Бейіндік о?ытуды? б?гіні мен болаша?ы д??гелек ?тел
Тақырыбы: Бейіндік оқытудың мәселелері ,болашағы,проблемалық жағдайлары
Мақсаты:
Бейінді-бағдарды анықтауға бағытталған танымдық және кәсіби қызметтің әртүрлі салаларына оқушылардың қызығушылығын, икемін, қабілетін анықтау; Оқушыларға өмірлік, әлеуметтік, құндылықтар жөнінде психологиялық-педагоикалық көмек көрсету; Болашақ кәсіби қызметіндетабысқа жететіндей танымдық және кәсіби білік, дағдылары мен негізгі құзырлылықтарын дамыту; Өзінің одан арғы білім алу бағыты мен кәсіби таңдауына жауапкершілігін қалыптастыру
Міндеті:
Оқушыларды бейінді оқытуға дайындық жүйесін ұйымдастыру; Бейінді оқыту үлгісін анықтау, бұл үрдістерді басқару механизмімен ұштастыру; Оқу материалдарын анықтау және оның сапасын сынақтан өткізу; Жеке іс-әрекеттегі кәсіби таңдау бағытында өзін-өзі анықтауы; Оқу үдерісінде тұлғаға бағдарланған іс-әрекет, құзіреттілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру; Оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастық пен іс-әрекеттің жоспарлы қарым-қатынасын ұйымдастыру; Оқушының өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалау тұрақтылығы мен нәтижелі білім алуына жағдай жасау.
Өткізу формасы: Дөңгелек үстел
Қатысушылар : аудан мектептерінен келген мұғалімдер
Барысы:
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру«Мен кіммін және мен неге сенемін?»
Әр қатысушы осы сұрақтарға жауап береді.
2.Дөңгелек үстел тақырыбы және мақсаттарымен презентация арқылы таныстыру
Білім беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болашақ мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының бағыты бойынша дайындау. Жалпы бейіндік оқыту дегеніміз не? Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар. Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады.
Олай болса , қазіргі заман талабына сай ерте жастан баланың тұлғалық ерекшелігін, жеке қасиеттерін, кәсіби икемін анықтауға көмектесетін, баланы жоғарғы сыныптағы немесе бастауыш, орта және кәсіптік білім беру ұйымында берілетін білімнің бейін-бағдарын өз бетімен саналы түрде таңдай алатындай бейін алды даярдық жұмыстарын жүргізу маңызды мәселеге айналады.
3. «Ортаға тастау» әдісі
1.Өз мектептеріңізде бейіндік оқыту жұыстары қалай ұйымдастырылуда?
2.Бейіндік оқыту жұмыстары бастауыш сыныптан бастау алғанына өзініздің қосар ойыңыз қандай?
3.Бейіндік оқытудың қандай проблемалары бар?
4.Осы проблемалардың шешу жолдары
Бейінді оқытудың проблемалары мен болашағы жайлы пікірлерін ортаға салады. Осыған байланысты, қазіргі таңда дайындалып жатқан мамандар үшін, бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдарын түсіндіреді
4.Рефлексия: «Чемодан,ет тартқыш,қоқыс жәшігі»
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға,бүгінгі дөңгелек үстелде керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне,бүгінгі алынған ақпараттарды толықтыруым керек десеңіздер еттартқышқа салыңыз
5.Кері байланыс : «Екі жұлдыз,бір тілек»
«М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: Бейіндік оқытудың мәселелері ,болашағы,проблемалық жағдайлары
1386840291247900
Бастауыш сынып мұғалімі Стамбекова Шынар Серікқалиқызы
2015-2016 оқу жылы