?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті сызы?тар арасымен ж?ру. Жіпті? астынан е?бектеп ?ту. (бірінші с?билер тобы)


Тобы: «Айгөлек»
Тақырыбы: Сызықтардың арасымен жүру. Жіптің астынан еңбектеп өту.
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене тәрбиесі
Мақсаты:
Балаларды сызықтардың, жіптердің ортасымен жүгіруге үйрету, бір тізбекпен жүруге, жүгіруге двғдыландыру.
Қимылды ойындарды қызығушылықпен ойнауға тәрбиелеу.
Балалардың өз бетінше жасалатын қозғалыстық қызметін тұрақты бақылап отыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:доптар, жіптер және ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс: допты домалату, шеңберге лақтыру, жүгіру, еңбектеу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
1.Бір қатар сапқа тұру.
2.Сәлемдесу.
(нұсқауларды орындау)
Шаршамаймыз ешқашанда,
Демаламыз бой жазып
(қолдарын жоғары көтеріп, созу)
Жүгіреміз, секіреміз,
(орындарында тұрып жүгіреді және секіреді)
Көңілденіп ән салып. Бір тізбекпен кіріп, бір қатарға тұрады.
Сәлемдеседі.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
.
Ұйымдастыру- Іздену 1.Жүру түрлері:
-Балалар сендер орманда қандай аңдар өмір сүретінін білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар, аю, қасқыр, қоян өмір сүреді екен.
(үнтаспадан аюдың дауысы естіледі)
-Балалар естідіңдер ме? Бұл аюдың дауысы. Ал, балалар, аю оянып кетпесін, ақырын, аяқтың ұшымен жүрейік.
(үнтаспадан аюдың дауысы естіледі)
-Балалар, аю оянып кетті, кәне бәріміз қашып кетейік, аю бізді ұстап алмасын.
2. Жалпы дамыту жаттығулары:
Балалар орманға барғыларың келе ме?
Ол үшін біз шынығып алуымыз керек.
Кәне менімен бірге жаттығулар жасайық.
(Сылдырмақты қолдану)
А)Қол мен йық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.к: тік тұру, сылдырмақты екі қолмен ұстау.
1. сылдырмақты жоғары көтеру, сылдырлату.
2. сылдырмақты төмен түсіру.
3. Б.қ. келу
Б) Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ: аяқ арасы йық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1. сылдырмақты алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Б.қ. келу
В) Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар
Б.қ: отыру, сылдырмақты екі қолмен ұстау
1. сылдырмақты алға, аяқ ұшына қарай созып иілу
2. Жоғары көтеру
3. Б.қ. келу
Б.қ: тік тұру, сылдырмақты екі қолмен ұстау
1. сылдырмақты ұстап тұрып, алға секру
2. Б.қ. келу
Тыныс алу:
1.екі қолды жоғары көтеріп дем алу
2.қолды төмен түсіріп дем шығару
- Жарайсыңдар балалар, енді орманға баруымызға болады.
-қараңдаршы балалар, біздің алдымызда су ағып жатыр, енді қалай өтеміз? Ол үшін балалар өткен сабақты еске түсірейік. Біз өткен сабақта қос аяқпен секіруді үйрендік, енді мына ағып жатқан судан да қос аяқпен секіріп өтейік.
Негізгі бөлім:
Ортаға аю жүгіріп келіп:
-Балалар, мен орманда өмір сүретін аюмын, менің қарным ашты. Анау тұрған құлпынайларды алуға көмектесесіңдер ме?
-Ол үшін мына сызықтардың арасымен өту керек, ал мен болсам өте алмаймын.
1. Сызықтардың арасымен жүру
( арақашықтығ 20-30 см)
-Рахмет балалар, сау болыңдар!
Ортаға қоян секіріп келеді:
-Балалар, маған көмектесіңдерші.
Анау тұрған үйшікте менің көжегім қалып қойды.
-Ол ұшін мына кедергінің астынан еңбектеп өту керек.
-Көп-көп рахмет балалар, сау болыңдар!
Қимылды ойын:
«Пойыз»
Шарты: Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Бірінің соңынан бірі шашыранды түрде жүріп жаттығуларды орындайды
-аю, қасқыр, қоян
Балалар аюдың дауысын естіп таңданады.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Шеңбер болып тұрады
сылдырмақты екі қолмен ұстап, жоғары-төмен түсіреді. 3-4 рет
сылдырмақты алға созып, жоғары көтереді. 3-4 рет
Отырып сылдырмақты аяқ ұшына тигізеді, тізені бүкпей жоғары көтереді. 3-4 рет
Орнында тұрып секіреді.
3-4 рет
2-3 рет
Сылдырмақты кәрзенкеге салады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, ағып жатқан судан кезек-кезек қос аяқпен секіріп өтеді.
Балалар аюды көріп тамашалайды.
Аюды тыңдайды.
Сызықтар арасымен өтіп, құлпынайды аюға әкеліп береді.
Балалар қоянды көріп қуанады.
Қоянды тыңдайды.
Тартылған жіптің астынан еңбектеп өтеді.
Балалар ойынға қуанышты сезіммен, белсене және шапшаңдылықпен қатысады.
Рефлексивті түзету - Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің орманға саяхатымыз сендерге ұнады ма?
- Орманда қандай аңдарды көрдіңдер?
- Аюға біз нені теріп бердік?
- Қоянға қалай көмектестік?
- Ал, енді, мына келген қонақтармен қоштасып, тобымызға барайық.
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жіптің (биіктігі 30-40 см) астынан еңбектеп өтуді.
Игереді: сызықтар мен жіптердің ортасымен қалай жүгіру керектігін.
Меңгереді: таяқша және жіптермен орындалатын жаттығулырды орындай білу іскерліктерін.