М??алімні? Саба??а ?атысу д?птері
«Краснопол орта мектебі»КММ
Өзара сабаққа қатысу дәптері .
Тәрбиешінің аты-жөні: Искакова Арайлым Келисбековна
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
Тақырыбы:
Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
Дидактикалық принциптер:
Жай және күрделі
Жүйелілігі
Белсенділігі
Білімділігі
Көрнекілігі
Коммуникативті бағдары
Даралап оқыту
Жеке дара оқыту
Сабақ беру кезеңіндегі талаптар
Тақырыпты жоспарлау
Сабақ жоспары
Өз білімін көтеру жоспары
Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
Сабақтың мақсатын айқындай білуі
Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
Пән аралық байланыс
Сабақ кезіндегі тәртібі
Мақсатына қарай бағалай білуі
Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі
Сабақтың құрылымдық сәттері
Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 10-15 мин.
Әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
Жаңа сабаққа кіріспе – 1-2 мин.
Жаңа сабақ – 15-20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.
Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
Үйге тапсырма беру.
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар
І. Сабақ мазмұнының халықтығы.
ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.
Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.
ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі:
а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
Саяси-идеялық тәрбие.
Еңбек тәрбиесі.
Әсемдік тәрбиесі.
Дене тәрбиесі.
Құқық тәрбиесі.
Экологиялық тәрбие.
Экономикалық тәрбие.
Отбасы тәрбиесі.
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.
Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.
V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.
Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.
Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
Өзіңнен сұра:
- Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.
Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.
Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен тек пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі.
Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.
Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.
Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.
Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
Берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі).
Кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену.
Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты түсігніп орындауы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, байқау қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу, оқушылармен жеке жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.).
Оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.).
Мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.
Сабақ – оқытудың негізгі түрі
Оқыту жүйелері
І. Сыныптық-сабақтық жүйе
Сабақ түрлері:
Жаңа білім беру сабағы.
Құрастырылған сабақ
Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу (қорытындылау) және қайталау сабағы.
Бақылау – есепке алу сабағы.
Тәжірибелік сабақ.
Кино сабақ.
Саяхат сабақ.
Конференция сабақ.
Пікірталас сабақ.
Іскерлік ойын сабағы.
Жарыс сабақ.
Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалды ойын түріндегі сабақ.
«Емтихан» - іскерлік ойын сабағы.
Өндіріс орнында өткізілетін сабақ.
ІІ. Лекциялық-семинарлық жүйе
Сабақ түрлері:
Лекция.
Семинарлық сабақ.
Оқыту әдістері:
Репродуктивтік әдіске сай көрнекі түсіндіру.
Проблемалық жағдай, оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы.
Оқушылардың өзіндік жұмысы. Келелі мәселелерді қозғай отырып, әңгімеге тарту арқылы лекция өткізу.
Проблемалық мәселе тудыра отырып, әңгіме өткізу, репродуктивтік және тәжірибелік әдістерге сүйене отырып түсіндіру.
Сараптау, синтез, салыстыру арқылы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға өту әдістерін қолдану.
Мұғалім ерекше орын алатын ақпараттық-өткендеу әдістері (кеңес, әңгіме, лекция, түсіндіру).
Сабақты талдау
Сабақтың үш мақсатының орындалуы.
а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша.
ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.
Сабаққа қойылатын 6 талаптың орындалуы.
Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы.
Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.
Дамыта оқыту жүйесінде
сабақты талдау үлгісі
Сабақтың дидактикалық түйіні – оқушының жаңаны ашу әрекеті. Олар бақылайды, талдайды, салыстырады, топтайды, үйлестіреді.
Балалар сабақта не істеді, шын ниетімен еңбектенеді ме? Жұмысқа барлық оқушының тартылуы.
Жаңа білімді меңгерту жұмысы мен баланы дамыту жұмысының біріктіріле жүргізілуі қалай жүзеге асты? Бала ойына шектеу қойылмады ма?
Сұрақтардың қойылуы, мазмұны.
Іздену, бірге іздену әрекетінің ұйымдастырылу жайы. Өзара түсіністік, сөйлесу, тілдесу жайы.
Балалардың сабақтағы жай-күйі:
танымдық сипаты /қызығушылықпен, білімді баға үшін емес, қажеттілігін түсіне меңгеруі/;
сабаққа ақыл-ой ғана емес, сезімінің де қатысуы. Қабылданған білімге сену, көзін жеткізу.
Танымның сезіммен бірігуі. Сезімге әсер еткен дүние жақсы қабылданатынын ескеру.
Қайталау қалай жүрді? Қайталанған сайын жаңа білім қосылып отырды ма?
Сабақтың икемді түрі. Жоспармен емес, балалар арқылы жұмыс істеу.
Мөлшерді сақтай отырып, жоғарғы қиындықта оқыту.
Оқушының бұрынғы біліміне сүйену.
Мұғалімнің бүкіл жұмысының баланың білімді жете түсінуіне бағытталуы.
Білімді меңгеру жағдайын үнемі ескеріп отыру.
Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының пікірлесуі. Пікірлесу мазмұны үшін баланы кемсітпеу.
Тәрбиенің білінбей, жанама жүруі. Білім, даму және тәрбиенің бірлігі.
Сабақтағы мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің таңдану сезімін оятуы, жетістікке қуануы, сананың алғашқы өсу қадамын мадақтауы т.б.
Мұғалімнің сырт бейнесі.
Қазіргі білім беру технологиясы
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы.
Ынтымақтастық педагогика, ізгілікті тұлғалық технология. Ш.Амоношвили – Е.Н.Ильин жүйесі: адамды қалыптастыру пәні ретінде әдебиетті оқыту.
Оқушылар қызметін қарқындату, интенсивтендіру және белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технология.
Ойын технологиясы: проблемалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы коммуникативті технология (Е.И.Пассов). Оқу материалының белгілеу моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясы.
Қазіргі дәстүрлі оқыту.
Оқыту процесін ұйымдастыру және нәтижелі басқаруға негізделген педагогикалық технология.
Түсіндірмелік басқарудағы тірек сызбасын пайдалану арқылы перспективалық оқыту (С.Н.Лысенкова).
деңгейлік зерделеу технологиясы.
міндетті нәтиже негізінде деңгейлік зерделеп оқыту (В.В.Фирсов).
ұжымдық оқыту әдісі.
топтық технология.
компьютерлік (жаңа ақпаратты)
бағдарламалы оқыту технологиясы
жекелеп оқыту технологиясы (А.С.Границкая)
баланың қызығушылығы бойынша жеке ыңғайда оқытуды мәдениетке тәрбиелеу технологиясы (И.Н.Закатова).
Мәліметтерді қайта жаңарту және дидактикалық жетілдіруге негізделген, педагогикалық жетілдіруге негізделген педагогикалық технология.
