Ауылды? о?ушыларын функционалды? сауаттылы?ын дамыту бойынша мені? педагогикалы? т?жірибем. ?зін-?зі тану п?ні бойынша эссе.
КММ Байет ЖОББМ
Сұраныс
Мұғалімнің аты-жөні Конкур атауы Эссе тақырыбы Мекеменің атауы Мекен жайы, телефон, электрондық поштасы
Жапарова Маржан Турсумбаевна «Өзін-өзі тану пәні» арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту» Ауылдық оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша менің педагогикалық тәжірибем
КММ Байет ЖОББМ Екібастұз қаласы, Байет ауылы, Батыр аналар көшесі 6/2.
87187397183
+77474637502
marzhan.zhaparova.74@mail.ru
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
КММ Байет ЖОББМ
Ауылдық оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша менің педагогикалық тәжірибем
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
М.Т Жапарова
Білімді ұрпақ егеменді еліміздің болашағы деп жар салудамыз. Ал, сол білімді ұрпақ бүгінгі таңда қаншалықты деңгейде екенін ойласақ кез-келгеніміз мүдіреміз. Өйткені, көп жерлерде бұлт жайт кездеседі. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенімен бұл ауылдық мектептерде жиі орын алып отыр. Ауылдық мектептерде де өте сауатты, білімді, тәжірибелі мұғалімдер бар, әйтсе де олардың еңбегінің бағаланып жатқаны шамалы. Себебі, баланың оқуға қызығушылығының жоқтығы. Осы орайда әрбір ата-ана баласының білімінің төмендігін мектептегі мұғалімдерден іздемей, бір сәт өздерінен сұрап отырса. Көп жағдайда ауылдағы ата-ананың ойы: «Баламның киімі бүтін, тамағы тоқ болса болды» деген ойдан аспайды. «Балам мектепте сабақты қалай оқиды, қандай пәнге қызығады, тәртібі қандай?» деген сияқты сауалдар кейбір ата-аналарды ойландырмайды. Тіпті оқу жылы ағымында мектепшілік өтілетін ата –аналар жиналысына, сынып жиналысына келмейтін ата –аналар кездеседі.Міне осындай, жайттардан сол ата-ананың баласы сабақты нашар оқиды, одан қалса сабаққа келмейді, сөйтіп тәртібі бұзылады. Тәртіп болмаған жерде білім болмасы барлығымызға аян. Мен бүгінгі эссемді алдымен өзекті мәселемен бастағым келді. Мәселе шешілмей білімді қай жақтанда жаңғырту мүмкін емес.
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Осы міндетті іске асыру мақсатында, өзін-өзі тану сабағының мәні зор. С.А Назарбаева: «Әр баланың қабылетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сену өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейрімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жету тиіс» дегендей.
Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті. Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленіп іске асуда.Ауылдық оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша менің педагогикалық тәжірибемен бөліскім келеді.
Мектебіміздің ата-аналары мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі бойынша ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құрдық. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап, ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі.
Мынау жарық дүниеге шыр етіп келген нәрестенің жөргегінен басталатын күтімі мен тәрбиесі оның тәуелсіз еліміздің айтулы азаматы болып өскенше жалғасатынын ескерсек, ең үлкен жауапкершілік алдымен өмірге ұрпақ әкелген ата-анаға жүктеледі. Аяғын тапыл-тапыл басып, тілі жаңа шығып, енді ғана сөйлей бастаған сәбиге деген мейірімі мен әке қамқорлығы өз алдына. Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке өмірлік қазық деген бар. Соңдықтан тәрбиесі, мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан.
«Біздің отбасымызға «Өзін-өзі тану» сабағының әсері» атты тақырыбында өткен кездесуде ата-аналар өздерінің пікірлерін ортаға салды. «Өзін-өзі тану» сабағының жұмасына 2-3 рет болганың қалайды және балалардың бойына жастайынан ізгілік,мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік асыл қасиеттерді сіңірсе, болашақта олардың өз өзіне сенімділікте тәрбиеленетіне ата-аналардың сенімдері артты. Әр ата-ана қөзқарастары мен ізгі тілектерін жазба түрінде білдірді. Балаларымыз ауа райына қарамастан өзін-өзі тану сабағына барғаның қалайды. Үй тампсырмасын бірге істеун қалаймын, бір рахатқа бөлінемін баламен дейді Махамбетов Төлегенің әжесі. Ұстаздарға ризашылығымызды білдіреміз деді Дариға, Ақжарқын т.б оқушыларымыздың ата-аналары. Әсіресе аудандық «Отарқа» газетіне шықан балалардың шығармашылығына дән ризамыз. Балаларымызды мақтан тұтамыз деп өз ойыларын білдірді.
