О?у жетістіктерін сырттай ба?алау?а дайынды? жоспары


№271 орта мектеп
Оқу жетістіктерін сырттай бақылауға дайындық жоспары
Пәні: Физика
Мұғалім: Аукенова Айдана
Қызылорда 2016-2017 жыл
Түсінік хат
Жалпы жоспар 9 сынып оқушыларына арнап жасалған. Аптасына 1 рет барлығы 34 сағат.
Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физиканың ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.
Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраукшысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға ие болып отыр.сөйтіп,мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады.Бұлар мектептік физика курсының білім берудегі ең басты мәнін анықтайды.
Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды: оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы ролін ашу;табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына,жеке тұлғаның құндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғышарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарына оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай ОЖСБ) Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына және ҚР «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге байланысты енгізілген болатын.
Мектептерде ОЖСБ білім беру қызметінің сапасын бағалау және негізгі орта білімнің (9-сыныптан кейін) оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Мақсаты: 1. 9 сынып мектеп бітірушілерді ОЖСБ – ға сапалы дайындау;2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу;
 
Міндеттері: -Соңғы нәтижеге бағытталған мұғалім құзырлығының іске асыруда педагогикалық ұжымды белсенділеу;
-Ата – аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-Әр оқушының адамгершілік және шығармашылық потенциал, танымдық талаптарын көрсету;
-«Мектеп бітірушінің психологиялық сүйелдемесі» психологиялық жұмысын ұйымдастыру;
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
- Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
- Білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметі сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
Күтілетін нәтиже:- оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;- қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;- ОЖСБ-дан жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:- физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс;- алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу;- физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;- сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;- физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;- физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.
№ Бөлім № Тақырып № Тақырыпшалар
01 Механика 01 Кинематика негіздері 01 Механикалық қозғалыс. Материалдық нүкте. Жол және орын ауыстыру
02 Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс. Жылдамдық. Орташа жылдамдық
03 Бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
04 Қозғалыстың графиктері
05 Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі
06 Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Центрге тартқыш үдеу
02 Динамика негіздері 01 Масса. Инерттілік. Заттың тығыздығы. Ньютон заңдары (Ньютонның 1-заңы. Дененің массасы. Инерттілік. Заттың тығыздығы. Ньютонның 2-заңы. Күш және үдеу. Ньютонның 3-заңы)
02 Табиғаттағы күштер (серпімділік күші, үйкеліс күші)
03 Ауырлық күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
04 Салмақ және салмақсыздық. Асқын салмақ
03 Жұмыс. Қуат. Энергия 01 Тұрақты күш жұмысы. Қуат
02 Кинетикалық энергия (Дене энергиясының жұмыс орындалған кездегі өзгерісі)
03 Потенциалдық энергия (Ауырлық күштің жұмысы)
04 Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы (Серпімділік күштің жұмысы)
04 Сақталу заңдары 01 Дене импульсі. Күш импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс
02 Механикалық энергияның сақталу заңы
03 Жай мезанизмдер. Иіндіктің тепе-теңдік заңы. Күш моменті. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті
05 Механикалық тербелістер 01 Еркін және еріксіз тербелістер. Гармоникалық тербелістер. Тербеліс периоды, жиілігі,амплитудасы және фазасы
02 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
03 Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Резонанс құбылысы
06 Қысым 01 Қысым. Гидростатикалық қысым. Атмосфералық қысым. Паскаль заңы.
02 Архимед заңы.
02 Молекулалық физика. Термодинамика негіздері 01 Молекула-кинетикалық теорияның негіздері 01 Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Броундық қозғалыс
02 Термодинами-ка негіздері 01 Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
02 Жылу мөлшері.Заттың агрегаттық күйінің өзгерісі. Булану, конденсация, қайнау, балқу және кристалдану. Жылу балансының теңдеуі.
03 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы. Қаныққан және қанықпаған булар.
04 Жылу қозғалтқыштары.Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.
03 Электродинамика 01 Электростати-ка01 Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.
02 Кулон заңы.
03 Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
04 Электр өрісінің потенциалы. Потенциалдар айырымы. Электр өрісінде заряд орын ауыстырған кездегі электр күштерінің жұмысы
02 Тұрақты электр тогы 01 Электр тоғы. Ток күші. Кернеу. Кедергі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
02 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Ток күші және кернеуді өлшеу
03 Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы03 Магнит өрісі 01 Магнит өрісі. Магнит өрісінің индукция векторы. Магнит өрісінің күш сызықтары
02 Заттардың магниттік қасиеттері.
04 Оптика 01 Жарық қасиеттері 01 Жарық . Жарық жылдамдығы. Жарықтың таралуы.
02 Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Жазық айна.
02 Геометриялық оптика 01 Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жұқа линза формуласы. Линзада кескін алу.
02 Көз-оптикалық жүйе. Оптикалық аспаптар.
05 Астрономия негіздері01 Астрономия негіздері01 Күн жүйесінің құрылысы. Күн жүйесінің планеталары02 Планеталардың қозғалысы және Күннің жылдық қозғалысы03 Күн. Күннің және айдың тұтылуы07 Функционалдық сауаттылық 01 Қолдануға арналған тапсырмалар01 Механика
02 Жылу құбылыстары03 Электр құбылыстары04 Электромагниттік құбылыстар05 Жарық құбылыстары06 Астрономия негіздері02 Анализге арналған тапсырмалар01 Механика
02 Жылу құбылыстары03 Электр құбылыстары04 Электромагниттік құбылыстар05 Жарық құбылыстары06 Астрономия негіздері03 Синтезге арналған тапсырмалар01 Механика
02 Жылу құбылыстары03 Электр құбылыстары04 Электромагниттік құбылыстар05 Жарық құбылыстары06 Астрономия негіздері