1989 жыл?ы Жа?а?зен о?и?асы, ?ара?анды кеншілері ереуіліні? себептері мен сипаты ашы? саба? 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары, олардың алуан түрлілігі , тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Ой –өрісін ,тіл байлығын кеңейту, шығармашылық жұмыс істеуге баулу .
Тәрбиелігі: Табиғатқа жаңашыр болуға , оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу ,түсіндіру,сұрақ-жауап , СТО бағдарламасының
әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін , назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тарауды қайталау.
Оқушыларға тест парақшалары таратылады.
Тест
Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А) үштен бірін; Ә) үштен екісін; Б) екіден бірін; В) төрттен бірін.
Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.
А) еріткіш; Ә) аққыш; Б) түссіз, дәмсіз; В) иісі бар.
Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?
А) тұщы; Ә) минералды; Б) қышқыл; В) салқын.
4.Ең терең көлді білесің бе?
А) Алакөл; Ә) Байкал; Б) Балқаш; В) Зайсан.
5.Өзен сулары қандай болады?
А) тұзды; Ә) тұщы; Б) шипалы су; В) минералды су.
6.Су қанша күйде кездеседі?
А) 4; Ә) 3; Б) 2; В) 1.
7.Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?
А) теңіздің тасуынан ; Б) судың көп булануынан;
Ә) дауылдың соғуынан; В) жиі жауған жаңбырдан.
Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?
А) 900 л; Ә) 700 л; Б) 200 л; В) 500 л.
Аралдан кейінгі ірі көл.
А) Алакөл; Ә) Зайсан; Б) Балқаш; В) Ыстықкөл.
10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?
А) 900 л; Ә) 700 л; Б) 200 л; В) 500 л.
11.Ауаның түсі қандай?
А) бұлыңғыр,көкшіл; Ә) ақшыл,бу; Б) түссіз,мөлдір; В) жылтыр , газ .
Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?
А) тұман; Ә) нөсер; Б) кемпірқосақ; В) жел
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өсімдіктер мен жануарлардың суретін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлеріқалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен.Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан. Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей , дауыстап оқу.
Дәптермен жұмыс.
VІ. Бекіту.
Топтық тапсырма.
Топқа бөлінуі:
1 топ: Өңір
2 топ: Өлке
3 топ: Атырау
І тапсырма:
Кубизм
1) Зерттеңіз: Өсімдіктер мен жануарлардың шығу тарихы жөнінде айту.
2) Қолданыңыз: Өсімдіктер мен жануарлардың пайдасы туралы айтылады.
3) Өз ойыңмен байланыстырыңыз: Өсімдіктер мен жануарлар туралы мақал – мәтел, ертегі , жұмбақ айтылады.
ІІ тапсырма:
1 топқа : Семантикалық карта
Жалпы атауы Жылан Бақа Тоқылдақ Жусан Қортпа Құмырсқа Қасқыр Бұғы Жантақ
Жануарлар + +
Өсімдіктер + +
Құстар +
Жорғалаушылар +
Қосмекенділер +
Балықтар +
Бунақденелілер +
2 топқа: Суретке қарап әңгіме құрау.
3 топқа: Бес жол өлең.
VІІ.Қорытындылау.
VІІІ.Үйге тапсырма: «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын оқу.
ІХ. Оқушыларды бағалау.