Сабак жоспары д?ниетану ?зен ж?не к?л


Сабақ жоспары Дүниетану 4 сынып 
Сабақтың атауы  Өзен және көл
Сілтеме Дүниетану оқулығы  4 сынып  Алматы «Атамұра» 2011ж       
Әдістемелік құрал
Ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал
Сабақ  жоспары
Презентация
Білімстандарты, ұзақ мерзімді жоспар.
Жалпы мақсаттар Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту
Оқыту нәтижесі Оқушының білімі тереңдейді.
Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.
Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеті артады.
Негізгі идеялар Қазақстанның өзен, көлдерін білу және олардың қандай пайдасы бар екендігін ұғындыру.
Тапсырмалар (сабақтың жүрісі)     
үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны тану кезеңі, сергіту сәті, ой толғаныс кезеңі, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау
Дереккөздер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Құрал – жабдықтар АКТ құралдары: Интернет, мультимедиа, карта,  плакат, постер, түрлі – түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі
Сабақтың жүру барысы
Уақыты Мұғалімнің іс—әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2мин
5мин
35 мин
 
3 мин Ұйымдастыру
Өткен сабақ материалына шолу
Жаңа сабақ «СТО технологиясы»
Бағалау. Жинақталу
Сұрақ-жауап
 
 
Топ басшысының бағалауы
 Ұйымдастыру
Сыныппен сәлемдесу. Тренинг өткізіп, сыныптың оқушыларын түстер  арқылы  топқа бөлу.
Үй тапсырмасы     Жер асты сулары
-         Мазмұнын сұрау
-         Диалогтік әдіс   оқушы - оқушы
-Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр? Оларға нелер жатады? -Табиғатта су неше күйде болады?-Жер асты суы қалай пайда болады?-Бұлақ қандай жерден шығады?-Жер асты суын қалай алып пайдаланады?-Артезиан құдының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?
Қызығушылықты ояту кезеңі    
«Ой қозғау»      Бейнеүзінді көрсету.        Бүгінгі сабақ тақырыбын хабарлау.
 Не білемін?    Постер қорғау
І топ    Өзен                                 ІІ топ    Көл                             ІІІ топ    Су
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Өзен және көл (слайд)
Біздің мақсатымыз өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен танысу. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерімізді кеңейту. Өзен, көлдер жайында танымымызды арттыру.(слайд)
Жаңа сабақты түсіндіру.  Презентация арқылы.1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.  Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы. (Дәптерге жаздыру)
2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.
4) Қазақстандағы тұзды көлдер:Каспий, Арал, Балқаш-жартылай тұщы, жартылай тұзды.Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады.Оларды жасанды көл дейді.Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
«Тьютор оқушының» өзен және көл туралы үйден дайындап келген мәліметін тыңдау.
Мағынаны тану
Топқа оқу стратегиясы.
-мәтінді тізбектеп оқу;
-түртіп алу әдісі;
Картамен жұмыс: -тақтаға оқушыларды шығарып өзен, көл, теңіздерді тапқызу. Дәптермен жұмыс:
- өзен, көл аттарын жазу.
Сергіту сәті     «Нөсер»
Аспанды бұлт жапты.Жаңбыр жауды себелеп,Жаңбыр қатты жаудыЖаңбыр басылды.Күн де ашылды.
Ресурстармен жұмыс
І топ   «Сәйкестендіру»
Ертіс                   Атырау
Есіл                     Қостанай       
Жайық                Павлодар
Сырдария           Астана
Тобыл                Қызылорда
ІІ топ  «Семантикалық карта»
  Балқаш Каспий Ертіс Астана Сырдария
Есіл бойында орналасқан қала          
Жартысы ащы, жартысы тұщы көл          
Мұнайға, балыққа бай көл          
Қазақстандағы ең ұзын өзен          
Бұл өзеннің суын мақта, күріш суаруға пайдаланады          
ІІІ топ  «Концептуальды кесте»
Өзеннің аты Қай жерден басталады? Ұзындығы Қайда барып құяды? Жағасында қай қала орналасқан?
         
         
Ой толғаныс     Топтық жұмыс
І топ     «Бес жол өлең»
Не?                     СуҚандай?             Мөлдір, сұйықНе істейді?        Ағады, қатады, еридіТүйін                 Сусыз тіршілік жоқ.Синоним           Өлі табиғат
ІІ топ   «РАФТ»
 
Рөл -  Жайық өзеніаудитория - адамдарғаформа -  өтініштақырыбы – Жайық өзенін қорғауға алу.
ІІІ топ   «Венн диаграммасы»
 
қалдық
ескі арна,
 қара су,
батпаққа
 айналу,
 үлкендігіне
байланысты
теңіз
 
Бастауы,
саласы,
сағасы,
сарқырамасы,
арнасы,
су тасиды
 
Өзен                                                                                   Көл
 
 
 
 
 
Қорытындылау   Төмен деңгейлі – жоғары деңгейлі сұрақтар қою
-Өзеннің бөліктері қалай аталады?
-Көл дегеніміз не?
-Қандай көл суын ішуге болады?
-Өзеннің маңызы?
-Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?
 
Рефлексия           Стикерге тілек жазу
-сабақ ұнады ма?
-қандай тапсырма орындаған ұнады?
-қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Бағалау
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.
 
Бағалау парақшасы
р/с Оқушының
 аты - жөні Үй
тапсырм.
0-3 балл
  «Қызығушы
лықты ояту»
0-3 балл
  «Мағынаны тану»
0-3 балл
  «Ой толғаныс»
0-3 балл
  ұпай баға
1  
             
 
0 балл – тапсырманы орындауға мүлдем қатыспаса
1 балл – берілген тапсырмаға аз да болса өз үлесін қосса
2 балл – жұмысты орындауда белсенділік көрсетіп, бірақ мазмұндай алмаса
3 балл – белсенді қатысып, толық ашып айта алса
«5» – 10-12 ұпай
«4» – 7-9 ұпай
«3» – 3-6 ұпай
«2» – 0-3 ұпай
Формативті бағалау. Әр топ жауап берген соң қолмен шапалақтап отырады, тәтті тарату, бірін – бірі ауызша бағалау.
Үйге тапсырма
«Өзен және көл» тақырыбын оқу, мазмұнын айту.
Дәптерге үш топқа үш өзен (Тобыл, Нұра, Іле) атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.
Келесі оқу Өзендер мен көлдер туралы қызықты материалдар жинастыру.
Сабақты талдау Топ жұмыстарын талдау, жеке жұмыстарын талдау.
Сабақтар бойынша өзгертулер (сабақты талдаудан шыққан ой – пікір.)