экология және дидактика (А.В.Тарасов)
мәдениет диалогы
дидактикалық біліктердің күрделенуі (П.М.Эрдниев)
ой қызметін кезең бойынша қалыптастыру теориясының іске асуы (М.В.Волович).
Жеке пәндік педагогикалық технология.
салауаттылыққа оқытудың ерте және интенсивті технологиясы (В.Н.Зайцев)
бастауыш мектепте жалпы оқытуды жетілдіру технологиясы (В.Н.Зайцев)
есеп шығару негізінде математиканы оқыту технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
нәтижелі сабақ жүйесі негізіндегі технология (Н.Н.Палтышев)
Балама технология.
Вальдорфстік педагогика (Р.Штейнер)
еркін еңбек технологиясы (С.Френс)
ықтималдық білім беру технологиясы (А.М.Любок)
Табиғи тектестік технология
салауаттылыққа табиғи тектес тәрбие (А.М.Кушнир)
өзіндік даму теориясы (М.Монтессори)
Дамыта оқыту технологиясы
дамыта оқыту жүйесі (Л.В.Занков)
дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов)
тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі (И.П.Волков, С.С.Альтшулер)
жеке адамға бағытталған дамыта оқыту (И.С.Якиманская)
өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г.К.Селевко)
Авторлық мектеп педагогикалық технологиясы
бейімделген педагогика мектебі (Е.А.Ямбург, Б.А.Бройде)
орыс мектебі үлгісі
өзін анықтау авторлық мектебі технологиясы (А.А.Тубельский)
саябақ мектебі (М.А.Балабан)
астромектеп (А.А.Католиков)
ертеңгі күн мектебі (Д.Ховард)
Сабақ құрылымы.
Құрылым Мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң болжамды тәртiбi мен тәсiлi анықталатын оның элементтерiнiң өзара берiк байланысы.
Сабақтың негiзгi элементтерi. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа материалды оқыту..
Бiлiм мен дағдыларды қалыптастыру
Қалыптасқан бiлiм, бiлiк, дағдыларын бекiту және жетiлдiру
Игерiлген бiлiм,бiлiк, дағдыларын қолдану.
Сабақта оқытудың нәтижелерiн талдау.
ББД тексеру және бағалау
үй тапсырмасы.
Сабақты қорытындылау.
өз-өзiне талдау жасау.
Сабақты ұйымдастыру
нысандары Жеке.
Фронтальды.
Топтық.
Ұжымдық.
Әр түрлi жастағы..
Тәсiлдер Түсiндiру.
Талқылау.
Жалпы мiнездеме.
Оқыту әдiстерi. Сөздiк әңгiме, әңгiмелесу,түсiндiру,оқу дәрiсi, баяндамалар)
Көрнектi(бақылау, көрсету, серуен-теледидарлық және компьютерлi технология)
Машықтық(әр түрлi жаттығулар)
Жалпы дидактикалық
әдiстер Қызықты түрде түсiндiрулер.
Бiр сәттiк iзденулер.
Проблемалық.
Зерттеулiк.
Дидактикалық мiндеттер
бойынша әдiстердi iрiктейдi Бiлiм алу.
Бiлiм, дағдыны қалыптастыру.
Бiлiмдi қолдану.
Шығармашылық iс-әрекет.
Бақылау.
Сабақ түрлері мен типтері.
Сабақ типтерi. Сабақ түрлерi.
1.Жаңа тақырыпты оқу. Дәрiс.
Әңгiмелесу.
Кино-сабақ.
Компьютер, теледидар т.б.пайдалану сабағы.
2.ББД жетiлдiру. Өздiк жұмыс.
Сарамандық жұмыс.
Зертханалық жұмыс.
Семинарлар.
Пiкiрталастар.
3.ББД жүйелеу және қорыту. Әңгiмелесу.
Семинар.
Пiкiрталас.
4.Аралас. Сабақтың барлық түрлерi.
5.Бақылау. Бақылау жұмысы.
Сұрау.
Сынақ.
Бiр-бiрiн бақылау.
6.Бiрiккен Өндiрiс еңбегi арқылы теориялық окыту.
Оқытудың қағидалары.
1.Ғылымилық қағидасы.
2.Өмiрмен байланыстыра оқыту қағидасы.
3.Жүйелiлiк пен бiрыңғайлық қағидасы.
4.Мүмкiншiлiк қағидасы.
5.Оқушыларды оқытуға қалыпты жағдайлар жасау қағидасы (тапсырманы орындағанын мадақтау,оқушылардың өмiрлiк тәжiрибесiне сүйену т.б.)
6.Мұғалiмнiң жетекшi ролiндегi оқытуда оқушылардың белсендiлiк, жетiлгендiк, өз бетiнше жұмыс iстеу қағидасы.
7.Көрнекiлiк қағидасы.
8.Жалпы сыныптық,топтық және жеке қалыптық үндестiгiнiң оптимальды қағидасы.
9.Оқытудың нәтижелiгi үшiн қалыпты жағдай жасау қағидасы.
(мектеп- гигиеналық, моральды, психологиялық, эстетикалық)
10.Оқушылардың бiлiмдi меңгеруiн қадағалау қағидасы.
11.Бiлiмнiң нық нәтижесiнiң қағидасы (қатарластарымен қарым-қатынаста, қоғамдық пайдалы еңбекте т.б.)
Сабақ мақсаттары.
1.Бiлiмдiлiк.
Жаңа айғақтарды хабарлау(алғашқы танысу).Жаңа түсiнiк,терминдердi кiрiстiру. Жаңа құбылыс, заң, оның түрлерiн оқыту.
-Iс-әрекеттiң жаңа тәсiлiн меңгеру.
-Бiлiм және дағдыларды жалпылауды қалыптастыру
-Бiлiмдi бекiту, iс-әрекет тәсiлдерi, шешiмдi пайдалана бiлу, қолдану.
-Игерiлген бiлiмдi жаңа байланысқа кiргiзе отырып жалпылау, тереңдету. Меңгерiлген түсiнiктердiң қосымша белгiлерiн оқыту.
-Тiлдiк дағдылар мен лексикалық жұмыстардың орындалуы.
-Бiлiмдi жүйелеу, оқытылған материалды реттеу және пысықтау.
-Бiлiм көздерiнiң жұмыс дағдыларын меңгеру: оқу кiтаптары, анықтамалық әдебиеттер.
2.Дамытушылық:
-Ақыл-ой iс-әрекетiнiң дамуы:талдау,себебiн анықтау,тергеулiк байланыс, салыстыру, дәлелдеу, нұсқа және ұсыныстарды шығару, бiлiмдi жаңа жағдайларға көшiру т.б.өз iс-әрекетiн жоспарлау(жауапты құрастыруда, есептi шешуде, тапсырманы орындауда,iздену iс -әрекетiнде,бақылауды ұйымдастыруда,есеп формуласы мен шартын қайта құрастыруда, мәлiметтердi естен, мәтiннен, хабарландырудан алуда).
