Жігіт с?лтаны т?рбие шарасы .2 сынып


Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны" 2-сынып 
Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық.Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін қорғамақ.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы сегіз жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Сайысымыз ҮІ кезеңнен тұрады.
кезең Таныстыру.
Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуға,Жігерленіп келіп жетті,Әдеппен, ізетпен табысуға.1. Қуантады білімімен бізді МансурҚол соғып қарсы алайық, енді оны біз.Білімің серік болсын талабыңа,Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
2. Өнер қуған жасынанӨнері судай тасығанКелесі біздің ОрынбасарКөрінген күштің басынын
3. Сыйлаған ата - анасынҮлкеннің алған батасын ол біздің Илияс
4. Сүрінбей сыннан өтемінМақсатыма жетемін деп келе жатқан Әділет
5. Жігіттің дара туған ірісіндейЖүрісі батырлардың жүрісіндейКелбетті батыр тұлғаСом білек Қажымұқанның інісіндей Ол біздің Аян
6. Ақынның тұяғымын сартылдағанАсылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан біздің Расул
7. Арман бар биік шыңға шықсам дегенҚыран боп көк әлемге ұшсам дегенБүгінгі сайыста жеңіп шығыпКең сермеп қанатымды ұшсам деген
Ол біздің Әлихан мен Азат
Ақыл-көркі бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршаңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді. 
Ортаға шыққан ұлдарымызға жеребе арқылы өз нөмерлерін ұсынамыз.Енді өздерін таныстырады.
ІІ кезең: Үй тапсырмасы: «Қол өнері»
Шеберлерім өнер тамып қолынанЖаңылмаған ата - баба салтынынШебер қолдар өз өнерлерін көрсетсінБіз айталық төрелігін соңынан.
Өздеріне ұнаған заттарды жасап, оны таныстыру.
ІІІ кезең : «Ой толғау» кезеңі.Ал, кәнеки қырандарБосқа қарап тұрмаңдар.Бастап жігіт өнерінАлыстарға самғаңдар«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.1.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?І. Жылқы - құлын ІІ. Сиыр - бұзау 
ІІІ. Қой – қозыІҮ. Ешкі – лақ
2. Түйенің сүтін ата.
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4. Сәби баланың төсегін ата.
5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
8. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?1. Түйе – Ойсылқара2. Жылқы – Қамбар ата3. Қой – Шопан ата4. Ешкі – Шек-Шеката5. Сиыр – Зеңгі баба
9. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
10. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.1. Қаңтар 7. Шілде2. Ақпан 8. Тамыз3. Наурыз 9. Қыркүйек4. Сәуір 10. Қазан5. Мамыр 11. Қараша6. Маусым 12. Желтоқсан
11.Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық, Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар
12. Жыртқыш құстардың атын ата. Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
13 . Үш ұғым туралы сұрақтар1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
14. Қазақша апта аттарын ата.Дүйсенбі бейсенбіСейсенбі ЖұмаСәрсенбі Сенбі
ІҮ кезең : «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»
Мақал-мәтелдер жаттау. Мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Ү кезең : Өнер көрсету.
Кедеймін деп қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысыЖарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.
ҮІ кезең : Спорт сайысы.
Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
Спорт сайысы: 1. Білек күшін сынау.ҮІІ .кезең. Қорытынды.Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды. Ұлдарымыз
1.«Өнерлі жігіт» , 2. «Білімді жігіт» ,3. «Ақылды жігіт» ,
4. «Сымбатты жігіт», 5. «Дарынды жігіт», 6. «Жігерлі жігіт».7. «Шебер жігіт» , 8. «Ақындық өнері бар жігіт» атағымен марапатталады.
Ендігі сөз кезегін мектеп әкімшіліігі мен ата-аналарға береміз.
3 - кезең. Өнер көрсетуКедеймін деп қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысыЖарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.1. Нұрым «Сұлу қыз» әнін орындайды.2. Дияс «Қара жорға» биі3. Жансұлтан «Жаяу Муса» әні4. Бегайдар «Сиқырлы сандық» сиқыр көрсету5. Ерлан «Анашым» әні6. Мұхаммедамин «Шофёр» биі7. Нұрман «Ауылым» әні4 - кезең. Қамшы өруШеберлерім өнер тамып қолынанЖаңылмаған ата - баба салтынынШебер қолдар өз өнерлерін көрсетсінБіз айталық төрелігін соңынан5 - кезең. Күш сынасуАт өнері білінбесБәйгеге түсіп жарыспайҚоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)6 - кезең. Сән үлгісіЖігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
1) ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді үйретіп ұғындыру;
2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;
3) отбасы дәстүрін сақтауға, ата- аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жоспар
-              Ойынды ашу
-              Ойыншыларды таныстыру
-              Ойын тәртібін түсіндіру
-              Мақалшылар сайысы-              Көрермендермен ойын ( Мақал- мәтелден сайыс)
-              Жұмбақшылар сайысы-              Көрермендермен ойын ( Жұмбақ шешу)
-              Мақалшы, жұмбақшы сайысы-              Абайдың қарасөзі
-              Ән шашу-              Қорытынды
 
БарысыМұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысатын ата- аналар, ұландар, бүгін 3- сынып оқушыларының аралығында отбасылық бағытта өтетін « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1- оқушы: Жанұямыз-сәніміз,
                    Отбасымыз- әніміз.
                    Біз бастадық сайысты,
                     Қош келіпсіз бәріңіз!
2- оқушы: Арым да, ардағым да анам екен,
                          Ана деген- мен үшін атамекен!
                            Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті
                            Жүрегімде жыр болып жатады екен.
3- оқушы: Өзің барда еш қатер де төнбейді
Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.
Асыл- әке,мейіріміңді ойласам, Жыр оралып, шабыт мені тербейді     Оқушылар: Бұтағы бабасының,
Ұрпағы атасының,
Шуағы әжесінің,
Тұяғы әкесінің,
Тілегі анасының.
Тірегі ағасының
               Түлегі даласының,
              Дарытқан бар асылын              Мен- қазақ баласымын!
1- жүргізуші: Мақал айтып көрейік, бүгінгі сайыстың 1- айналымында мақал айту сайысы ( сайысқа қатысатын ата- аналар шақырылады.)
2- жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.
                                              1- айналым        ( Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.
           Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.)      
         Ананың көңілі балада,
         Баланың көңілі далада.
 
        Ананың сүті- бал,
        Баланың тілі- бал.
 
        Ұлдың ұяты әкеге,
        Қыздың ұяты шешеге.
   
       Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да
       Қарызыңды өтей алмайсың
 
       Көп жасаған білмейді,
       Көпті көрген біледі.
 
       Әдепті бала- арлы бала,
       Әдепсіз бала- сорлы бала.
 
       Қарт кісіні қадірле,
       Өзің де қарт боларсың.
 
       Ата көрген оқ жонар,
       Ана көрген тон пішер 
       Туған жердің қадірін
       Шетте жүрсең білерсің.
 
      Қына тасқа бітеді,
      Білім басқа бітеді.
 
      Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
      Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
 
      Сөздің көркі- мақал,
      Жүздің көркі- сақал.
 
1- жүргізуші: Екі ойыншы қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады. Екі ойыншы өзара сайысады. Бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақал айтады.
( 1- айналым жеңімпазы анықталып, 2- айналымға қатысады.)
Көрермендермен ойын ( айтыс)
Ұлдар мен қыздар болып екі топ құрып мақал айтысады. Жүргізуші бір мақал айтып бастайды, қай топ жалғастырса сол топ айтысуды бастайды.
                    
    Білекті бірді жығар,
                  Білімді мыңды жығар.
 
Ақыл- тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кең.
 
Күш білімде, білім кітапта.
 
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
 
                                            2- айналым2- жүргізуші: Жұмбақ шешу сайысы. Ендеше  ортаға бүгінгі сайыстың 2- айналымына қатысатын жұмбақшыларды шақырайық.
  ( Жұмбақшылармен таныстыру. Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады.)
1- жүргізуші: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырмада жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады. 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады. Жеңімпаз 3- айналымға өтеді.
  