Сонғы 3 жылда біздің ата-аналар мектептің жиналысына және қоғамдық жұмысына, мектепшілік, қалалық, облыстық «Мерейлі отбасы» сайысына жылдан жылға өте жақсы деңгейде қатысуда, алдағы жылдардан гөрі.
Екібастұз ауданы бойынша экспереметтік мектеп ретінде 3 жыл бойы «Балаға мейрімді мектеп» атты жобамен жалғыз біздің мектеп жұмыс істеуде. Нәтижесін көрудеміз мысалы: қалалық «Отбасымызбен бірге демаламыз» сайысына 5 отбасы , «Таза бұлақтан» 7 отбасы, «Отбасы әнұраны»-5 отбасы, «Мерейлі отбасы»-3 отбасы қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мектебімізде ата-аналарға тоқсан сайын міндетті түрде шығармашылық кеш балалрымен өткізіледі. Бұл кештерде өзін-өзі тану мұғалімдерінің рөлі зор. Кешті тартымды, тәрбиелік мәнімен ұйымдастырады.
Балалар және ата – аналар үшін әр түрлі шығармашылық конкурстар ұйымдастыру және өткізу, отбасы құндылықтарын насихаттауда, ішкі отбасылық байланысты нығайтуда маңызды құрал болып табылады.
Мектебімізде қоғамдық негізінде зейнеткер Оспанова Қ.Д, Ахметова Р.И, Сарсегенова Н.С, Оспанов А.К ұстаздар отбасылық академиясын үйымдастырды. Отбасы академиясының жұмысы биіктен көрінді. Әр түрлі дәрістерімен бірге тартымды іс-шаралар өткізуде. Педагогикалық ағарту тұрғысында жас ата-аналармен, орта жастағы ата-аналармен және ата-әжелермен жеке жұмыстар жүргізуде. Соңымен қатар даму деңгейі жас ерекшілігі өзгерістерді ескере отырып академия бағдарламасы құрылды. Жалпы ата-аналар жиналысына және мектепшілік шараларға 90 % көтерілді. Тәжірибенің нәтижесі-ата-аналарды рухани тәрбие барысында ұстаздың көмекшісі ретінде болуында.Ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарының артуы және олардың балалармен қарым-қатынастары нығайып, отбасында бірлікпен, сүйіспеншілік және түсінушілік орналасуында.
Өзін-өзі тану сабақтарының тағы бір тиімді тұсы – баланың ата-анасымен, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Жақындық, туыстық – халқымыздың қанына сіңген қасиеті. Адам кімге арқа сүйерін, кімге үміт артарын ойлағанда ең алдымен жақын – жуығын есіне алады.
Сабақ үстінде оқушылар өз отбасы туралы, отбасындағы құндылықтар мен дәстүрлері туралы ой бөліседі. Ата-анасына, бауырларына деген сезімдерін білдіріп, кейде сабақ үстінде ой бөлісу, жағдаят шешу барысында реніштерінен қайтып, кешірім сұрап хат жазып, телефон шалып та жатады.
Бірігіп көтерген жүк жеңіл дегендей ата-аналармен әліде бірігіп бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы былай деп мұңайған екен «Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Олай болса сіз болып,біз болып, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұлағатты ұрпақ тәрбиелейік.
“Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соңы іледі”, “жапырақ тамырдан нәр алады” дегендей балаға дұрыс мән беріп, жөн сілтейтін тамаша мектеп - отбасы.
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Қорыта келе, Абай бабамыздың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға, - деген үмітін ақтай алсақ, бұл өмірге бекерге келмегендігіміз емес пе?! Өзімнің мамандығыма деген риясыз сүйіспеншілік сезімім нұрланып, ұстаз-деген асыл мамандықты тандағаныма шексіз қуанам. Өзімнің мәңгілік нұрдың қызметшісі екенімді мақтан тұтамын.