-Психологиялық үрдiс:естi жаттықтыру, ойды жинақтау, ойлау, елестету ассоциациясы.
-Өзiне, қоршаған ортаға, мектепке, қоғамдық пайдалы еңбекке, Отанға, әлемге, жалпы адамзат құндылығына нақты сезiм мен қарым-қатынастың дамуы.
3.Тәрбиелiк:
- Орындаушылық , тәртiпшiлiк, көңiл аударушылық, шыншылдық, сенiмдiлiк, жауапкершiлiк, нәтижелiк, эмоциональды бiрқалыптылық, еңбекшiлдiк, iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.
- Белсендiлiк, қызығушылық, мақсатқа жете бiлушiлiк, байқағыштық, тұрақтылық, сезiмдiлiк, шешiм қабылдағыштық, танымдылық, өз-өзiне баға беруге қабiлеттi, шығармашылық iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.
-Талап қоя бiлушiлiк, өз-өзiн сынай бiлетiн, адамгершiлiгi зор, сенiмдi, сыпайы және тұрақты, лайықты, ынталы, татулықты сүйгiш, ынтымақшыл, өз-өзiн ұстай алатын, сезiмшiл, парасатты қасиеттердiң алдымен оқушылар, содан кейiн өндiрiс ұжымда болуын және iс-әрекетiн жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.
I. Сабақтың мақсатын, мiндетiн нақты қоя бiлу.
А.
1.Пәннiң негiзгi тақырыбын оқушi моделiне сай логикалық түрде
анықтап соның негiзiнде сабақтың мақсаты мен мiндетiн жүйелi түрде анықтай бiледi.
2.Мектептiң мақсаты мен сабақ тақырыбын байланыстыра отырып, сабақ түрiн дұрыс анықтай бiледi.
3.Тақырыптың жоспарды дайындау барысында жалпы және жекелеген сабақтардың тақырыбын жүйелi түрде оқытуды анықтап, осы негiзде қалыпты емес әдiстемелiк шешiмдердi таба бiледi.
4.Оқушы моделiне сәйкестендiре оқытудың диагностикалық мақсатын қоя бiледi.
5.Оқытудың мiндетi мен мақсаты нақты,айқын және балаларға түсiнiктi.
6.Сабақтың нәтижесi мен жетiстiк деңгейiн анықтай бiледi.
Б.
1.Мектеп оқушысының моделiне сай әдiстемелiк ұсыныстарға сүйене отырып, сабақтың мақсаты мен мiндеттер жүйесiн нақтыландыра бiледi.
2.Тақырыптық жоспар дайындау барысында сабақтардың тақырып бойынша бiрыңғайлығын анықтай бiледi.
3.Тақырыптың жоспарды дайындау барысында жалпы және жекелеген сабақтардың тақырыбын жүйелi түрде оқытуды анықтап, осы негiзде қалыпты емес әдiстемелiк шешiмдердi таба бiледi.
4.Оқушы моделiне сәйкестендiре оқытудың диагностикалық мақсатын қоя бiледi.
5.Оқытудың мiндетi мен мақсаты нақты, айқын ж„не балаларға түсiнiктi.
6.Сабақтың нәтижесi мен жетiстiк деңгейiн анықтай бiледi.
В.
1.Сабақ мақсатын өзi анықтамай, аталған пән бойынша жалпы қолданысқа түсiп жүрген әдiстемелiк ұсыныстарды пайдаланып, оны өзiнiң қызметiне лайық бейiмдей бiледi.
2.Сабақ әдеттегiнен, бiр тектi сабақ түрiн анықтау барысында қойылған мақсатқа салғырт қарайды.
3.Оқушылардың дайындық деңгейiн есепке ала отырып мақсаттары айқындалады.
4.Оқытудың мақсаты мiндетi оқушыларға әрдайым жеткiлiктi түрде түсiнiктi бола бермейдi.
5.Сабақ жетiстiгi анықталмаған.
Г.
1.Сабақтың мақсаты мен мiндетiн дұрыс қоя бiлуде арнайы әдiстемелiк әзiрлемелердi қажет етедi, сол себептiәдiстемелiк ұсыныстарды еш өзгерiссiз сол қалпында пайдалана бередi.
2.Сабақ түрлерiн анықтай алмайды.
3.Тақырыптық материалдарды бөлуге ынта қоймағанның әсерiнен,сабақта бiрiздiлiгi байқалмайды.
4.Сабақ мақсаты көрсетiлмеген.
II. Сабақтың құрылымын анықтай және ұйымдастыра бiлу.
А..
1.Сабақтың құрылымы оның түрi мен мақсатына сәйкес.
2.Сабақ кезеңдерi бiр-бiрiмен байланысты және логикалық түрде жүйеленген, бiр кезеңнен бiр кезеңге өту барысы проблемалық жағдай немесе проблемалық байланыс арқылы жүзеге асады.
3.Сабақтың басталуы мен аяқталуын дұрыс ұйымдастыра бiледi.
4.Оқушыларды зерделендiре түсетiн жеңiл тапсырмадан қиын тапсырмаларға өту кезенiн кезектестiре отырып сабақ жылдамдығын дұрыс тандай бiледi.
5.Мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң ғылыми ұйымдастырылуы жоғары деңгейде.
Б.
1.Сабақ құрылымы сабақтың түрiне сай .
2.Сабақ кезендерi бiр-бiрiмен байланысты, бiрақ сабақтың әр кезеңiнде логикалық байланыс байкала бермейдi.
3.Сабақтың не басын, не соңын ұйымдастыра бiледi.
4.Уақытты үнемдi пайдалана бiледi, дегенмен сабақтың бiр кезеңнен екiншi кезеңiне, не болмаса қосымша түсiнiктеме беретiн жағдайларда оқу жұмысының төмендеуi байқалады.
5.Мұғалiм мен оқушы ғылыми еңбектерiнiң элементтерiн қолдана бiледi.
В.
1.Сабақ кезеңдерi үнемi логикалық және бiр-бiрiмен тығыз байланысты бола бермейдi.
2.Сабақтың басталуы мен соңын әрдайым ұйымдастыра бiлмейдi.
3.Оқушылар алдында нақты мiндет қоя бiлмегендiктен, сабақ жылдамдығының төмендеуi кездесiп тұрады.
4.Сабақ бiрыңғай сарынмен өтедi, себебi, жеңiлден ауырға қарай жұмыс түрлерi берiлмейдi.
5.Ғылыми ұйымдастыру еңбегiнiң элементтерi үзiк түрде қолданылады.
Г.
1.Сабақ кезендерi үнемi байланыста болмайды және логикалық жүйе жоқ.
2.Сабақтың басталуын,аяқталуын ұйымдастыра алмайды.
3.Сабақ дайындау барысында оның құрылымына уақытты дұрыс үнемдей бiлудi кiргiзбейдi.
4.Сабақ жоспарын немқұрайлы жасайды.
5.Мұғалiм мен оқушы жұмысының ұйымдастырылуы негiзден алшақ.
III. Оқу материалының мазмұнын таңдай бiлу.
А.
1.Оқушы моделiнiң болжамын қалыптастыру үшiн оқу материалын таңдай бiледi.
2.Оқу материалын оқушылардың қызығушылығы мен қажетiне сай байланыстыра бiледi.
3.Тақырып iшiндегi ең негiзгiсiн анықтай бiледi.
4. Сабақ мазмұны оның негiзгi мақсатына және оқушылардың пән бойынша бiлiм деңгейiне сәйкес болуы керек.
5.Оқу материалы арқылы оқушылардың өз бетiнше ойлау қабiлетiн қалыптастыру жолдарын қолданады.
Б
1.Оқушылардың бiлiмдi игеру деңгейлерiн есепке ала отырып,оқу материалын анықтай бiледi.
2.Сабақты өмiрмен және оқушылардың қызығушылығымен байланыстыра бiледi
3.Сабақ мазмұнының негiзгi мақсатқа сай болуы.
4. Сабақ мазмұны оның негiзгi мақсатына және оқушылардың пән бойынша бiлiм деңгейiне сәйкес болуы керек.
5.Оқу материалы арқылы оқушылардың өз бетiнше ойлау қабiлетiн қалыптастыру жолдарын қолданады..
В.
1.Сабақ материалын анықтау кезiнде тек әдiстемелiк ұсыныстар немесе оқулық мазмұнымен шектеледi.
2.Оқу материалын оқушылардың қызығушылығы мен қажетiне сай үнемi байланыстыра бiлмейдi.
3.Тақырыптардың өзектi желiсi байқалмайды,сол себептi оқушылар толық қабылдамайды.
4.Сабақтың алға қойған мақсаты мен мазмұны оқушылардың бiлiм деңгейiне сай емес.
Г.
1.Оқу материалын анықтау барысында оқушылар мұмкiншiлiгiн есепке алмай, оқулық мазмұнын пайдаланады.
2.Оқу материалы өмiрмен және оқушылар қызығушылығымен байланыспаған.
3.Тақырыптың негiзгi жүйесiн анықтай бiлмейдi, жаңа түсiнiктермен жұмыс жасамайды.
4.Оқушылар деңгейiн есепке алмай, сыныптағы барлық балаларға бiрыңғай тапсырма берiледi.
IV . Мұғалiм iс –әрекетiне сараптама.
А.
1.Оқыту жоспарын мектеп жоспарына сәйкес белгiлей бiледi.
2.Мақсатқа жету және оны дәлелдеу үшiн нақты мiндет қоя бiледi.
3.Оқыту барысының алғашқы кезеңiнде бiлiм деңгейiн анықтай бiледi
(болжау тестерi, оқыту үрдiсiнде тестiлер, оқу жылы аяғында қорытынды тест) материалды игеру деңгейiне сәйкес оқытуды ұйымдастыру.
4.Жұмыста жiберiлген ақаулар мен кемшiлiктердi дұрыс анықтай алады және өз бетiнше оларды жою жолдарын iздестiредi.
5.Озық тәжiрибелердi өз қызметiнде шығармашылықпен пайдалана бiледi.
6.Өзiнiң әдiстемелiк деңгейiн үнемi iзденiп жоғарлатып отырады.
Б.
1.Өзiнiң жетiстiктерiн бағалай бiледi.
2.Өз кемшiлiктерiн көре тұра,оны жою жолдарын бiлмейдi.
3.Өзiнiң жұмысында жаңа әдiстердi шығармашылықпен пайдалана бiледi.
4.Сабақ беру барысында әр оқушының мүмкіндiк деңгейiн есепке алып отырады (дифференциалды және жеке түрде)
5.Әдiстемелiк деңгейiн үнемi өсiрiп отырады.
В.
1.Қажеттi жағдайда өз қызметiн сараптап отырады.
2.Ескертулерге құлақ асып,оны жою үшiн қажеттi шешiмдi қабылдай бiледi.
3.Қажеттi жағдайда жаңа әдiстердi пайдалана бiледi.
4.Өз-өзiне сараптама жасау нәтижесi үнемi кездесе, оны тек кейбiр жерлерде ғана байқауға болады.
5. Дифференциалдық және жеке жұмысты оқушылардың мұмкiншiлiгiн есепке алмай-ақ механикалық түрде iске асырады.
Г.
1.Өз-өзiне талдау жасау дағдылары қалыптаспаған,теқ қана нұсқау бойынша жұмыс iстеу қажет деп ойлайды.
2.Өз жұмысын басшылардың нұсқауы мен ғана есеп үшiн талдайды.
3.Жаңа әдiс- тәсiлдерге көңiл бөлмейдi.
4.Әкiмшiлiк, әдiстемелiк бiрлестiктер тарапынан көңiл аударылмаса, өзiнiң шығамаршылық өсуiне назар аудармайды.
V. Оқушылардың iс-әрекетiне талдау.
А.
1.Оқушылар ғылыми терминологияны еркiн меңгерген,терминдерге өз сөздерiмен түсiнiк бере алады.
2.Қалыптан тыс және проблемалық жағдайларда бiлiм қалпын қолдана алады.
3.Өз-өзiне бақылау жасау дағдылары қалыптасқан.
4.Өз беттерiнше бiлiм алып, пiкiрлерiн ортаға сала бiледi.
5.Мектеп бағдарламасынан тыс пәндер бойынша қосымша мәлiметтер алуға талпынады.
Б.
1.Оқушылар ғылыми терминологияны меңгере бiледi.
2.Өз беттерiнше бiлiм алу дағдысы мұғалiм көмегi арқылы ғана қалыптасады.
3.Қалыптан тыс және проблемалық жағдайларда бiлiм қалпын қолдана алады.
4.Өз-өзiне бақылау жасау дағдылары қалыптасқан.
5.Пән бойынша қосымша мәлiмет алуға талаптанады.
В.
1.Оқушылар ғылыми терминологияны меңгергенiмен, әркез пайдалана бiлмейдi.
2.Бiлiм қалпын тұтастай емес, кейбiр жерлерiн ғана қолданады.
3.Өз-өзiн бақылауды үнемi мұғалiмнiң жетекшiлiгiмен iске асырады.
