?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары Ту?ан жер


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Қ. Аманжолов. Туған жер
Мақсаты Сабақтың мақсаты: өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;Білімділік: ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру; Дамытушылық: оқушыларды сатылай кешенді талдауға, ізденімпаздыққа тапсырмаларды тиянақты орындауға, алғырлыққа баули отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту;Тәрбиелік: шығармашылық ізденісіне бағыттау, елін, жерін сүйетін ұл - қыздарды тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Өзін-өзі реттеу дағдысы қалыптасады. Проблеманы анықтауда және шешуде ашық сұрақтарға жауап бере алады.
Күтілетін нәтиже +Психологиялық ахуал Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды
Өнер табам деп келдім. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Мақал – мәтелдерді аяқтау
Ат ердің................ (қанаты )Берегеннің қолынан,..........( беремегеннің жолынан )Ер аралаған..............(сыншы болар)Отан оттан да.............(ыстық)Өз елім өлең............. (төсегім)Әркімнің өзі жері....... (жұмақ)Туған жер............ ( тұғырың )Туған ел.............. (қыдырың )Кісі елінде............(күркірегенше,)Өз еліңде............... (дүркіре )Төртеу түгел болса..............(төбедегі келеді )Ынтымақ түбі................(игілік )Сонымен мақал мәтелдер не туралы екен? Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Мұғалімнің түсіндіруі: а) Қ. Аманжолов атамыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз; ә) Қ. Аманжоловтың өмірімен таныстыру Қ. Аманжолов – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ даңқы кең жайылған Қ. Аманжолов (1911 - 1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды.Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата ананы, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады.
Сергіту сәті Қақпаға туралап,Теп допты, оң аяқҚақпаға туралап,Теп допты сол аяқ,Оң аяқ, сол аяқЖаттығу оңай-ақ. Ой толғаныс б) Өлеңді мәнерлеп оқу;( мұғалімнің оқуы ) в) Өлең бойынша сұрақтар: - Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі, өлеңнің қай жолдарында берілген- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой пікірін аңғартуға болады? (қызығыңды еркін көріп келем, сен аямай барыңды маған бердің, мен де саған барымды беремін.) - Осы оқулықта ақынның қандай өлеңімен таныстық? ( Көктем өлеңімен танысамыз.) - Ақынның қандай өлеңдерін білеміз? г) Мәнерлеп оқу. Бір оқушы мәнерлеп оқиды; Тапсырма: «Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.
«Туған жер» өлеңін сатылай кешенді талдау.Туған жер1. Авторы: Қ. Аманжолов.2. Тақырып: белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі.3. Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.4. Идеясы: Ақынның айтар ойы мен мақсаты. туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған елінің, қасиетін, туған жерінің көріністерін суреттеген.5. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.6. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ 7. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны 2 - 3.8. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.9. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)10. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: жас балаға, байтақ едім, кең едім, жер едің. ә) эпитет дегеніміз - заттың ерекше сипатын сапасын, анықтайтын суретті сөз. б) кейіптеу дегеніміз - табиғат құбылысын жандандырып адам сияқты, күлдіріп, қуанту т. б кейіпте суреттеуді айтады.11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады.1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас,2. Ел іші - алтын бесік3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.4 Әркімнің өз жері «мысыр шахары»
Үйге тапсырма Ілияс Жансугіровтың шыармашылығымен танысу . Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауКері байланыс Дәптермен жұмыс: Оқушылардың білімін беки түсу үшін тапсырма беріледі. Тапсырма: 1. Жезқазған сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. 2. Туған елге, жерге байланысты өлең шығару немесе эссе жазамыз; Қорытынды: Жүректен жүрекке. Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтылады. Ән: «Туған жер» Қасым АманжоловПәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сабақтың тақырыбы Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Сабақтың жалпы мақсаты «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер «Ашық-жабық» сұрақтар, «Миға шабуыл», «Кезектескен интервью» , «Жүреміз, ойланамыз” әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ой толғау», «Хокку» әдісі
Күтілетін нәтижесі Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып,ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу Атамекен өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілін - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық «Атамекен» өлеңінің бір шумағын орындайды.
Үй тапсырмасын сұрау 1. Өлеңді мәнерлеп оқу 2. Автор туралы сұрақтар қою 3. «Кезектескен интервью» Өткенді пысықтау Қазақстан туралы карта бойынша түсінік беру. Жеке жұмыс Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді.
Қызығушылықты ояту - Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).
Бейнеролик қарау
- Туған жеріміз туралы бейнероликтен тамашалау. - Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы көрнекті қазақ ақыны «Сарыарқа» журналының редакторы Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі «Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж) Оқушылар өз ойларын айтады. Атырау туралы қосымша мәлімет беріледі. Оқушы үйден дайындап келген автор туралы мәліметімен таныстырады. Слайд Бейнеролик
Оқулықпен жұмыс - Өлеңді аудиотаспадан тыңдау; - Оқушының мәнерлеп оқуы; - Сөздік жұмысын жүргізу Слайд Аудиотаспа
«Жүреміз, ойланамыз» әдісі Туған жер туралы мақал-мәтел жаз
Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың? Біздің туған жеріміз несімен танымал? Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 3 сұрақ бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды Плакат Түсті маркерлер
Ой толғаныс Топтық жұмыс І топ. «Хокку» әдісімен туған жер туралы өлең құрастырады ІІ топ. Туған өлке жайлы эссе жазады ІІІ топ. Өлеңге сүйеніп көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіреді. Слайд Постер
Сергіту сәті Ой толғаныс
Мағынаны тану Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу . Жазушы туралы мәліметтер жинақтау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады