«?лтты? Біры??ай Тест-білім сапасыны? негізі»
Тренинг тақырыбы: «Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының
негізі»
Тренинг мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып,бойларына сенімділік ұялату.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,карточкалар,түрлі-түсті бояулар
Жүру барысы:1.Таныстыру /тренингке қатысушы қасында отырған жұбынының адами қасиеттерін айта отырып таныстыру/
2. Келісім шартқа отыру:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Бір-бірімізді сыйлаймыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
3. Негізгі бөлім: «Шағын топтармен жұмыс»/тренингке қатысушыларға түрлі фигуралар ұсыну арқылы 2 шағын топқа бөлеміз/
1. «Миға шабуыл» /Тренер ҰБТ туралы деректер оқып,артынан тапсырмалар береді. Карточкаларға тренингке қатысушылар өз жауаптарын белгілейді./
Келісемін Келіспеймін Білмеймін
Сұрақтары:
1.ҰБТ-мектеп түлектерінің білім дәрежесін көрсететін үлкен
сын;
2. ҰБТ-биыл Индербор кентінде өтеді;
3. ҰБТ биыл 1-10 маусым аралығында өтеді;
4. Мектеп түлектері бұл сыннан 7 пән бойынша сынақ
тапсырады;
5. Биылғы тестілеу уақыты 20 минутқа,яғни 200 минутқа
дейін ұзартылды;
6. Мен ҰБТ-ға толығымен дайынмын.
2. «Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау» /аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар үстел үстіне тасталады.Әр тренингке қатысушы карточкаларды алып өз жауаптарын береді/
1. Шынын айтсам,алдыңғы емтихандар туралы ойлағанда...;
2. Шынын айтсам,емтихандарға дайындалған кезде ...;
3. Шынын айтсам,келе жатқан емтихандық стресс туралы ұмытқан кезде;
4. Шынын айтсам,алдыңғы емтихандар туралы менің ата-анам уайымдап жүргені туралы ойлағанда мен ...;
5. Шынын айтсам,емтиханға дайындық үстінде ойларымды жинақтай алмаған кезде…;
6. Шынын айтсам,бұл емтихандар туралы естіген кезде ....;
7. Шынын айтсам,консультацияға келген кезде ...;
8. Шынын айтсам,мен үйге келгенде ...;
9. Шынын айтсам,мен уайымдаған кезде ...;
10. Шынын айтсам,осы тренингке қатысқан кезде ...;
3. «Өз жұлдызыңды тап» /арт терапиялық жаттығу/
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз.Үш рет демалып,үш рет дем шығарыңыз...(баяу музыка ойнап тұрады)
– Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кішкентай,жарық және сығырайған.Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар,ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап,біресе алыстайтын жарық нүктелер.
– Сол жұлдыздарға қарап ең кріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды,әлде бақытты,қуанышты,шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсіреді ме?Тағыда жұлдыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз!Сіз міндетті түрде оны аласыз.Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз,жақсылап қарап,оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап,төмен қарай аяқтарыңызды сипап,керіліп көздеріңізді ашуға болады.Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштарды,қағазды алып,жұлдызыңыздың суретін салыңыз.Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып,достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер.Олар сендерге білім жолында,барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар,олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды.Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді,ҰБТ-ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!
4. Сергіту сәті: «Балық, құс, аң» ойыны
5. Қорытынды: «Бір күннің қорытындысы»
Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз,өзіңіздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып,бір-бірімізге тілек тілейміз.бір кісі сөйлеп отырғанда,басқаларды мұқият тыңдау,сөзді бөлмеу,сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.
Талдау: 1. Өткен трениг сізге не өзгеріс алып келді?
2. Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз?
3. Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?
4. Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз?
Соңынан тренинке қатысушыларға алғыс айтылып, тренингтен естеліктер ұсынылады.