Математика саба?ынан ашы? саба?.Та?ырыбы:?айталау (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы:Қайталау
Мақсаты
Білімділік: Оқушылармен өткенді қайталау арқылы есептердің шартын құрдырып шешуін таптыру.Амалдарды орындату.Кесіндіні өлшеу және сызу.Тура теңсіздікдіктерді жаздыру.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен есептердің шешуін және жауабын сауатты жаза білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз ойын жинақтап еркін жеткізе білуге,қорытынды жасап, дәлелдей білуге және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:слайд,электронды оқулықтар,суреттер.
Сабақтың типі:қайталау сабағы
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз,қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдейміз күндей біз
Ренжуді біз білмейміз
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
-Оқушылар сендердің алдарыңда белгілі бір сандар және әріптер шығып тұр.Осы суреттегі әр-бір санның бастапқы әрпін сендер айтыңдар мен бар әріпті қоса отырып жазғанда бүгінгі біз өтетін сабақтың тақырыбы шығады.(40,6,й,9,60,л,6,у)Қайталау.
Оқушылар бүгінгі сабақта, бізге Алма атты әжей көмек сұрап отыр.Алма әжейге бізден қандай көмек керек екенін оның хаты арқылы білейік.(слайд)
-Ол хатында былай дейді:Оқушылар сендер бүгін менің үйімді асарлата (барлығы бірге) отырып іргетесын мықты,ішін жылы әрі жарық етіп салуға көмектесіңдерші.
-Әжейге көмек береміз бе?
-Иә
- Оқушылар біз ол үшін тапсырманы дұрыс орындауымыз керек.
(Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі)
Мағынаны тану.
-Ірге тасымызды қалау үшін мына есептің шартын құрып,шешуін табуымыз қажет.
-Есепті оқиық.(слайд)
1-есеп
Нұржан-7
Гүлжан-3?
7+3=10 (г)
Жауабы:
Олар барлығы 10 гүл сыйлады.
-Міне есепті орындап,жазып болғанша біздің іргетасымызда қаланып болды.
-Енді үйіміздің қабырғасын жылы болатындай етіп қалау керек.Ол үшін біз екінші тапсырманы орындауымыз керек.(слайд)
№2. «Әйнекшенің» орнына тура теңсіздік шығатындай сандарды қой.
4>0 4>3
4>1 4>2
-Өздерің көріп отырғандай сіздер дәптерге жазып болғанша үйіміздің қабырғасы да қалың болып,қызыл кірпіштен қаланды.
-Енді әжейдің үйін түзу әрі дұрыс қалаушы құрылысшыларға ұзындықты өлшеу құралынсыз болмайтыны анық.Олай болса барлығымыз сызғышымызды ала отырып, келесі тапсырманы орындаймыз.Бұл тапсырманы орындағанда біз өзіміздің танымдық қабілетімізді де дамытамыз.
№3
4 см
3 см
-Соңғы тапсырманы орындасақ болғаны әжейдің үйінің шатыры да қаланады.
-Ендеше соңғы тапсырма.Қатесін тап және түзет.
№4
6-3=34+3=78-3=5
10-3=65-3=20+3=3
-Міне мәреге де жеттік,асарға ат салыса қатысып отырған оқушыларды әжей өз сыйлығымен марапаттайды.(тәттілер таратылады)
Сергіту сәті
Жоғарыға қарадым,
Аспанды көрдім.
Оңға бұрылдым,солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім.
(Ой сергітеді,шаршағандары басылады)
Ой толғаныс
Ойлан,тап:
9*1>5*4
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады