Сыныптан тыс саба? ?ызы?ты математика


«Қызықты математика»елінде Мақсаты:Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білімін, білік дағдыларын дамыту, өз ойларын еркін жеткізу. І тур 1. Қолтырауын көбелекке жетуге жұмыстанып жатыр. Бір минутта ол көбелекке екі метр жақындап, келесі минутта кейін бір метр артқа жылжиды. Солай келесі минуттарда қайталана береді.Сонымен ол 10метр қашықтықта тұрған көбелекке қанша минутта жетеді. 2. Теңбе-теңдік орындалуы үшін жақшалар мен амал таңбаларын қойыңдар:9999999 = 100
3.Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем.
4.Кез келген санның 0дәрежесі.
5. Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? 6.Бас бармақ пен ортаңғы саусақты кергендегі аралық. ІІ тур 1. Тиіннің дайындаған жаңғақтары саңырауқұлақтарға қарағанда 2 есе көп еді. Содан кейін ол тағыда 8 саңырауқұлақ әкелгенде, саңырауқұлақ жаңғақтардың санымен бірдей болды.Тиін қанша жаңғақ дайындаған. 2. Теңбе-теңдік орындалуы үшін жақшалар мен амал таңбаларын қойыңдар:8 8 8 8 8 8 8 = 100 3.Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем. 4.Кез келген санның бір дәрежесі. 5.Шопанның барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүргені су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар. 6.Бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық. ІІІ тур 1.Жолдас үш баланың жастарының қосынды 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады. 2.Теңдіктің сол жақ бөлігіне теңдіктің мәнін қанағаттандыратындай арифметикалық амалдарды қойыңдар: 3 3 3 3 3 3 = 1000
3.Бір цифрдың орнын ығыстырғанда теңдік орындалатындай болуы керек.33 + 6 = 33 4.Үнді шәйі есебі:Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың. 5.Әсем поездың басынан есептегенде 7 вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Поезда неше вагон болған? 6.Сағат 22-00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннін жарқырауы мүмкін бе? ІV тур.Мақал- мәтелдер сайысы V тур.Пингвиндер сайысы. Көрермендерге кезек 1.Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақтар келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, екеу ара тартсаң, бір табақ жетпей қалады, ал үшеу ара тартсаң, бір табақ артық қалады. Не істеу керек екен, Сонда табақ қанша, қонақ қанша. 2.Анасы 16 мандарин сатып алған. Оның жартысын Марат жеді. Самат 2 мандарин жеді, ал қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеді. 3.Әлемдегі ең бай адам. 4.Адам қандай жолмен жүрмейді. Тыңдағандарыңызға рахмет!