?ыс?а мерзімді жоспар ?зендер мен к?лдер д?ниетану п?ні 4 сынып
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫ
«АҚСУ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
РАИМЖАНОВА ГҮЛШАХАРАТ КОДАРОВНА
ПӘНІ: ДҮНИЕТАНУ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ӨЗЕНДЕР МЕН КӨЛДЕР»
Пән мұғалімі Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы Күні
Раимжанова Г.Қ Дүниетану Өзендер мен көлдер 4 Сілтеме К.Жүнісқызы,Ә.Бірмағамбетов. Дүниетану
Жалпы мақсаты Өзен және көл туралы өмірден білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның ірі көлдері мен өзендері туралы мағлұмат беру,оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Күтілетін нәтиже Қазақстанның ірі өзен мен көлдерінің аттарын, қайда орналасқанын біледі. Судың маңызын ұғады,өз пікірлерін еркін жеткізеді
Ресурстар Смайликтер, физикалық карта,бағалау парағы, презентация
Сабақтың барысы:
Психологиялық жағымды ахуал орнату. «Көңілді күн» ( 1 мин)
Сабақ
кезеңдері Стратегиялар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Физикалық карта бөліктерін құрау Топқа бөлу, бағалау парағын тарату. Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. «Топ ережесін» құрып, келіседі. Бағалау парағымен танысады.
Қызығушы
лығын ояту
2 мин Жұмбақ шешу - Жылт – жылт еткен,Жырадан өткен (Су)-Туған жердің белбеуі, Шұбатылып қалыпты Керемет-ау кернеуі,Тасты тесіп, жарыпты. (Өзен) -Ауыл сыртында сайда Жатыр үлкен айна. (көл)
- Балалар не себепті су, көл, өзен туралы жұмбақ жасырды деп ойлайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз өзендер мен көлдер туралы оқып білетін боламыз. Оқушылар жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.
Мағынаны тану
№1 тапсырма
Картамен жұмыс
3 мин
Қазақстан территориясында өзендер мен көлдерді тапқызу.
Осы өзен- көлдердің қайсысы қай жақта орналасқанын тапқызу.
1- топ. Картадан шығыста: Зайсан, ЕртісБатыста: Каспий, Арал, Жайық сияқты өзендер мен көлдер орналасқанын анықтайды.2-топ. Оңтүстікте: Балқаш, Сырдария, ІлеСолтүстікте: Нұра, Есіл өзендерімен көлдерінің орналасқанын анықтайды.
№2 тапсырма Джигсо әдісі бойынша
топтық жұмыс
12 мин Мәтінді бөлімдерге бөліп береді. Оқушылар оқиды, бір-біріне түсіндіреді, схема түрінде жазады, тақтаға шығып қорғайды
Стикерлер арқылы формативтік бағалау жүргізіледі.
Қызыл түс-керемет
жасыл түс- өте жақсы
сары түс-жақсы
Сергіту сәті. Су айналымын қозғалысы арқылы көрсету
2 мин Тамшы болып тамамыз,Арықпен бірге ағамыз.Көлшік болып жиналып,Күнге қолды бұлғаймыз.Күн көзімен құрғаймыз,Бу боп аспан төрінде,Бұлттар санын құраймыз.Бұлттан жаңбыр сөгілер,Жерге қайта төгілер.
№3 тапсырма
Презентация Қабілетті оқушымен жұмыс
2 мин «Катонқарағай көлдері» С.Қасымбаев
№4тапсырма
Сызықтық Сызықтық диктант
Жеке жұмыс
3 мин 1.Судың 3 күйі болады
2. Картада өзен-көлдер сары түспен боялған.
3. Жеріміздің - 2/3 бөлігін су алып жатыр.
4. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қышқыл су деп аталады.
5.Су тынымсыз айналыста болады
6.Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су болады. Оқушылар диктантты жазады. Ия жауабына түзу сызық, жоқ жауабына қисық сызық сызу арқылы график шығарады. Жұмыстарын интерактивті тақтадағы жауап бойынша тексереді, берілген критерийлер бойынша бағалайды
№5 тапсырма
Венн диаграммасы топ. Адам өміріндегі судың пайдасы мен зияны
топ. Өзен мен көлдің айырмашылығы мен ұқсастығы
№6тапсырма
Сәйкестендіру тесті
3 мин Ертіс АстанаСырдария Өскемен.Есіл Қызылорда Арал АлматыБалқаш ӨскеменЗайсан Қызылорда
Жинақтау №1 тапсырма
5 мин топ. «Ақсу» өзені 2-3 сөйлемнен эссе жазу
2-топ. Су ,өзен, көл туралы мақал-мәтелдер жазу
№2
3 мин
11 сөзден тұратын «Бестармақ» өлеңін құрау.
Не? 1сөз
Не істейді? 2 сөз
Қандай? 3 сөз
Мағыналас сөз. 1сөз
4 сөзден тұратын сөйлем
Бағалау
3 мин Жиынтық баға шығарылады.Топ басшылары таныстырады.
Үйге тапсырма
1 мин 61-62 беттерді мазмұндау. Ақсу ауылының картасын жасап, оған өзендер мен көлдерді түсіру, аттарын жазу.
Кері байланыс
3 мин Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Кім сабақты түсінген болса, күліп тұрған смайлик,ал түсінбеген болса қабағын түйген смайликтер көтереді.