Сынып са?аты Адамшылы? шуа?ы с?нбесін


“РУХ пен НӘПСІ” Адамның ішінде болмайды аласы,Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Бұлттағы бірінші тапсырма.Баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығына бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Сухомлинскийдің “Ата-ана педагогикасы”кітабынан бір оқиғаны айтып берейін 92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп береді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарына жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіріп, машинаны жұмысқа қоя берді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалдық құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады. Бұлттағы екінші тапсырма.Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай. Бұлттағы үшінші тапсырма.Рухани адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік.Ата-анамды сүйемін, туған жерімді сүйемін, Отанымды,достарымды сүйемін.