4.Өз бетiнше бiлiм алу дағдысы қалыптаспаған.
5.Мектеп оқулығымен ғана шектеледi.
Г.
1.Оқушылар оқу үрдiсiне қызығушылық танытпайды,тек қана өзiне ұнайтын материалдар кезiнде серпiледi.
2.Жаңа тапсырманы меңгергенне гөрi үйреншiктi тапсырманы ынтамен орындайды.
3.Оқу тапсырмалары талапқа сай толық мөлшерде орындалмайды,өз қателерiн таба бiлмейдi,қайталама, бiр тектi тапсырмалардың өзiнде қате жiбередi, қателердi ойланбастан жөндейдi.
4.Мектеп оқулығымен шектеледi.
Сабақты талдау негіздері
Сабақ туралы жалпы ережелері:
Қазіргі сабақтың негізгі идеясы – оқыту – тәрбиелеу – дамытудың біріңғай болуы.
Сабақтың жалпы функциясы: оқушының тұтас тұлға ретінде дамуын дамытушылық және тәрбиелік оқыту негізінде қалыптастыру.
-саналы түрде терең ғылыми білімдермен қаруландыру,
-оқушыларды өз бетімен оқу іс-әрекетін құруға үйрету,
-оқуға деген тұрақты қызығушылығын, өз -өзін оқыту, тәрбиелеу жетілдіруге үйрету,
-оқушылардың ақыл-ойын дамытуына әсер ету,
-оқушылардың мінез-құлқын, жігерлігін, оқуға деген құмарлығын қалыптастыру.
3. Сабақтың мақсатын толық және дұрыс қоюы, сабақтың сабақ жүйесінде және тақырыпты зерттеудегі орны мен рөлі.
4. Сабақ мазмұнын таңдау нақтылығы және тиімділігі.
5. Сабақтың құрылымын дәлелдеп алуы.
6. Іріктеп таңдалған әдіс-тәсілдері және құралдары сабақтың әр кезеңінде тиімді шешілуі.
7. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттері, олардың жемісті болуы.
8. Педагогикалық басқарудың тәсілдері және мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс әрекеттерінің сипаты.
9. Тиімді және нәтижелі оқытудың негізігі фактолрлары мен шарттарын белгілеу, олардың сабақ мақсатына сай болуы.
10. Болашақта сабақты әбден жетілдірудің жолдары.
Талдаудың мақсаты бірқатар қызметтерді жүзеге асырады: бақылау (көмектесетін), оқытатын (негізгі) және тәрбиелейтін (мұғалімге өз білімін және тәрбиесін көтерудің бағытын анықтауға көмектесетін). Осыған байланысты сабақты талдауда мыналар нақты сипатталуы тиіс:
оқытылатын материалдың ғылымилығы, оның бағдарламаға сәйкестігі, алған білімнің сапалылығы;
жетістіктер мен мұғалімнің жұмысындағы кемшіліктер белгілінген, оқытудың әдістері озық тәжірибе мен ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі педагогикалық шеберлікті көтеругу нақты ұсыныстар берілген;
мұғалімнің іскерлік және этика нормасына сай сапалары, оның тілі, сөйлеу мәдениеті және т.б. бағаланған.
Сабақты талдау ережелері
-Сабақты бағалағанда оның бар негізгі міндеттерінің шешетін деңгейлері – жалпы білім беретін, тәрбие беретін және де оқушыларды дамыту міндетін табу керек. Осы мақсатта оқушылар өзіне мұғалімдердің сабақтағы шығармашылықтарын байқаудың белгілі бағдарламасын жасап алуы керек.
-Оқушылардың сұрауларға жауап бергендерін бақылағанда осындай жағдайларға аса көңіл бөлу керек: сұрау қай түрде ұйымдастырылған; қолданған сұрау түрінің тиімділігін бағалау; сабақтың басқа кеззеңдері арасында сұрау орны дұрыс белгіленді ме; осы сабақ барысында сұрауға жұмсалған уақыт ұтымды болды ма? Сұраудың негізгі мақсаты нақты қойылды ма(жаңа тақырыпты өту, білімді тексеру және т.б.). Оны толық іске асырды ма? Кемшіліктер дұрыс жөнделді ме? Бағалар дәлелденіп, объективті қойылды ма?
- Сабақта жаңа оқу материалын өтуін бақылау барысында келесілерге көңіл аудару керек: сабақ тақырыбын оқығанда оқушылардың алдында негізігі міндеттер қойылды ма, қаншалықты нақты және анық, жаңа тақырыпқа қызығушылық туды ма, берілген оқу материалының ғылымилығы, жүйелілігі, жеңіл түсініктілігі қамтамасыз етілді ме?
Құрылым –сабақты уақытша талдау. Жас мұғалімді ауқытты дұрыс пайдалануға үйрету үшін әр минутты бағалай білу, сабақта оның құрылымдық уақытық талдауын қолдана білу керек.
барлық уақытты сабақтың жеке элементтері арасында тиімді болу, яғни сұрауға, жаңа материалды қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындыққа, материалды түсіндіруге,үй жұмысын пысықтауға белгілі бір жағдайда сондай уақыт бөлу саналы болды ма;
сабақтың әр элементіне қысқарту немесе ұзарту керектігін ойластыруы;
сабақтың әдіс-тәсілдері, мазмұнының ұқыптылығы қалай болды;
сабақтың қорытындысына қанша уақыт бөлінді, оның тиімділігі.
Сабақты психологиялық талдау:
танымдық процесстер сипаттамасы: қабылдау, зерделеу, пысықтау, зейін, ойлау, есте сақтау;
білімді меңгеру сапасының сипаттамасы: ұғымдармен жұмыс, басты нәрсені белгілеу, теорияны меңгеру, практикамен байланысы, көзқарасты қалыптастыру, білімнің нақтылығы;
сабақтың интеллектуалдық жағдайының сипаттамасы: оқушылардың белсенді ойлауға оята білу, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлығы, танымдық қайшылықтардан өтуі, ұжыммен бірге проблемаларды шешуі, пікір-талас, дәлелдеу, т.б. қалай қолданылды;
сабақтың эмоциоанлдық жағдайының ссипаттамасы: оқушылардың көңіл-күйі қандай болды, сабақтың көңілді өтуі, мұғалімнің қызығушылығы, эмоциялығы;
оқыту процесінде оқушының даму сипаттамасы: танымдық күштері мен қабілеттері, тәрбиелік қасиеттері.