  Жаурағанды күлдірер,
    Өз еркіне жіберсең,
    Дүниені   бүлдірер.   ( От)
 
   Аласа ғана бойы бар,
   Айналдырып киген тоны бар.  (қой)
 
   Асқар тауда                  Қалың орман,
   Оны кейде   Шөптей орған.     ( Шаш)
 
                  Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
   Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.     ( Сыпыртқы)
 
                  Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,
   Бұл үйден көреген болып шығасың.    ( Мектеп)
 
Бетін адам ашадыБілім нұрын шашады.      ( Кітап)
        
Қалпақты шымырдыТөбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды
Дәйім дайын тұрады.    ( Балға)
 
Көше бойлап аяңдайды,
 Адам тасып аялдайды.    ( Автобус)
 
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмі,
Кім бар жеп көрген?       ( Құрт)
 
1- жүргізуші: 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап кеген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады.
2 айналым жеңімпазы анықталып, 3 айналымға қатысады. ( Көрермендермен ойын)
 
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар.      ( Бидай)
        
Күмбір- күмбір күйі бар
Құлағыңа түйіп ал.          ( Домбыра)
 
Маған да, саған да
Жақын туыс- бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне кім атын?              ( Ата, ана, апа, аға, іні)
 
1- жүргізуші: 3- айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.
 
Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Қыс келсе жұртты жылытып,
Үйді- үйге барамын.     (Көмір)
 
Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
 
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем.          ( Кітап)
 
Кітап- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
 
Садақшы мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.                ( Аққу)
 
Аққуды атуға болмайды,
 Достықты сатуға болмайды.
 
Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдей- ақ тұрса да
Көрінеді түбі.                   ( Құдық)
 
Оқу- инемен құдық қазғандай.
 
1- жүргізуші: Соңғы айналымға жеңімпаз шығады. Абайдың қарасөзінен үзінді оқылады. Нешінші қара сөзінен үзінді оқылғанын айту керек.
 
Қорытынды.
               Оң қанатым- әкем,
   Сол қанатым- анашым.
               Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекеніШымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуіСау болса екен мәңгілік.
 
