Открытый урок по казахскому литературу на тему ?ыз Жібек жыры (9-сынып)



Күні: 14.10.14 ж.
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 9«а»
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры.
Сабақтың мақсаты: «Қыз Жібек» жыры туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже: «Қыз Жібек» жыры туралы мәлімет алады
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау, қызығушылығын ояту және миға шабуыл стратегиясы, АКТ,
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: А3 форматты қағаздар, постер, АКТ
Сабақтағы жұмыс түрі: топтық
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Түсіндірмелер
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топқа бөлінді Жыл мезгілдеріне байланысты топқа
Психологиялық дайындық «Сіздің
мінезіңіз қандай?»
«Оң ба, сол ма?» ойыны
1.Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады.
2.Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз
3.Қолымызды шапалақтаймыз.
Үй жұмысын тексеру «Дайындығың қалай» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді 1.Жібектің  Сансызбайға 
қосылуына қалай қарайсыңдар?
2.Егер Төлеген Шекті еліне бір
күн кешігіп шыққанда, оқиға ары қарай қалай жалғасуы мүмкін еді?
3.ТөлегенніңЖібекке қосылуына
бөгет болған 4 күш…
4. Егер  сіз  шет елде оқысаңыз  өзге  елден  жиналған  құрбыларыңызға  «Қыз  Жібек»  жырын қалайтаныстырар едіңіз…
5.Егер  Қыз  Жібек Төлеген  кетер 
кездегі  түсінбылайша жорыса  не 
болар  еді…
Қызығушылықты ояту «Қыз Жібек» жырынан үзінді фильм көру Мотивация кезеңі
Мағынаны тану Топтарға «Қыз Жібек» жыры туралы ақпарат жинау тапсырылады 1-топ.Жырдағы салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
2-топ.Жырдың зерттелуі
3-топ.Егер мен жазушы болсам, жырды былай аяқтар едім.....
4-топ. Суретке қарап, диалог құрастыру
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Қорытынды
“Бір айналыс сөйлем”стратегиясымен Жібек пен Төлеген бойындағы қай қасиеттіңбойларыңыздан табылғанын қалайсыңдар? Топтық жұмыс
Бағалау. Оқушыларға критерий қояды Формативті бағалау жұмысы Топтар бірін-бірі бағалау
Үйге тапсырма беру “Кейіпкерге хат”,
”Махаббат деген…”ойтолғау жазу
Кері байланысКүту ағашы Сабақтан алған әсерлері туралы стикермен жұмыс

Рефлексивті есеп.
16.10.14. ж күні 9 «А»-сыныбына «Қыз Жібек» жыры тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрып, сабағымда сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдаландым. Оқушыларды жыл мезгілдері арқылы төрт топқа бөлгеннен кейін, психологиялық ойын жүргіздім. Үй тапсырмасын «Дайындығың қалай» стратегиясымен сұрадым. Мұнда әр топтан бір-бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді. «Қызығушылығын ояту» стратегиясы бойынша «Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді көрсеттім. Топтық жұмыс бойынша төрт топқа тапсырмалар бөліп беріп, оқушыларөздері талқылады. Осы тапсырмаладың барысында оқушылар топпен жұмыс жасап өз белсенділіктерін көрсетті. Дегенмен, оқушылар бірін-бірі бағалау барысында келіспеушілік туындап, шулау болды..
Қорытындылай келе оқушылар сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша ойлау, бағалау, талдау, синтездеу, қарсы пікір айту, өз пікірін айту, баламалы шешімдер қабылдау дағдылары бойынша жұмыс жасады.
Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы бірлесіп, өзара әрекеттесудің арқасында қарым-қатынас біліктілігін үйренді, оқушының зерттеу біліктілігі дамыды. Мәселен, топтық жұмыстарды орындауда бірлесіп проблемма шешу, мәлімет табу, бақылау, талдау, қорыту т.б.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.Оқушыларға тек дайын дүниелерді ғана бергеннен гөрі,түрлі бағыттаушы сұрақтармен, қилы жағдаяттар арқылы бағдар бере отырып іздендірсе, сенім білдірсе,нәтижелі жұмыс жасауға ынталы болады. Мұғалім міндеті- осындай жағдай тудыра білу. Сонда ғана оқушы өз бетімен ізденуге, еңбектенуге талпынады, үйренеді.Оқушының өзінде қозғалыс болғанда ғана онда қызығушылық пайда болады.
Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп
Ашық сабақ
«Қамбар батыр» жыры
Мұғалімі Ж.Д.Исатаева
9 «А»сынып
Шымкент 2014жЛермонтов атындағы №17 жалпы орта мектеп
Ашық сабақ
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырын талдау
9 «А» сынып
Мұғалімі: Исатаева Ж.Д.
2014-2015 оқу жылы