Сабақты кешенді талдау:
1 бағыт: Мұғалім шешетін міндеттерді талдау: мұғалім жұмысының мазмұнында және әдістемесінде оқыту процестері қалай ескеріледі және көрініс табады, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарды қанша толық жетілген, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаттары қанша толық жетілген, сабақтың әр кезеңінде қандай өлшемде оқушылардың танымдық қызметі жандандырылды, олардың білімі, біліктілігі және дағдысы қаншалықты әділетті бағаланды, теорияның практикамен байланысы қалай жүзеге асырылды, оқытудың мазмұны мен әдістері қаншалықты сәтті үйлестірілді. Оқытудың дәстүрлі және жаңа түрлері, техникалық құралдары қолданылды, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, жағдайы мен қабілеттерін ескеру үшін не істелді.
2 бағыт: Сабақтың тәрбиелік әсерін талдау: сабақта саналы-адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ойы, дене дамуына, еңбек тәрбиесіне және оқушылардың кәсіптік бағдарына, білім әлеуметтік құбылыстарға, елі, республика, өлкен, қалан, ауыл, мектеп, сынып өміріндегі оқиғаларды зерделіп, бағалауға оқушылар арасында тәрбиелік қарым-қатынастар қандай екенін белгілеу.
3 бағыт: Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін және ерекшеліктерін тиалдау: сабақтың әр түрлі кезеңдерінде мұғалімнің қандай өзіндік қасиеттері көрінді (педагогикалық этикасы, сыртқы түріә, эстетикалық сипаты, сөйлеу, өзін-өзі ұстауы, беделі, сыныппен қатынас орнатуы, жандандыра білуі, тани білуі, өз қателерін анықтауы, өз жұмысының нәтижесіне талдау жасауы, бағалауы, түзетуі.
4 бағыт: Оқушылардың сабақтағы қызметін талдауы: балалардың тәрбиелік және білімділік деңгейін ескеруі, бұрын болған нәтижелерді жалғастыруы, сабақтағы жұмысқа оқушылардың қабілеттілігі, ойлауы, өздік жұмыстарды орындауы, жолдастарына көмек көрсете білуі, талаптылық, қызығушылықтың нақтылығы, теоряны практикада қолдана білуі.
Сабақты психологиялық-педагогикалық талдауы. Үлгілі кестесі:
Сабақ туралы жалпы мағлұматтар. Мерзім, сынып, пән, тізім бойынша оқушылар саны, қаншасы қатысты, реті бойынша қандай сабақ.
- Сыныптағы жағдай: тазалық, бөлменің жарықтығы, ауасы тазартылған ба, сыныпты ретке келтіру, оқушылар сабаққа дайын ба.
- Құрал-жабдық: көрнекіліктер дайын ба, олардың мақсатқа сәйкестігі, және сабаққа қажеттілігі, тақтаның дайындығы. Сабақ қалай басталды, мұғалімді оқушылар қалай қарсы алды, сыныпты ұйымдастыруға уақыт қажет болды ма, жүйелілік пен тәртіп орнату.
- Сабақтың тақырыбы: мақсаты- қалай анықталды, оқушыларды мақсат-міндеттерімен таныстырды ма, қалай жүзеге асырылды.
2. Сабақтың түрі және құрылымы. Қандай түрі негізге алынган. Тақырыптың тұтас және оқудың дидактикалық мақсаты көзқарасында алынғанының мақсатқа сәйкестігі. Тұтас тарау бойынша оқу жүйесіндегі сабақтың орны. Сабақтың өткенмен байланысы; ол қалай жүзеге асырылады. Сабақтың құрылымы берілген сабақтың түріне сәйкес келе ме, қандай ауытқылар болды, олар қалай пайда болған.Сабақтың жеке кезеңінің жүйелілігі. Тұтастықтың қамтамасыз етілуі және сабақтың аяқталуы. Қорытындысы қалай жасалады.
3. Сабақтың мазмұны. Мазмұнның бағдарламаға сәйкестігі. Оқу материалы қазіргімен, мектеп ортасымен байланымсты болуы. Тәрбиелік сипаты қандай. Интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы, адамгершілік және эстетикалық сезімі қалай жүзеге асырылады.
4. Сабақты оқыту әдістері мен тәсілдері. Әдістердің қандай жүйесі қолданылды, онда қандай әдістер мен тәсілдер үйлесім тапқан.Оқыту әдістері тәрбиелеу мақсатына сәйкес па. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар қалай сақталады: тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық. Сабақта оқушылардың логикалық ойлауы, өз бетімен жұмыс істеуі қалай жүзеге асырылады. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау дағдылары. Оқушылардың білімін бағалау жолдары.
5. Оқушылардың мінез – құлқы. Оқушылар белсенді ой еңбегіне қаншалықты қатыстырылған. Оқушылар қаншалықты мүдделі, ұқыпты, тәртіпті. Барлық сабақ бойы білімнің қисындылығы қалай жүзеге асырылған, осы мақсатқа арнайы тәсілдер қолданылды ма. Оқушының мұғалімге қарым- қатынасы.
6. Мұғалімнің мінез-құлқы. Сыныпты ұстай білу, оның жұмысын ұйымдастыру, белсенділігін, ынтасын арттыру, тәртіп сақтау, жеке әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, олармен қарым – қатынас жасау. Жұмыстағы стилі, сөйлеуі. Педагогикалық әдептілік. Байқағыштығы, тапқырлығы, эмоциалық сезімде болуы. Тіл мәдениеті, мимикасы, беделі.
7. Сабақтың нәтижесі. Тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жету. Жоспардың орындалуы. Оқушылардың білімінің мөлшері мен тәрбиелік, білімдік және дамытушылық мәні. Басқа мұғалімдерді практикаға кірістіруге берілген сабақтан қандай маңызды нәрсені ұсынуға болады. Сабақты қалай пысықтауды және сапасын жетілдіруді, кемшіліктерді қалай женуді мұғалімге ұсыну.
Өз өзін талдау – сабақтың тұтас бейнесін және оның әр бөлігі нәтижесінің себептерін ойлау, талқылау, сабақтың әбден жетілуін белгілеу.
Өз сабағына талдау жасау үлгілі кестесі
1 кесте:
Тақырыбы
Сабақтың типі (түрі)
Сабақтың үш типті мақсатына талдау жасау
білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруда қандай дәрежеге жетуге болады;
қандай тәрбиелік ықпал жасауға болады;
қандай сапаны, қасиеттерді дамытуға (әбден жетілдіруге болады) болар еді
Сабақтың бастапқы идеясын сипаттау:
Оқу материалының мазмұны неде;
Оны оқушылар қалай игереді екен: қандай әдістер, формалар қолданды, өз бетімен жұмысқа қандай көлемде тапсырмалар берілген, қандай материалды мұғалімнен көмек арқылы ұғыну керек, қандай материал ұғынуда қызықты, қиын, жеңіл болады;
Тәрбиелік және дамытушылық аспектілері қалай іске асырылды
Сабақтың әр оқу-тәрбиелік жағдаятына сипаттама беру:
қандай дидактикалық міндет біріңғай үш мақсатқа байланысты шешілді,
оқу материалының мазмұны осындай бағытта, көлемде болуына дәлелдеме қандай болуы мүмкін,
мұғалімнің рөлі, оның әрекеттері,
оқушылардың рөлі, олардың іс-әрекеттері,
әр оқу-тәрбиелік жағдаятка қорытынды нәтиже қандай.
