Мені? педагогикалы? концепциям. жа?а ?діс-т?сілдер ар?ылы саба?ты тартымды ету.
Қуттугожин О.С.Тарих, құқық және дінтану пәнінің мұғалімі
13 желтоқсан 1966 ж. Қазақ
Педагогикалық өтілім – 21 жыл
Осы лауазым бойынша -15 жыл
Осы білім беру ұйымында -19 жыл
Білімім: Жоғары (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті.1999ж)
Менің педагогикалық концепциям
«Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалану жолдары»
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты заманның жаңа талаптарына сай мектеп үрдісіне де қойылатын талаптар күрделене түседі. Дидактика оқушылардың білім мен дағдысын қалыптастырып қана қоймай, дамыта оқыту үрдісін құру жолдарының ғылыми педагогикалық негіздерін жаңартуды да қарастырады. Яғни, оқушылардың білім дағдыларын жоғары дәрежеге жеткізу мақсатында, жаңа технологиялар мен әдістерді ұсынады.
Бала дамуына ең алдымен оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер етеді.Әдетте мектеп жасындағы балалардың оқуға қатынасы, сабақ үлгерімі олардың ішкі жан дүниесіндегі сол нәрсеге тартымдылығына байланысты болады.Негізінен, мектептерде баланы оқытуға тартудың бір тәсілі – оларды осы нәрсеге қызықтырып,одан қандай да бір әсер алуға бар мүмкіншілікті тудыру.
Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану,оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін пайдаланып, сабақтың сапалы, қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер,түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдер инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі тиіс. Ал жаңа технологияны пайдалану- міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.
Тарих сабақтарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта тарих мұғалімі сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы,оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өздігінен жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері де мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Оқушылардың оқу үлгерімінің дамуына жағдай жасайтын оқу қызметін ұйымдастыру формалары.
Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды.
Осыған орай мектепте тарих пәнін бастау сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеудегі, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына басты назар аударылуда. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білімнің дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады. Оқытудың механикалық естілуінен - ақыл-ой процесінің дамуына статистикалық білім модулінен динамикалыққа, орта білетін оқушыға бағдарлап оқытудан саралап және даралап оқытатын бағдарламаға оқытудың сыртқы мотивациясының ішкі адамгершілік еркін басқаруға мектеп және қоршаған ортасының шығу процесіне басым бағыт беріледі.
Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын білім объектісі ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім объектісі ретінде – оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Жаңа білім моделіне көшудің бұрынғы жүйеден айырмашылығы оқушының жетістігінің өлшемдері жасалады. Оқыту нәтижесі барлық пәндік түйінді компетенциялар түрінде беріліп, оқушылар білімін өлшеу, яғни бақылап-бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бақылау, тест жұмыстары түрінде көрсетіледі.
Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оны жан-жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап, даралап, оқыту әдістерін жүзеге асыру барысында көрініс табады. Мұнда әртүрлі деңгейде (көбіне 3 деңгейде) үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест сұрақтары дайындалады. Бұл оқушы білімін сараптап, оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Білім деңгейінің жетістіктері дәстүрлі білім, білік, дағдымен қатар оқушылардың іс-әрекет қызметі салыстырмалы, бағалау, интерпретация, зерделеу, модельдеу, пікірталас т.б. түрінде көрініс табады.
Сонымен қатар өз сабақтарыма соңғы 2-3 жыл ішінде енгізіп жүрген тиімді технологияның бірі ол сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде және бүгінгі күні жаңа технологиялардың түріне жатады. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Бұл педагогикалық жаңа технологиялар тарих мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұсынады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Ойлау мен сараптау арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтардың ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, ойлау мен сараптау арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Өз тәжірибемдегі оқу деңгейі әртүрлі оқушылармен жұмыс.
Мен сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен көптеген жұмыс түрлерін жүргізуге тырысамын. Әрине, бұл жұмыс біржақты болғанда нәтиже бермейді. Ата-аналармен байланыста болып, түрлі тапсырмаларды үйге беруге тырысамын. Сонымен қатар сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыға уақыт беріліп, жауабын ауызша және жазбаша түрде орындауды талап етемін. Тапсырмаларды өздеріне тексертіп, қателерді табуға машықтандырамын. Картамен жұмыс, тест тапсырмаларын орындауға мүмкіндік жасаймын.
Қалай дегенмен кез-келген сыныпта оқуы төмен оқушылармен қатар дарынды оқушылар да кездеседі. Оқушының дарындылығын тек байқап қоймай, түрлі ілгерілеу тапсырмалар беріліп, жоғары талаптар қоямын. Өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаймын. Сонымен қатар дарындылығын анықтау мақсатында бақылаумен қатар түрлі диагностикалық тапсырмалар орындатамын. Тақырып бойынша толықтырулар мен жаңалықтарды үнемі орындауға талап қоямын. Жеке жұмыс жасауға толық мүмкіншілік беремін. Күрделі тапсырмаларды талдап орындауға үйретемін.
