ассирия мемлекетінің құрылуы
Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы.
Ассирия мемлекетінің құрылуы.
Ашшур қала-мемлекеті.Мәдениеті.
Вавилонның солтүстігінде пайда болған ірі мемлекеттің бірі Ассирия деп аталды.Ол қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік –шығыс бөлігінде пайда болған еді.Бұл аймақта Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда құнарлы жазықтар өте аз болды.Қосөзеннің оңтүстігімен салыстырғанда Ассирияның ауа райы өзгкшелеу болды.Мұнда қыста қар қалыңдау жауды,суықтау болды. Көктем мен күз жаңбырлы болып келеді.Ассириялықтардың шаруашылығында мал бағудың маңызы үлкен болды. Негізінен қой,ешкі өсірілді.Жер шаруашылығының ішінде бау-бақша кең таралды. Тау аңғарлары мен беткейлерде әр түрлі жеміс ағаштары өсірілді. Металл кендері жеткілікті болды. Ассирия маңызды сауда жолдары өтетін аймақ еді.Ассирия жеріндегі ежелгі елді мекендер уақыт өте келе шағын мемлекеттерге айналды.
Солардың бірі Ашшур қала мемлекеті болды. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында мұндағы мемлекеттік мәселелерді негізінен ақсақалдар кеңесі шешіп отырды.
Б.з.б. XV ғ Ашшур қала мемлекеті көтеріле бастады.


IV. Сабақты бекіту.
Ассирияның табиғаты қандай?
Ассирияның шаруашылығы туралы не білесің?
Ассирияның қоғамдық құрылысы қандай болды?
Несие беру туралы не айтасың?
Жауынгерлерге қандай артықшылықтар берілді?
Ашшур қаласының ерекшеленуіне не ықпал етті?
Ассирия патшалығы қалай қалыптасты?Ондағы әскери іс қалай дамыды?
V.Қорытындылау:
VI. Үйге тапсырма: §7 оқу
VII.Білімдерін бағалау