Саба? жоспары: Фигураларды салу (7 сынып)


Күні: 18.02.2016ж
Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютер, стикерлер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аударту.
2.Үй тапсырмасы1. Компьютерлік графика дегеніміз не?2. Inkscape терезесі қанша элементтен тұрады?3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?4. Растрлық графика дегеніміз не?5. Векторлық графика дегеніміз не?6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?
3.Жаңа сабақ
Inkscape графикалық редакторында фигураларды салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.
Inkscape-те қандай фигураларды салу қажет екенін анықтаңдар.
-1123952844800Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:
Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.
Көлемді тікбұрыш параллелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.
Эллипс эллипстердің, доғалдардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.
Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.
Спираль спиральдарды салады.
Тікбұрыш құралы
Тік төртбұрышты салуға жататындар:
Сурет салу кезінде тәжірибе өткізіңдер – Ctrl, Shift пернелерін ұстап тұрыңдар. Тік төртбұрыш қандай өзгеріске ұшырады?
Параметрлер панелінде дөңгелектелген бұрыштардың көлденең және тік радиустарын 20-ға өзгертіңдер-сендерде дөңгелектелген бұрыштармен тік төртбұрыш пайда болуы керек.
Тікбұрыш құралы үшін параметрлер панелінде тағы қандай баптаулар бар?
Әрбір салынған фигура контурында ромбтар бар. Ол-түйіндер.
Параметрлер панелін қолданып, 20мм ені 30мм ұзындықтың нақты мәнін анықтаңдар. Ол үшін өлшем бірлігі ретінде тізімнен мм-ді таңдаңдар.
Эллипс құралы
Эллипс құралын пайдаланып, сегмент алуға болады (екі радиусы бар, жабық эллипс, 47а-сурет) немесе доға (жабық емес эллипс 47ә-суреті)
Көпбұрыш құралы
Екі режімде: дұрыс көпбұрыш және жұлдыз режімінде жұмыс жасай алады.Режімді параметрлер панелінде таңдауға болады.

Спираль құралы
Спиральдың орамдарынан басқа (51-сурет), орамдар арақашықтыңын қаншалықты біркелкі өзгеретіндей етіп және ішкі орамның радиусын орнатуға болады.
4.Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А-деңгейі
Inkscape редакторын қосыңдар.
Масштабын өзгертіңдер: Түр-Масштаб-Бет.
Көлемді тік төртбұрыш етіп салыңдар (барлық бұрыштар -30). Түйіндерін тасымалдап, олардың қызметін анықтаңдар.
Спиральға қанша максималды орам санын беруге болады?
Спиральдың ішкі радиусын 0,999 деп қойса, не болады?
Спираль құралын пайдаланып, 53-суреттегідей кескін жасаңдар.

Құжатты өз бумаларыңда Inkscape SVG пішімінде «Көктем»деген атаумен сақтаңдар.
В-деңгейі
А-деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
Күн салыңдар. Көпбұрыш құралын қолданыңдар.
Құйып бояу мен жиектеу сұхбатын ашыңдар.
Жиектеуді өшіріңдер.
Құйып бояудың шайылуын 3 деп орнатыңдар.
Өзгерісті сақтаңдар.
С-деңгейі
В-деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
Тібұрыш және Эллипс құралын пайдаланып ағаштың суретін салыңдар.
Күн мен ағаш кескінін сәйкестіріңдер.Күн алдындағы планда болуы үшін Нысан-Көрсету бұйрығын орындаңдар.
Өзгерісті сақтаңдар.
5.Сабақты бекіту
Inkscape графикалық редакторында фигураларды салуға арналған қандай құралдар бар?
Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңнің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?
5 тармақты жұлдыз жасау алгоритмін орындаңдар.
6.Сабақты қорытындылау
Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдар мыналар: тікбұрыш, ауқымды бұрыш, эллипс, көпбұрыш, спираль.
Тікбұрыш құралы үшін бұрыштардың дөңгелектелуін параметрлер панелінде Алып тастау батырмасын басу арқылы.
Көпбұрыш және спираль құралдары үшін-Тастау батырмасын басу арқылы.
Эллипс құралы үшін- Фигупаны бүтін эллипс ету батырмасын басу арқылы қол жеткізуге болады.
7.Үйге тапсырма
§22. Фигураларды салу. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.