Сыныптан тыс сайыс Елім мені?


Тақырыбы: «Менің елім»
507936532258000Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, елін, жерін, отанын сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу;
Сәйгүліктің құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын, қазақ, осы, қараңдар,
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Арма ағайын, құрметті ұстаздар мен оқушылар, алдарыңызда елжанды ұл мен қыздың думаны «Елім менің». Оқушыларды елін, жерін, отанын сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу, бойларында патриодтық сезімдерін күшейту мақсатында өткізіліп отырған бұл ойынға 7-8 класс оқушыларынан құралған 2 топ және олардың жанкүйерлері қатысып отыр. Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын атсын.
Екі топқа да сәттілік серіктеріңіз болсын дей отырып, ойынымызды бастаймыз. Алдарыңызда «Елім менің» думаны. Біздің ойынымыз қызыққа толы 5 айналымнан тұрады. Әр айналым сайын ережеге нақтырақ тоқталып отыратын боламыз. Ендеше1 айналым. 1 айналым біздерде 3 бейне сұрақтардан тұрады, фильмдер, телехабарлар, оқиғалар немесе тұлғалар жайында болады, тапсырма түсінікті болса экранға назар аударайық.
1.Ал енді сұрақ мынадай: Өртелген кімнің кімге жазған хаты?
2. Назарбаев университеті алғаш түлегін қашан ұшырды?
3.Сұлтан қандай сыйлық алды, және оны не істеді?
2-айналым.Қиуадан шауып, қисынын тауып,
Тағыны жетім қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
2-айналым сөз сауаттылықты тексеруге арналған. Ендеше алғашқы сынақты бастаймыз.
1сөз. Сәнқой, 2 сөз-жұлдызша, 3-сөз-қиянкескі, 4-сөз-шүбәлану, 5-сөз – жерұйық, 6-сөз – құмырсқа.
Ендігі белес тұрақты сөз тіркестері туралы болмақ. Экранға фразиологиялық тіркестер шығады, сіздер соның мағынасы мен баламасын дұрыс тапсаңыздар сіздерге бір ұпай беріледі. Бәріміз экранға назар аударайық.
Біз енді үшінші бөлімге көшеміз, танымды кеңейтіп, тілді байытуға сұрақтар болады. Үшінші бөлімде қазақтың көнерген сөздерін жасырады және сұрақтың үш нұсқасын беруі қажет.
3-айналым. Бұл айналымда ел тарихында ерекше орны бар, танымал тұлғалар туралы болмақ. Олар қазір арамызда болмаса да, елімізге ерекше еңбегі сіңген азаматтар, олар арамызда жүрген белгілі қайраткерлер немесе әдеби шығармалары арқылы оқырмандарға жақсы таныс кісілер болуы мүмкін. Оны сіздерге топ басшысы көбірек мәлімет беру арқылы таныстыратын болады. Уақыт шектеулі
4-айналым шағын екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде экранда көрсетілген Қазақстан картасындағы қалалардың атын тауып, дәл айтып беруі керек. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Келесі екінші бөлімінде танымал ақындардың өлеңдерінен үзінді, немесе қанатты сөздер жасырылатын болады, сіздер сол кімнің сөзі немесе кімнің айтқанын табуларыңыз керек.
1. ....Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер ,білім бәрі де
Оқуменен табылған. ( Ыбырай Алтынсарин)
2. Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі, (м.шаханов)
3. Уа, туған жер топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың (Әбу Сәрсенбаев «Туған жер»)
4.Арғынмын атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусы көкке дамылдаған. (І.Жансүгіров «Әнші»)
1.Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар. (Абай)
2 Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,тауып айтқан сөзге шың жетпейді.Өзің білмесен білгендерден үйрен,үйренгеннен ештеңең кетпейді. ( ТӨЛЕ БИ)
3. Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. (Бұқар жырау)
4.Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат. ( Қазыбек би)
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей, (махамбет)
5-айналым. Ел өміріне байланысты қызықты сұрақтар қойылады сіздер сол сұрақтарға сенемін немесе сенбеймін деп жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап әдеттегідей бір ұпай.
1.ҚР-да 16млн адамдар тұрады? Иа
2.Қазақстанда қант шығаратын зауыт біреу? Иа
3.Қазақстан алтын қоры бойынша 10-шы орында екеніне сенесіз бе? Жоқ. 6-орында
4.Қазақ палуаны Қажымұқан 56 медаль иеленген сенесізбе? Иа
5.Қазақстан жерін 120-дан астам ұлт өкілі мекен ететініне сенесіз бе? Иа
6.Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сенесіз бе? Иа Атырауда
7.Ақсу-Жабағылы қорығы Алматыда орналасқан? Жоқ Жамбылда
8.ҚР-ның Қызыл кітабының 2-басылымында жануарлардың 150түрі мен түр тармақтары тіркелгеніне сенесіз бе? Жоқ 129 түрі
6-айналым Соңғы айналым алдыңғы бес айналымның тобықтай түйіні десек те болады. Ойын ережесі өте қарапайым. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, уақыт шектеулі, бір жарым минут ішінде мен қойған сұраққа осы әріптердің көмегімен жылдамырақ жауап берулеріңіз тиіс. Әдеттегідей дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жеңіске жеткен топтар марапатталады.