Үй тапсырмасы:
сабақта үй жұмысын ұсынудың орны,
үй жұмысын орындауға түсіндіру жұмысы болды ма,
үй тапсырмасының қандай түрлері ұсынылды (міндетті, өз таңдауымен, еркін, озып оқыту, шығармашылық, саралап-сараптап...),
мұғалімнің ойынша, қандай тапсырмалар негізгі, келесі сабақта қайсысын ерекше тексереді.
Сабақтың мақсатына жеткеніне қорытынды жасау. Жеетістіктері мен кемшіліктеріне қандай ұсыныс береді.
2 кесте:
1.Сабақтың біріңғай үш дидактикалық мақсаты қалай белгіленді, сабақта ол қалай ескерілді?
2.Сабақтың құрылымы қандай болды, ол сабақ типіне сай болды ма?
3.Оқушылардың білім, іскерлік, дағды (компетенциялары) деңгейлерін белгілеу жұмысы қалай жүргізілді:
- игерген білімдерін айқындау,
- оқу материалын түсінгенін белгілеу,
- теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу.
4. Жаппай сұрақтарға жауап беруде оқушылардың ойлау әрекеті қалай белсендірілді:
-мұғалімнің сұрақтарды нақтылап қоюында,
- нақты мысалдар келтіруінде,
- проблемалық жағдаят туғызу,
- белгісіз жағдайда алған білімдерін қолдана білуін тексеру,
- тәжірибелік міндеттерді шешу арқылы.
5. Сұрауда қандай түрлерін мұғалім қолданды:
- фронтальды (жаппай)- ауызша, жазбаша;
- жеке дара )- ауызша, жазбаша;
- кіріктірілген;
- интерактивті әдістер;
- басқа түрлері: диктант, тест, өздік жұмыстар т.б.
6. Оқушылар оқу материалын терең, толық, саналы меңгеруіне қандай қорытынды жасайсыз?
7. Жаңа материалын зерттеуде қандай мақсат қойдыңыз:
- оқушыларға ақпарат беру,
- зерттеу материалын ұғынуда салыстыру, жүйелеу, топтастыру әрекеттеріне үйрету,
- теориялық мәліметтерінің тәжірибедегі орны қандай екенін көрсету.
8. Жаңа материалды үйрету қалай ұйымдастырылды:
- дәріс арқылы,
- әңгімелесу,
- жағдаятты шешу, т.б.
9. Жаңа материалды ұғынуда оқушылар белсенді таным іс-әрекетке қалай қосылды:
- конспект жазу арқылы,
- проблемалық сұрақтарға жауап беру арқылы,
- теориямен өз бетімен танысу арқылы,
- стандарттан тыс жағдаяттар түғызу арқылы.
10. Жаңа материалды оқушылар түсінгенін қалай білдіңіз?
11. Жаңа материалды игеруде сабақтың қандай бөлігі өте жақсы, тиімді болды? Қандай кемшіліктері болды?
12. Жаңа материалды бекітуде қандай мақсат қойдыңыз, оны қалай шештіңіз?
13. Сабаққа жалды қорытынды жасау. Өз өзіңе деген ұсыныстар қандай?
3 кесте.
Сынып-----------------------------------------------------------------------------
Сабақ тақырыбы-----------------------------------------------------------------
Сабақтың түрі және оның құрылымы----------------------------------------
Бұл сабақтың тақырыптағы орны қандай? Бұл сабақтың алдыңғы сабақтармен байланысы қандай, бұл сабақ келесі өтетін сабақтарға қалай әсер етеді?
Сыныптың психологиялық-педагогикалық сипаттмасы (жақсы оқитын, нашар оқитын оқушылардың саны). Сабақты жоспарлауда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаты қандай (оны оқытып үйрету, дамыту, тәрбиелеу объектілері), сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсатының жетістіктеріне баға беру, сабақтың нақты көрсеткіштерін негіздеу.
Сабақ мақсатына сәйкес оқытып-үйретудің әдістерін, мазмұнын., түрлерін таңдау. Сабақта оқытып-үйретудің қорыныдысына сүйене отырып ең басты кезеңін анықтау және оны толығымен талдау.
Сабақтың барлық кезеңдеріне бөлінген уақыт ұтымды қолданылды ма? Осы кезеңдер арасындағы байланыстар қисынды ма?
Сабақтың мақсатына сәйкес дидактикалық материалдар, техникалық оқу құрал-жабдықтарын, көрнекі құралдарды таңдау.
Оқушылардың білімді, білікті және дағдыны бақылауы қалай ұйымдастырылған?
Сабақтағы психологиялық жағдай және оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы.
Сабақтың нәтижесін сіз қалай бағалайсыз? Сабақта қойылған барлық міндеттерді іске асырдыңызба? Егер іске асырылмаса, неліктен?
Өз қызметіңіздің болашағын көрсетіңіз.
Талдау ережелері:
Бір біріне құрмет көрсету, сыйластық қатынасты орнату (Мен Сізді дұрыс түсіндім бе?)
Сабақта жақсы жақтарын табу
Қысқа және логикалық байланыспен талдау жүргізу
Басқаларды тыңдаңыз, қайталаңбаңыз
Диалог құруға бағыттаңыз
Болған сабаққа қарсылық білдіру емес, оған талдау жүргізу
Мұғалімді үйрету емес, оған ұсыныс білдіру, сабақты әбден жетілдіруге көмектесу.
Сабаққа қатысу мақсаттарын топтастыру
Уақыт жағынан (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, күнделікті, қорытынды). Мектептің мақсат-міндеттеріне, әдістемелік қызметтің өзгешеліктеріне, Педагогикалық Кеңестің жоспарына байланысты жүргізіледі.
Талдау аспектілерінің көлемі, және тереңдігіне байланысты:
- кең мақсаттылығына, жалпы дидактикалық бағыттылығына қарай (таным қызығушылығын дамыту, жалпы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру);
- локальды мақсаттарды қоюы (ауызша сөйлеу әрекеттердің дамуы, сабақта оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруы);
- мазмұны бойынша жә»не оқу бағдарламаның нақты сұрақтарына бағытталуы ( математика сабағында оқушылардың тез арада санау қызметтерінің деңгейі, тарих сабағында тарихи еңбектермен жұмыс істеуі т.б.).
