Квадратты? функция. 8 сынып


Сабақ: «Квадраттық функция» Мектеп: Подхоз ЖББНМ
Күні: 17.02.2016ж Аты-жөні: Мухтарова Айтканым Булатовна
Сынып: 8 Қатысқан оқушы саны Қатыспағандар
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: Квадраттық функция түрлерімен және графигін сала білуге есептер шығару
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар
А. Квадраттық функция туралы біледі
Оқушылардың басым бөлігі
В. Квадраттық функцияларды айыра алады, графигін сала алады.
Кейбір оқушылар :
С. Квадраттық функцияға берілген есептерді шығара алады
Тілдік мақсат Оқушылар
Квадраттық функция анықтамасын береді
Негізгі сөздер мен тіркестер
Дәптермен, оқулықпен жұмыс
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)
Квадраттық функция дегеніміз----
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? (айтылым)
Функциялар туралы білудің біз үшін маңызы қанша?
Жазылым бойынша ұсыныстар
Функциялардың түрлері
Сызықтық -
Квадраттық -
Алдыңғы оқу Квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу.
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Формативті бағалау (ОҮБ) Ресурстар
Басталуы Кіріспе. Жүректен –жүрекке тренингі
(1-2 мин)
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын өзара дәптерлерін ауыстыру арқылы тексеру.
Жаңа сабақтың табыс критериийін бірге анықтау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды
Ортасы «Ой қозғау» стратегиясы бойынша тақырыпты еске түсіреді.
1) Кеспе қағаздар арқылы сұрау
1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
2.Берілген функциялардық қайсысы квадраттық функция болады?
1) у=5х2-6 4) у=4х2
2) у=7х-1 5) у=x3+x+1
3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х
3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?
4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?
2) тест тапсырмаларын орындау
Мағынаны тану. Есеп шығару
№252,254,255,
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Критерий бойынша бағалау маркерлер, кесте, ноутбук, бағалау парақшалар, стикерлер
Аяқталуы Бекіту «Бір минут» әдісі бойынша сабақты бекіту. Ыстық орындыққа отырған оқушы бір минутта өтілген тақырыпқа байланысты өзінің ақпаратын ұсынады.
Бағалау
Үйге тапсырма: №253,255(2,4)
Кері байланыс (Рефлексия)
Сабақтан алған әсерім

Сабақ туралы пікір жазу мен қаншалықты меңгердім? Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Дарынды және талантты оқушыларға деңгей бойынша есеп шығару, төмен деңгейдегі оқушыларға оқулықты пайдаланып есеп шығару берілді. Қалыптастырушы бағалау әдістері, критерий арқылы бағаланды Оқушылардың жеке, топтық жұмыс жасау арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті нығая түсті.
Power Point программасында таныстырылым ұсынуда санитарлық ережелер ескерілді.
АКТ пайдалана отырып жұмыстанды. Мәліметтер іздеді.
Математика информатика, пәндерімен байланыс болды.
1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
2.Берілген функциялардық қайсысы квадраттық функция болады?
1) у=5х2-6 4) у=4х2
2) у=7х-1 5) у=x3+x+1
3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х
3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?
4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?

тест тапсырмасы
Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1
2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:
А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д) жіктеуге болмайды.
3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған?

А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа
4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?
А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен
5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен
Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.


Сабақтың табыс критерииі
Оқушының аты-жөні:
№ Критерийлер Ұпай
1 Анықтаманы білемін. 0 1 2 3
2 Квадраттық функция және оның графигі туралы түсіндім 0 1 2 3
3 Квадраттық функцияларды ажырата аламын 0 1 2 3
4 Квадраттық функцияеың графигін сала аламын 0 1 2 3
5 Есептер шығара аламын 0 1 2 3
Жалпы ұпай саны: 13-15 ұпай «5» Сен керемет орындадың!
9-12 ұпай «4» Сен жақсы жұмыстандың!
4-8 ұпай «3» Сен жарадың!