2 санын ?осу кестесі ашы? саба?
-864235-46989Аягөз қаласы, Дулат Бабатайұлы атындағы мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ережепова Жаңагүл Құдайбергенқызы
Ашық сабақ
Тақырыбы: 2 санын қосу кестесі.
Мақсаты:
Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін
құрастыру және қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы
санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтауын, іс
жүзінде қолдана білуге үйрету. Ауызша, жазбаша қосып, азайтуға
дағдыландыра отырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту.
Шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану.
Көрнекілігі: слайдтар, полокно, үлестіру материалдары, плакат, көк, қызыл дөңгелектер.
І. Ұйымдастыру кезең. Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын.
деп бүгінгі математика сабағын бастамас бұрын мына жұмбақтың шешуін табыңдар.
Жапалақтап жауады
Жердің бетін жабады
Бұл не аппақ мақтадай?
Кәнеки кім табады? (Қыс)
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Ендеше қазір біз тақтада ілулі тұрған қарды жинаймыз. Ол үшін қардың артында жазылған тапсырманы орындауымыз керек.
Тапсырмалар.
1-10 сана
10-1 кері сана
Компоненттерді ата.
Геометриялық фигураларды ата.
5-тің көршілерін ата.
5+2=
9-2=
ІІ. Жаңа сабақ. Балалар қазір қыстың қай айы? Желтоқсан айының соңында біз қандай мейрамды атап өтеміз? Жаңа жылда ең алдымен үйлеріңде не құрасыңдар? Біз бүгінгі сабағымызда Аяз ата мен Ақшақар әкелген шыршаны ойыншықтармен безендіреміз. Ал ол үшін біз сабақ бойы тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек. Тапсырманы дұрыс орындаған балаға Аяз ата әкелген сыйлықтар беріледі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
№1 түсіндіру. Балалар, барлығымыз алдымыздағы қалташалар мен дөңгелектерімізді дайындайық. Тақтаға полоткоға 1 көк дөңгелек және 2 қызыл дөңгелек қойылады. Балалар бірге жұмыс істейді. Көк дөңгелектен нешеу? Қызыл дөңгелектен нешеу? Барлығы қанша болды? Ендеше нешеге 2-ні қостық 1-ге 2-ні қосқанда қанша шығады? Қосуға кері амал қандайамал? 3-тен 2-ні алып тастасық, қанша қалады? Осы тәсілмен санға 2-ні қосу кестесін құрылады.
Слайд арқылы №2 кестені толтыру. Дұрыс жауап берген балаға қоржыныннан сыйлық беру.
Дәптермен жұмыс. №3 жазбаша орындату. Слайдтан көрсету.
5 см
4 см
3 см
Бұлар нелер? Ең ұзын кесінді қандай түсті? Неше сантиметрлі? 1 см қысқа кесінді сызғызу. Ең қысқа кесіндіні өлшеу. Қанша см? Одан 1 см ұзын кесінді сызғызу. 2 кесіндіні салыстыру. 4см=4 см.
Сергіту сәті. Слайдтан «Математикалық тізбек» тапсырмасын орындату.
1+3-2+5+3-8=0 (2)
10-4+2-7+1=0 (10)
5+3-4+2-5=0 (1)
Балалар, қыста біз қандай ойындар ойнаймыз?
«Аққала» жасау ойыны арқылы №4 тапсырманы орындату. -2=
Слайдтан логикалық тапсырманы орындату. Әр суретте неше үшбұрыш бар?
4 2 3
ІҮ. Қорытындылау. «Шырша» сөзжұмбағын шешкізу.
Ш Ы Р Ш а
Көлденеңінен:
Барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей геометриялық фигура. (Шаршы)
Қосудың компоненті. (Қосылғыш)
Ең кіші бір таңбалы сан. (Бір)
5-2= (3)
4+2= (6)
Ү. Бағалау. Оқушыларға берілген қызыл сыйлықтар – 5 деген бағаны.Көк-4, Сары – 3 деген бағаларды білдіреді.
Үйге тапсырма беру. №4, 84-бет жазбаша орындап келу.