Е?бек т?бі — береке


Тақырыбы: Еңбек түбі – берекеМақсаты:1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілік:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.Жүру барысы:Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.1 - оқушы: Мейр. Мағжан:Еңбек мұратқа жеткізер,Жалқаулық абыройды кеткізер2 – оқушы: Айгүл:Сақалын сатқан кәріден,Еңбегін сатқан бала артық.3 – оқушы: Ұлжан:.Еңбектің көзін тапқан,Байлықтың өзін табады.4 – оқушы: Алтынбек:Еңбек етпесең елге өкпелеме,Егін екпесең, жерге өкпелеме.5 – оқушы: Мөлдір:Ерінбесең, еңбегің өнеді.6 - оқушы: Ақсұлу1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.3. Еңбек етпеген азады..4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.3 - оқушы: Мағжан:1. Орайы келсе, орақ ор,Кезі келсе, кетпен шап.2. Еңбек – адамның екінші анасы.3. Ерінбеген етікші болады.4. Керек тастың ауырлығы жоқ.5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.Өнерге үйренем десең, жерінбе.Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).8. Берген – алар,…(еккен – орар).9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.1 - оқушы: Бекнұр:Еңбек ет те мақтан,Ойнап күл де шаттан.2 - оқушы: Жарас:Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.2 - оқушы: Динара:Ердің атын еңбек шығарар.1 - оқушы: Асылай:Ерді намыс өлтіреді,Қоянды қамыс өлтіреді.1 - оқушы: Мәдина:Ерінбесең еңбегің өнеді.2 - оқушы: Таңшолпан:Еңбегі көптің өнбегі көп.2 - оқушы: Ақырыс:Жері семіздің – малы семіз.1 - оқушы: Мейрамбек:Мал өсірсең, қой өсір,Пайдасы оның көл - көсір.Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!