Әрине осындай жұмыстарының арқасында мектеп оқушылары түрлі аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, өз-өзіне деген, өз біліміне деген жауапкершілігі арта түседі.
Оқу қызметінің әдістемелік, дидактикалық жағынан қамтамасыз етілуі.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, оқу мен қуанышы қатар мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцианалдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін таңдап алдым.
Тарих сабағында оқу қызметін әдістемелік, дидактикалық жағынан қамтамасыз етілуі әрине ең бірінші кезекте мұғалімге байланысты. Себебі қазіргі ақпараттық, тез жылдам даму ғасырда көптеген оқу технологиялар мен әдістер арасынан нәтижеге бағытталған, сапа беретін, оқушыны жан-жақты дамыта алатын әдістер мен стратегияларды таңдап алу оңай шаруа емес. Сондықтан әр сабаққа даярлану ұстаз тарапынан шығармашылық пен шеберлікті талап етеді. Бұл жұмыста біздер үшін ең басты көмекшілеріміз ол әдістемелік журналдармен тәжірибелі ұстаздардың үлгі сабақтары, әр мұғалімнің сынып оқушыларын бақылауы, жұмыстың ең негізгісін, нәтиже мен сапа беретін стратегиясын таңдай алу шеберлігі.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.
Оқушылардың білім сапасының 2012-2014 оқу жылдарындағы мониторингі (тарих сабағы)
сынып
Оқу жылы
Оқу сапасы
1 2011-2012
54%
2
2012-2013
60%
3 2013-2014
68%
\s
Оқушыларымның жетістіктері
Мұғалім үшін оқушы жетістігін көру, ол өз қызметін бағалап қана қоймай, қайта жігерлендіре түседі. Менің сабақ берген оқушыларым бүгінгі таңда мектебімізде, жоғарғы буындарда және колледждерде, ЖОО-да өз білімдерін ойдағыдай көрсетуде. Сонымен қатар түрлі аудандық, облыстық жарыстарға, байқауларға қатысып жүр.
Куттугожин О.С.
2011-2014 оқу жылдар аралығы
2012-2015
мұғалім 1. 2014 жылы «Менің инновациялық сабағым» І Халықаралық оқытушылар сайысы. Диплом. ІІ-орын
2. 2014 жылы Облыстық ИПК «Өрлеу» Фестиваль-жәрмеңке. Сертификат
3. 2013 жылы «Любовь к родному краю» жинағы. Мақала «ХХІ ғасыр тарихы» 4-8 бет.
4. Республикалық басылым. Амантай Какен «Түркістан легионы», «Сафуан Шаймерденовтың ұстазы» 78-79 бет
5. 2013-14 жылдар Республикалық КИО. Сертификат
6. 2013 жылы «Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері», «Мектептегі тәрбие, қосымша білім» Сертификат
7. 2015 жылы 45minut.kz Сертификат.
2011-2014
оқушылар 1.2014 ж Аудандық патриоттық конкурс. Бегалин Еділ Мадақтама І-орын. Ақшалай сыйлық
2.2014 ж Аудандық «ІІ Абай оқулары» «Көңілім әнді ұғады» номинациясы. Хуспан Ажар. Грамота І-орын
3.2014 ж Облыстық сайыс «В краю белых берез» Аяп Айя. Сертификат
4. 2013 ж Аудандық олимпиада. Тасимов Шамиль. Грамота І-орын
5. 2011 ж Аудандық олимпиада. Балта Жамбыл. Грамота ІІІ-орын
6. 2014 ж КИО (күз-қыс) Шайкен Мадина. Сертификат ІІ-тур
7. 2014 ж КИО (күз-қыс) Батай Нұрайым. Сертификат ІІ-тур
8. 2014 ж КИО (күз-қыс) Аяп Айя. Сертификат І-тур
9. 2014 ж КИО (күз-қыс) Хаирнас Жазира. Сертификат І-тур
10. 2014 ж КИО (күз-қыс) Тасимов Шамиль.Сертификат І-тур
11. 2014 ж КИО (күз-қыс) Кожмурат Т. Сертификат І-тур
12. 2014 ж КИО (күз-қыс) Қасен Асқар.Сертификат І-тур
13. 2014 ж КИО (күз-қыс) Досымов Адиль. Сертификат І-тур
14. 2014 ж КИО (күз-қыс) Шамен Жанкелді.Сертификат І-тур
15. 2014 ж Республикалық олимпиада «Тарих ата»
Балғожа Рахат. Сертификат
16. 2014 ж Республикалық олимпиада «Тарих ата»
Тасимов Шамиль. Сертификат
17. 2014 ж Республикалық олимпиада «Тарих ата»
Досымов Адиль. Сертификат