Сабақты талдау сызбасы
Күнi
Сынып
Пәні
Мұғалiмнiң аты-жөнi
Сабаққа қатынасу мақсатым
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақтың жабдықталуы:
Сабақтың типі
Оқушыларды сұраудың схемалық кестесi
А)тiзiм бойынша.........
1-қатар 2-қатар 3-қатар
Ә)сабаққа қатынасқаны.......
б)сабақта сұралғандары........
Қойылған баға:
А)барлығы:
Ә) «5»- «4»- «3» - «2» -
Б) әдiл
В) әдiлетсiз
Уақыт Сабақтың кезеңдері Оқытудың түрлері мен әдістері Мұғалiмнiң әрекетi Оқушы жұмысы ескертулер
Қорытындылар және ұсыныстар:.......................................................................................................................................................................
................................................................................................................................................................................................................
Сабаққа қатынасушының қолы:
Қорытынды және ұсыныспен танысқан мұғалiм:
Сабақты бақылау және бағалау парағы
Күні____________Сынып__________ Оқушылардың саны_________ Қатысқаны _______________
Мұғалімнің аты-жөні ____________________________________________Пәні ____________________________________
Тақырыбы ______________________________________________________________________________________________
Мақсаты:_______________________________________________________________________________________________
Сабаққа қатысу мақсаты:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұғалімнің іс әрекетіне қойылатын талаптар Баға Оқушының қызметіне қойылатын талаптар Баға
жақсы Қанағат
танарлық Қанағатсыз
данарлық жақсы Қанағат
танарлық Қанағатсыз
данарлық
Сабақты ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабақ барысындағы зейіні:
Сабақ басында
Сабақ барысында
Сабақтың соңында Білімді тексеру, қайталау 3. Баяндаудың теориялық деңгейі:
а) ғылымилығы;
б) қисындылығы;
в) жүйелілігі;
г) бір ізділігі; Оқушылардың белсенділік танытуы:
-сұрақ жауап
-жаңа сабақ барысында
-бекіту барысында Білім негізі
Білім, білік дағдыларының берілуі 4. Тақырыпты аша білуі, эмоциялылығы 4. Өзіндік ойын жеткізе білуі 5. Тақырыптың толық ашылуы 5. Тақырыпқа деген қызығушылығы 6. Оқушылардың зейінін аудара білуі 6. Сөйлеу мәнері 7. Сабақтың тәрбиелік мәні 7. Еңбек мәдениеті 8. Сабақта ЖТ және АТ, дидактикалық материалдардың қолдауы 8. Оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасы 9. Мұғалімнің сөзі;
а) білімді;
б) нақты; 9. Өзара және өзіндік бақылаудың жүзеге асуы 10. Тәртібі:
а) сабаққа дайындығы
б) сұрақтарға жауап беру барысында
в) өзіндік жұмыс барысында
г) түсіндіру барысында
д) үй тапсырмасын беру барысында
е) қоңыраудың соғылуына реакциясы 10. Педагогикалық такт 11. Жеке және диффе-ренциалды подход 12. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы:
а) мақсаты;
б) мазмұны;
в) әдісі. 13. уақытты есепке алуы 14. үй тапсырмасы 15.Сабақты қортынды-лау және оқушыларды бағалау 16.Мұғалімнің ұсыныстары Сабақты талдау кестесі
Сынып___________________ Күні ____________ Пәні _______________________________________
Тақырыбы_____________________________________________________________________________
Сабақтың мақсаты________________________________________________________________________
1. Мұғалім жаңа тақырып бойынша оқушылардың мотивациясын қамтамасыз етеді ме? Ол үшін қандай тәсілдерді қолданады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
2. Сабақ барысында қандай мақсат жүзеге асырылады (астын сызыңыз)
- білім, білік дағдаларын қалыптастыру
- алған білімдерін қолдана білуі,
-шығармашылық тапсырмаларды орындач.
Оқушының жеке дамуын қамтамасыз етуде, оқыту кезеңдерінің мақсаттары сай келуі
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
3. Сабақ барысында мұғалімнің қойған мақсаттарының жүзеге асырылуы
бағалаңыз ( 10 ұпай бойынша)
4. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың төменде көрсетілген қабілеттердің қайсысының дамуына көңіл бөледі? (астын сызыңыз):
Қабылдау, зейіне, елестету, ойлау, жады, сөйлеу, өзін-өзі бақылау
бағалаңыз ( 8ұпай бойынша)
5. Сабақ барысында тәрбие міндеттері жүзеге асырылады ма?________________________________________
Cабақтың қай кезеңдерінде_______________________________________________________________________
бағалаңыз ( 8 ұпай бойынша)
6. Оқушының іздену қабілетінің дамуы сабақ барысында қалай жүзеге асырылады? Репродуктивті («оқып бер», «мазмұндаи», «қайтала», «есіңе түсір» сұрақтарына жауапты талап ететін тапсырмалар) _________;
Ізденуді: («дәлелдеи», «түсіндір», «бағала», «салыстыри», «қатесін тап » сөздерін талап ететін тапсырмалар саны______________; бағалаңыз (10 ұпай бойынша)
7. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту үшін, төменде көрсетілген танымдылық әдістерінің қайсысын қолданады(астын сызыңыз) Бақылау, ақпарат іздеу, талдап сараптау, оқу, тәжірибе немесе _________________ бағалаңыз ( 10 ұпай бойынша)
8. Сабақ барысында қандай оқыту құралдары қолданылады? Атаңыз__________________________________
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
9. Көрнекіліктердің сабақ барысында қолдануы және мақсаты (астын сызыңыз):
Иллюстрация ретінде, тапсырмаларды орындау үшін.
Көрнекі құралдар: өте көп, орынды, жеткіліксіз қолданды
бағалаңыз ( 8 ұпай бойынша)
10. Сабақтың қызметін кім ұйымдастыруда (астын сызыңыз):
Тек мұғалім, оқушылардың өздері , сабақтағы жағдаяттарға байланысты.
бағалаңыз ( 8 ұпай бойынша)
11. Сабақ барысындағы оқушылардың көңіл күйі қандай? ________________________________________________
Ол мұғалімнің көңіл күйіне сәйкес келеді ме? (иә, жоқ)
бағалаңыз ( 8 ұпай бойынша)
12. Мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен қарым -қатынасы (астын сызыңызе): авторитарлы, анархиялық
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
13. Мұғалімнің сабақ барысында жаңашыл технологияны қолдануы: жүйелі түрде, элементтері
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
14. Қолданатын технологияның тиімділігі: ______________________________________________________
бағалаңыз ( 5 ұпай бойынша)
Сабақ бойынша қортындылар мен ұсыныстар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
80 ұпай – Жоғарғы санат
70 ұпай – Бірінші санат
60 ұпай – Екінші санат