А?ЫЛШЫН ТІЛІН О?ЫТУ ?ДЕРІСІНДЕ О?УШЫЛАРДЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ М?МКІНДІКТЕРІ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ.
Ивакина Зарина Нурлановна
" Петровка жалпы білім беру орта мектебі" КММ
Бұқар - жырау ауданы, Қарағанды облысы, петровка ауылы
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
ХХІ ғасырдағы оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мұғалімге алдымен оқушының функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамыту маңызды болып отыр. Функционалды сауатты оқушы тәрбиелеуде сындарлы оқытудың маңызы зор. Ол оқыту үрдісіне әртүрді тиімді технологияларды енгізу, әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде өте көп еңбектенуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» деп атап көрсетілген.
Елбасының тапсырмасы бойынша функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық – оқушының оқу әрекетіне (танымдық қабілеттерді игеру негізінде) байланысты проблемаларды; өмір сүру барысында туындайтын стандарттық проблемаларды (ережелер мен алгоритмдерді меңгеру негізінде); құндылықтар жүйесінде бейімдеуге қатысты проблемаларды (құндылықтар туралы білімді меңгеру негізінде); кәсіби білімге дайындалу барысында туындайтын проблемаларды (тірек білім мен білікті, сондай-ақ кәсіби білім жүйесі туралы, кәсіби оқу мекемелеріне қабылдау ережелері туралы және оларда оқу ерекшеліктері туралы білімді меңгеру негізінде) шеше алу қабілеті. Бүгінде жаңаша ойлай алатын мұғалім мәртебесі де жоғары болмақ, ол оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа формациялы мұғалім.
Сол себепті білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім қандай болу керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі арта түспек. Ол үшін алдымен мектеп
бітіріп шыққан оқушының табысты болып қалыптасуына кәсіби білімді мұғалім қажет. Қоғамның қойып отырған талаптары да осы, ал қоғам талаптарына сәйкес болу үшін мұғалім өзінің білімін жетілдіре, мінез-құлқын тәрбиелей, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білуі керек. Нағыз мұғалім – өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері, оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асатыны белгілі. Сонымен қатар жаңа технологияларды кеңінен пайдалану да маңызы болып отыр. Бүгінде жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Аз ғана уақыт ішінде біліктілікті арттыру курстарының мазмұнына да өзгерістер кең көлемде енгізілді. Солардың бірі – деңгейлік бағдарламалардың енгізілуі. Бағдарлама аясында оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білумен қамтамасыз ететін сындарлы ойлау және логикалық ойлауды дамыту үшін жаңаша әдістер
қарастырылған.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ендеше оқушының фунционалдық сауаттылығы да арта түспек.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Сындарлы ойлай білген мұғалімнің де оқушысы сыни ойлай алмақ. Сыни ойлау –ашық қоғам негізі. Ол әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.
Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтанда сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалардың сабақта болуын қадағалаймын. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі ағылшын тілі болғандықтан көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне мән беремін. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады.Осы уақытқа дейінгі өткен сабақтарым бойынша: Мотивациясы төмен оқушылар топпен жұмыс кезінде топтағы оқушылармен ілесіп өз ойларын жеткізіп сабаққа қызығушылығы мен қосымша материалдар ізденіп, өзінің шығармашылықтарын көрсетуде. Ағылшын тілінде өз ойын еркін жеткізу немесе диалог құру оңай емес соған қарамастан алғашқыда сабаққа толық араласа алмай отырса да, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне ықпал жасап, сабаққа қызығушылығымен қатар өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, лидерлер қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жанашырлық пен көмектесе бастады. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.Рефлексивті практик бола алдым ба?Жоқ бола алмадым, әлі де жете меңгермеген тұстарымды дамыту керек екенін ескере отырып, алдағы уақытта, қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, ағылшын тілін оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.
Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.
Пайдаланған әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007.
2. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010
3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған Ұлттық жоспар» / http://www.edu.gov.kz.
4. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. Білім-
Образование, 2006 -№2