5 сынып о?ушыларына арнал?ан Жігіт с?лтаны сайысы


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

Өткізген: Бахтыгереев Ербол Ислямұлы
8 «а» «б» сыныбы
2014-2015 оқу жылы
Жігіт сұлтаны
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны 2015ж»Мақсаты:1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Байқауға қатысатындар: 7 сынып оқушыларыБайқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі.Байқау барысы.1. Ұйымдастыру кезеңі.Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.1 – жүргізуші:Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны 2015» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.2 – жүргізуші:Нағыз кәусар жігітті,Нағыз қайсар жігітті,Нағыз бұлбұл жігітті,Нағыз дүлдүл жігітті,Анықтайтын кез келді!1 – жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық!Ата жолын жалғамақЕл дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Ұлдар шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны 2015» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,Мектепте өнерімен болған сыйлы.Беделді сыныптың ер жігіті,Шақырайық ортамызға Рахмет ұлды -7 «б»-сынып оқушысы Ғизатов Арсен РахметұлыСпортпенен білім жағын бір қосқанКем қалмаған талантпенен табысқанҚараңыздар Темірбекұлы ортадаТауды бұзар шын кіріссе намыстан -7 «а»-сынып оқушысы Қайырболатов Диас ТемірбекұлыБіледі ол жақсы менен жамандыӨнерменен тамсандырған адамдыҚошеметтеп шақырайық ортағаАсқарбек атты жігіт болған сабазды -7 «б»-сынып оқушысы Төлегенов Ғасырбек Әбесұлы
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,Барлық істі тыңдау бар ойында.Дәулетұлы Дамирдей жігітті,Шақыралық қошеметпен ортаға -7 «а»-сынып оқушысы Ғапуров Дамир Дәулетұлы.2 – жүргізуші:«Жігіт сұлтаны 2015» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!1. Мектеп психологі: Сүндетова Калима Сағынғалиқызы2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Салыхова Жанар Қазақстанқызы3. АӘД және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Шаменов Шыныбек Утеғұлұлы 1 – жүргізуші:Қайсысы әнші, кім биші,Талабына қарайық.Кімдер зерек, кім жылдам,Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.ІІІ бөлім «Жүзден – жүйрік» эстафета сайысы.ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.V бөлім «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру (1минут үшінде).VI бөлім «Мерекелік дастархан құрау»
VIIбөлім . «Сегіз қырлы, бір сырлы». (қыз баланың шашын сәнділеу)
2 – жүргізуші:Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны 2015» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.1 – жүргізуші: І-сайысАқыл – көрік бойларында жетеді,Әлі талай сынақтардан өтеді.Мына отырған баршаңызды өзіменТез арада таныстырып өтеді
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,Бір басына өнері жетер деймін.Бәсекеге түскен төрт жігіт кезектесіп,Таныстырып өздерін өтер деймін. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.2 – жүргізуші: ІІ-сайысТаныс болдық жігіттер тегімененТуып өскен мекені, еліменен.Бәрі де ақын көрінеді,Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.Парасатты ер жігіт,Ақылымен әр іс біледі.Өнерің барда жігіттер,Тоқталып сірә, іркілме.Жұрт қарасын қызығып,«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.Ал кімнің өнері бар қаншалықты,Би билеп, ал біреуі ән салыпты.Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
1-жүргізуші: ІІІ-сайыс
Ер өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай.Күш өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай – деп «Жүзден – жүйрік» эстафета сайысы.
2 – жүргізуші: ІV-сайысӘй, ер жігіт, ер жігіт,Ей, өр жігіт, өр жігіт.Атыңа ерік бер, жігіт.Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.
1 – жүргізуші. V-сайысМықты болсаң тығырықтан шыға білКелді кезек тапқырлықты танытарБұл сыннан да өтсең егер сүрінбейЖүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру (1минут үшінде).
2 – жүргізуші: VI-сайыс
Тамақ та түсте пісіп те Тойдырды қарнын күшік те Кінә тағады маған кім? Мен осындай адаммын! – деп «Мерекелік дастархан құрау»
Ортаға бишілер тобын шақырамыз.
1 – жүргізуші. VІІ-сайыс
Өмір деген сынақ пенен бақыттанЖаратылған зымыраған уақыттанЕрің болса тіреп жүрген жаныңдаНәзік жан боп қуанарсың шаттықтан-деп «Сегіз қырлы, бір сырлы». (қыз баланың шашын сәнділеу) сайысымызды бастаймыз.
2 – жүргізуші:Осымен, «Жігіт сұлтаны 2015» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, класымыздың аруы Тлемисова Альбинаның орындауында «Ақ көгершін» әнін тыңдасақ. Қарсы алыңыздар.1 – жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.Қазыларға тек қана әділдікті,Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.2 – жүргізуші:«Жүзден – жүйрік» күшімен,«Мыңнан – тұлпар» шықты шыңЖігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!Құттықтайық ал ендіСұлтан болған баланыӨрге жүзіп өнері,Тауға өрлесін талабы.Қуанышты жанары,Шоқтай болып жанады.Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны 2015»2. «Дарынды жігіт»3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».4. «Өнерпаз жігіт»1– жүргізуші:Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!