Та?дау курсы Ол кім?Б?л не? 2-сынып
Түсінік хат
Әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер көп-ақ.Өмірді жете танығысы , бәрін білгісі келетін олар «Ол кім?» , «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды.Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы-табиғи заңдылық.Сондықтан таңдауы бойынша пән ретінде «Ол кім? Бұл не ?» атты сабақ енгіздім.Сан алуан тақырыпты қамтитын бұл курс балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді.
Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін кеңейту, дүниедегі ғажап та қызықты жайттар жайлы мәлімет беру.
Міндеті:
ізденушілік пен шығармашылыққа баулу
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру
дүниетанымдарын кеңейту
белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
өздерін қызықтырған сұрақтарға жауапты әр түрлі ақпарат құралдарынан іздеп, таба алуды;
алған білімдерін қажет жағдайларда қолдана білуді;
өз көзқарасын, пікірін жеткізе білуді білулері керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Сен білесің бе?» энциклопедисы «Аруна» баспасы
«Сұрақ және жауап» энциклопедисы «Алматыкітап» баспасы
Қазақстандағы жануарлар әлемі А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь «Алматыкітап» баспасы
Оқушының анықтамалығы «Алматыкітап» баспасы
Әлем кереметтері «Аруна» баспасы
Жер «Аруна» баспасы
Шөлдер «Аруна» баспасы
Таулар «Аруна» баспасы
Ормандар «Аруна» баспасы
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту
1 Кіріспе 1 6.09 2 Ғалам және күн жүйесі 2 20.09,27.09 3 Жер туралы не білеміз? 2 11.10, 18.10
4 Ауа райы , климат және атмосфера 1 25.10 5 Ауа және тіршілік жайлы 1 1.11 6 Су және тіршілік жайлы 1 15.11
7 Таулар мен өзендер 2 22.11, 29.11
8 Шөлдер мен өрістердегі тіршілік 2 06.12
13.12
9 Күн ,түн және жыл мезгілдері 1 20.12 10 Жануарлар патшалығындағы ғажайыптар 2 27.12 11 Тарихи кезеңге дейінгі жануарлар 2 12 Сүтқоректілердің сыйы 1 13 Құстардың қызықтары 1 14 Жоғалаушылар мен қосмекенділердің мекенінде 1 15 Балықтар, бунақденелілер 1 16 Өсімдіктер әлемінде 3 17 Көне дүние кереметтері 2 18 Ғылым кереметтері 2 19 Осы күнгі кереметтер 2 20 Зерттеушілік жұмыс 3