«Жігіт сұлтаны »Мақсаттары: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік,ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру. Аналар күніне орай 3-сынып ұл балалар арасында сайыс өткізіп,сезімін ояту, дарындылығын дамыту. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап онан әріқарай жалғастырып тәрбиелеу. Көрнекілігі : Суреттер,шар,гүл,көгершін,қанатты сөздер,төсбелгілер. Тәрбие сағатының барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Кіріспе сөз. ІІІ. Сайыстың барысы (Сайыс-байқау)1. Таныстыру2. Үй тапсырмасы3. Ата-аналар сайысы 3 слайд4. Ой толғау5. Өнер сайысы6. Спорт сайысыІҮ.Қорытындылау кезеңі.І.кезең:Ұйымдастыру:Оқушылар мен ата-аналарға амандасу. Орын орындарына отырғызу.ІІ кезең: Кіріспе.Құрметті ата-аналар сіздерді 8 наузыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.Бүгін біздің жігіттеріміз өз бақтарын сынауға сайысқа түскелі отыр.Сайыста 6 кезең бойынша сыналатын болады. Сайыс қорытындысында нағыз «Жігіт сұлтаны - 2012»номинациясына лайықты ұлдарымызды және ата-аналарымызға « Шебер отбасы »номинациясын әділқазы алқалары анықтайды.Әділқазылар алқасы:1 сынып.2 сыныпМектеп әкімшілігінен:.ІІІ.кезең: Жүру барысы.1-бастаушы: Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3-сыныбының «Жігіт сұлтаны» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Уа,халайық,халайық. Мұнда назар салайық Ата-жолын жалғайық Ел дәстүрін қолдайық. Ұлдар шықсын ортаға Бүгін сұлтан атанбақ. 2-бала Береке де осында,Мереке де осында.Болыпжатыр той-думанҚырандардыңқосында.Ән: 1. Туған жер (5 слайд)1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. 1-сайыскер – __Асқарұлы Дүсіпхан Әлішер2-сайыскер - __Жарылқасынұлы Бауыржан3-сайыскер –Ержанұлы Рақымжанов Айдос4-сайыскер- _________________Кандалинов Диас 6 слайд5-сайыскер- ___Азаматұлы Ізбасаров Әнуар6-сайыскер-___Құндызбекұлы Пушанов Ислам7-сайыскер- ____Әсетұлы Ерасыл8-сайыскер- Айтқазы Жаннұр3- бала : Ақыл-көркі бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршаңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді. 1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.1.Таныстыру кезеңі:(7-8-9 слайд)Ән: 2. Ертегілер 4-бала. Жылда-жылдар тарихтың мол беттері, Сен әкелген жақсылықтар көп тегі, Көңілді шат сезімге баурайды. Халқымыздың өткені мен ертеңі, дей отырып 3-кезең Үй тапсырмасына кезек беріледі..Мұғалім:Үй тапсырмасына отбасылық буклет берілген екен олай болса қорғап шығайық.2.Үй тапсырма кезеңі: (10 слайд)Мұғалім: кезекте әсем әнмен тәтті күй құлақтан кіріп бойды аларӘн:_3.Саржайлау
1-жүргізуші: Әдемі әннен кейін ата-аналарымызда құр отырмасын олай болса,ата-аналар кезегі.3.Ата –аналар сайысы:1.Түрлі түсті қағаздан кол өнерін көрсету.Шеберліліктерін таныту.Би: Қыздар тобы. (1 слайд)2.. Сызық бағытымен екі әріп тастай отырып,мақал құрастыр.Жақсы ата орман, жақсы бала қорған5- бала Ей жігіттер!Сендергеартарміндеткөп.КөтербиікатасалтынқұрметтепАқтайбілсеңата-баба үмітінӘрбірсөзі – тәлімі мол бірмектеп.1-жүргізуші: Келесі 4. Ой толғау кезеңі: Ұлдарымыз таңдаған суреттері бойынша сұрақтарға жауап беру.1. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?1. Түйе – Ойсылқара2. Жылқы – Қамбар ата3. Қой – Шопан ата4. Ешкі – Шек-Шеката5. Сиыр – Зеңгі баба2. Аттың ер-тұмандарынанелержатады?Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы..3. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.1. Қаңтар 7. Шілде2. Ақпан 8. Тамыз3. Наурыз 9. Қыркүйек4. Сәуір 10. Қазан5. Мамыр 11. Қараша6. Маусым 12. Желтоқсан4.Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық, Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар5.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?І. Жылқы - құлын ІІ. Сиыр - бұзау ІІІ. Қой – қозыІҮ. Ешкі – лақ6. Жыртқыш құстардың атын ата. Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.7. . Үш ұғым туралы сұрақтар1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал8. Қазақша аптадарды ата.Дүйсенбі бейсенбіСейсенбі ЖұмаСәрсенбі СенбіМұғалім: Жақсы бірінші тапсырмамыз орындалды енді аналарымыздың жауаптарын тыңдайық.6 -бала. Асқақтаған ән дайын, Күмбірлеген күй дайын. Ал,қанеки, қырандар Босқа қарап тұрмаңдар 9-бала. Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар Бұл сыннан өтсең егер сүйінші Жүлдесенде,қуанаберкүлімде – депКелдікезектапқырлықтытанытар. (13 слайд) Әртүрлі сұрақтарӘн: 4._Айналайын5. Өнер сайысы: (15,16,17 слайд)7-бала. : Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай. 18 слайдЕр өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.6. Спорт сайысы: 1. Білеккүшінсынау.Мұғалім: Шаршағанымызды әуезді әнмен басып алайық.Ән:_Ана туралы жыр Хор (19 слайд)(Ұлдар мен қыздар аналарына сыйлықтарын табыстайды.Содан кейін қыздарға сыйлықтарын береді)10-бала. : Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.Көңіліңді шат сезімге баурайды.Домбыра:_Күй(4 ұл әділқазыларға сыйлық табыстайды.)(Әділқазылар бағасын шығаруға уақыт беріледі.)Ата-аналардың баласына деген жақсы тілектері:______________________Балаларының ата-анасына айтар лебізі._______________СлайдӘділқазы алқасына сөз кезегі._______________________________ІҮ.кезең. Қорытынды.)Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды.
«Жігіт сұлтаны» сайысы1 - жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердіңжолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық депжариялаймыз.Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.2 - жүргізуші Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.1 - жүргізуші Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуғаҚорықпастан сахнаға келіп жеттіӘдеппен сіздерменен танысуғаЖігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.2 - жүргізуші Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспайЕр өнері білінбес,Қоян - қолтық алыспай.Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасағанбұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.1 - жүргізуші «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек.Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беруСалт - дәстүр бойынша сұрақтар:1. Жеті атаңызды атаңыз2. Жеті қазынаға нелер жатады?3. Үш ұғымына байланыстыҮш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.1. Ағайын алтау, ана......(біреу)2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс»Кір тасын көтеру, қол күрестіруДостарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.